Әбілмансұрдың Абылай атануы

Әбілмансұрдың Абылай атануы

ХVІІІ ғасырдың бас кезінде қазақ – жоңғар арасындағы орасан жаугершілік кезең болды. Жоңғар феодалдары қазаққа үсті – үстіне шабуыл жасап, рулы елді құртып, адамдарын құл етіп, мал – мүлкін тонап отырды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Орал казактары мен башқұрттар тұс-тұстан қазақ ауылдарын шауып, талғамай талан-таражға ұшыратты.

1723 жылы жоңғар билеушілері қазақ жеріне сансыз әскермен басып кіріп, ойран салды. Қалың ел «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» аталған зұламатқа ұшыраған кезде Әбілмансұр он екі жаста еді. Ол аш – жалаңаш жүріп, зар жылаған халықты көзімен көрігені былай тұрсын, азап – бейнетін, кек пен ызасын, арман мен тілегін жамиғатпен бірге арқалаған ұлдардың бірі болды. Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы хандық билікке қол жеткізуді көздеп, орыстармен байланысқа шыққан кезде, қазақ жасақтарының жауынгерлік қуатына үлкен нұсқан келеді. Ел ішінде үлкен алауыздық асқынады, берекесіздік етек алады. Бұны білген жоңғарлар  қазақтарды келемеждеп, намысын таптап, жігерін құм қылу үшін дүбірлі жекпе – жектерге қазақ батырларын шақырады. Сондай жекпе – жектердің бірі де бірегейі 1731 жылы болады. Оған жауласқан екі жақтың хандары да қатысады. Осы жекпе – жекке жоңғарлар Қалден Серен ханының жақыны, атақты батыр Шарышты шығарады. Қазақ жасақтарынан оған қарсы шығуға ешкімнің жүрегі дауаламайды біраз тыныш тұрып қалса керек. Сонда Шарыш: «Ең мықты батырыңды шығар, болмаса туыңды жығып жеңілді де! – деп айбар шегеді. Осы кезде Сабалақ намысқа шыдамай, Әбілмәмбет ханнан сұранып сайысқа шығады. Ол майданға шыға сала «Абылай-лап, шауып барып Шарыштың басын шауып түсіріп: «Жау қашты, жау қашты!» деп, жоңғар тобына тұра ұмтылады, жиылған жұрт оның артынан лап қояды. Есі шыққан жоңғарлар алды – артына қарамай тым – тырақай қаша жөнеледі. Абыр – сабыр басылып, ел қайта жиналғанда Әбілмәмбет хан Сабалақтан: «неге Абылайлап ұран салдың?» деп сұрайды. Сонда ол «өз атым Әбілмансұр, мен қанышер атанып кеткен Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болатын атамның атын шақырғаным – жолым болар ма дегенім ғой» - дейді.  Сол орында – ақ  Әбілмәмбет оған атың «Абылай» болсын деп, үш жүзден тоқсан жақсыны ертіп барып, Жәнібек деген кісіден бата алыпты.
Ол Орта жүздің сұлтаны және әскери қолбасшыларының бірі ретінде ел басқару ісіне араласып, жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстардың алдыңғы шебінде шайқас жүргізеді.
Батыл да ақылды жауынгер Абылайдың есімі осыдан былай халық арасына кең тарады. Көп ұзамай оны билер мен батырлар да мойындап, аса қуатты көп рулардың біріне басшы етіп сайлады. Оның ордасы Көкшетаудағы, қазіргі Бурабай курорты тұрған жерде орналасты.
Абылай осынау қауіпті жағдайда Төле би мен және басқа да саналы саясаткерлер мен ақылдаса отырып, бір орталыққа бағынған қазақ мемлекетін қалпына келтіру керектігін түсінді. Бірақ көшпелі қоғамның басын қосу онша оңай шаруа емес-ті. Абылай бұл істе де дала көшпенділерінің ежелгі дәстүрлерін сәтті пайдалана отырып, оқшаулыққа мүдделі күштерді ауыздықтау  арқылы көп нәрсеге қол жеткізді. Бұған қоса ол 1743 жылы Жонғария мен Қазақ хандығының арасында көптен күткен бейбіт бітімге қол жеткізді. Абылай атақты Қалден Серенмен тіл табысып, оның немересіне үйленді. Қазақтар мен жоңғарлардың аяусыз соғысқаны рас, бірақ соған қарамай, олардың арасында бейбіт келісімдер де жиі жасалған. Абылайдың өзі де белгілі қолбасшы бола тұра, 1741 жылы жоңғарларға тұтқынға түскен. Бірақ Қалден Серен оны бір жыл тұтқында ұстады да босатып қоя берді. 1755 жылы Абылай өз әскерімен жоңғарлар жағында Цин империясына қарсы соғысты.
Әбілмәмбет өлгеннен кейін халық оның ұрпақтарының мұрагерлік құқықтарына қарамай, сұлтандар арасындағы ең лайықтысы санап, Әбілмансұрды (Абылайды) үлкен хан сайлапты. Сөйтіп Абылай 1735 жылы хан болған.
Осы оқиғадан кейін Абылайдың қоғамдық орны да,  қызметі де түбегейлі өзгереді.
Ол бірінші болып бұрын халық жиналысы – құрылтай арқылы ғана шешілетін хан билігіне  кеңес беру арқылы шек қойып келген өлім жазасын тәжірибеге енгізді. Ол алпауыт ру басылары мен сұлтандардың бетімен кетушілігіне тыйым салды. Абылай өзінің жеке  басының алғырлығы мен ұтымды қимылдарының арқасында атақ – даңққа жетіп, халық құрметіне бөленді.
Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған қазақ ханы; Қытай елімен тұңғыш сауда жасау ісін жолға қойған хан.
Абылай қазақ халқының тағдыр талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды.
Ауызша журнал 3 бет.
Абылай ханның атқарған қоғамдық қызметі
1771 жылы Орта жүз ханы болып сайланған Аблай іс жүзінде бүкіл қазақ даласына билігін жүргізіп. Қытайдағы Цин империясымен де бейбіт қатынастар орнатуға күш салды. Сол үшін айтарлықтай саяси ұсыныстардан бас тартты.
1739 жылға қарай Абылайдың жағдайы әжептәуір нығая түсті, Ресей мен Қытай үкіметтері оның ағасы Сұлтанбекпен емес, Абылаймен қатынас орынатуды қолдады.
Қазақтарға достық ниетін танытқан жоңғар тағынан үміткерлердің бірі Әмірсанаға көрсеткен Абылай қамқорлығы, ең алдымен, моральдық қолдау ғана болатын. Әмірсана маньчжур әскерлеріне тегеурінді қарсылық көрсете аламай, ақыры Абылайға келіп жан сақтады. Қазақ сұлтаны Әмірсанаға қамқорлық жасау арқылы титықтаған Жонғарияны бір жолата күйреуден сақтап қалып, елге енді ешқандай қауіп төндіре алмайтын әлсіз ойраттардан Цин Қытай мен Қазақ даласы ортасындағы аралық мемлекет жасамақ болды.
Бірақ Қытай иператоры Цян Лунь әскерлері араға кірігіп кетті де әбден әлсіреген Жонғарияны жойқын күшпен басып алды. Қытайшылықтар үш рет 1756, 1758 және 1760 жылдары Орта жүз жерлеріне кірді.
Абылай жоңғар қонтайшысының кебінін кимеу үшін Богдыханның – қытай императорының билігін мойындап, қытайлықтармен келісімге келді. Бұл келісім бойынша сауда шарттары да жасалып, Тарбағатай мен Іледе айырбас базары ашылды да, қазақтар малдарын қытай тауарларына айырбастай бастады.
Абылай Қытайға жақындаған сайын Ресеймен қатынасын ашық тежеуге кірісті.
Абылай алысты болжап, көре білген адам. Ол елдің Ресеймен арадағы экономикалық, саяси байланысын нығайтудың қажеттілігін ерте түсінді. Осыған қарамай, ақ патшаның ХҮІІІ ғасырда Абылай ханнан асқан жауы болмады. Амалсыздан тәуелдімін деп мойындағанымен, Абылай іс жүзінде Қазақ мемлекеттігін қалпына келтіруге, тәуелсіз ел етуге күшін салды.
Абылай басқа мемлекеттермен, әсіресе Хиуа, Жоңғар хандықтарымен қарым – қатынастары қазақ  жұртының негізгі этносаяси мүддесіне сай жүргізілді. Чиң империясы тарапынан Орта Азия елдерін жаулап алу қаупі төнген кезде, Абылай Ауғаныстан билеушісі Ахметшахпен байланыс орнатты. Абылай алыстағы Түркия билеушілерімен де қарым – қатынас жасауға әрекет еткен.
Абылайдың мұраты келешекті кемелдікпен болжап, мемлекетті бір орталықтан басқарып, елді өркениетке жақындату еді. Қайтыс болардан ондаған жылдар бұрын – ақ ол бұл арманын орындауға құлшына кіріскен. Тарихи деректерге сүйенсек, халыққа егіншілік пен балық аулау кәсібін үйретуге, тары сепкізуге қарақалпақ диқандарын әкелуі, орыс ағаш шеберлерін алғызып, 1779 жылы Есіл өзеніне тақау Жаңғызтауда ағаш үй, Қызылжарда хан сарайын, Таласта қала салғызуы т.б. игілікті істері – елді отырықшылыққа, өркениетке жұмылдыруының жарқын үлгілері.
Ауызша журнал 4 бет.
Абылай ханның мәмілегерлік саясаттары.
Абылай хандық таққа отыра салсымен – ақ қазақ хандығының әуелгі географиялық кеңістігін қалыптастыруды қарастырған.
Абылайды бүкіл үш жүздің  өкілдері бірдей ұлы хан етіп көтеруі жайдан жай емес – ті. Өйткені ол соған дейін қырық жыл бойы қол бастап, ел билеу барысында еліне ерен еңбек сіңірді. Атап айтқанда, ол халықының түбірлі мүддесін қорғай алды, жоғын жоқтады, жерін бүтіндеді, елдің еңсесін көтерді. Яғни жыраулар сөзімен айтқанда ол: «Қайғысыз ұйқы ұйқтатқан, Қайырусыз жылқы бақтырған, Қалыңсыз қатын алдырған» - хан болып халыққа ұнады.
Сонымен Абылайханның асқақтаған атақ – даңқы, оның хандық билікті барынша күшейтуіне мүмкіндік берді. Ол ел ішіндегі қайшылықтарды жойып, жалпы ұлттық бірлікті нығайту үшін, жергілікті ұсақ саяси топтардың билігі мен беделін әлсіретіп, заң құқығын орталыққа шоғырландырды.  Сөйтіп ол үш жүздегі ру – тайпалар басшыларын тікелей өз бақылауында ұстады; билер жиналысының өлім жазасына өкім ету құқығын күшіне қалдырып, оны өз қолына алды. Демек, билікте орталықтанған саяси жүйе қалыптастырды. Ұлы жүз Үйсіннің ел ағалары Абылайға өтініш айтып, оның үлкен ұлы Әділіді өздерін басқаруға сұратып алды. Сонымен қатар Абылай хан өзге ұлдарына қазақ руларын еншілеп бөліп берді. Сондықтан болса керек, Бұқар жырау:
«Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай мініңіз.
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім мен жесірге,
Ешбір жаман қылмадың.
әділдікпен жүргіздің,
әдепті іске кіргіздің, - деп толғаған екен.
Бейбітшілік әскери күшпен сақталды. Абылай ханның әскери жорықтары бейбітшілікті сақтау мақсатында болған. Мысалы, ол әскер бастап барып Ташкент, Хожентке шабуыл жасап, Ташкентті өзіне алым – салық төлеп тұруға міндеттеді. Чиң патшалығының орда күнделігінде: 1777 жылдың жаңа айында «Абылайдың жіберген елшісі Отаршы Бейжіңге келіп, Абылайдың өзіне салық тапсырып тұрған Ташкентте 30 мыңнан аса тұрғынның бар екендігін айтты» - деген дерек жазылған. Осы деректерден, ХҮІІІ ғасырдың ортасында  қазақ билеушілеріне қарсылық көрсеткен Ташкент билеушісі Абылай ханның әулетінен жасқанып қазақ үстемдігін қайта мойындағанын байқауға болады.
Абылай хан ел ішінде өзіне қарсы бас көтергендерді де қатаң жазалап отырады.
Абылай хан ғұмырының соңғы жылдарын Қазақстанның оңтүстік өңірінде өткізді. Өйткені қоғамдық саяси қажеттілік те, хан әулетінің дәстүрі де оның Түркістанға келуін бұйырған – ды. Содан көп өтпей ол 1881 жылы Арыс өзені бойында дүние салады. Мүрдесі Қожахмет Йассауидің мешіті алаңында жерленеді.
Абылай хан – аса күрделі тарихи кезеңде тарихи саханаға шығып, елу жылдай ел билеген ұлы тұлға. Ол жанкешті жауынгерлікпен көзге түсіп, сұлтан, қолбасшы, Орта жүздің ханы және бүкіл қазақтың ұлы ханы сияқты ел тағдырын белгілейтін биліктерді атқару барысында, халықтың көңілінен шығып, түбірлі мүддесін қорғай білді,  қазақ қоғамын айтарлықтай алға бастырды. Дегенмен ол өзі өмір сүрген тарихи шектемеден асып кете алған жоқ. Абылай хан ұзақ жыл билік жүргізу барысында, феодалдық үстемдік идеясын қалыптастырады. Яғни ол қоғамдық қайшылықтарды немесе саяси қарама – қарсы топтардың күресін ұтымды пайдалана отырып, өз билігін сақтау немесе нығайту сынды феодалдық билік ұстанымын ұрпағына ұстатып кетті.
Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда үш  алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, парасаттылық, терең ойшылдықты тіледі. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болуы керек.

aounb.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста