Алаш арыстары аңсаған тәуелсіздік қандай еді?

Алаш арыстары аңсаған тәуелсіздік қандай еді?

Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында оқығандар аз еді. Дегенмен олардың саны Орта Азияның басқа халықтарымен салыстырғанда әжептәуір жоғары еді. Мәселен, түрлі деректер бойынша, 100-ден астам қазақ жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімді болған. 1000-нан астам адам гимназия, прогимназия, училищені тәмамдады. Әлденеше мың адам шығыстың дін ілімін оқыды. Міне, осы қауым алғашқы қазақ мемлекеттігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Әсіресе, саясатта еуропалық білім алған қазақ интеллигенциясы белсенді болды.
Қазақстан тарихында жаңа заман үлгісіндегі демократиялық қоғам құру Тәуелсіздік жылдарынан басталған жоқ, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы өткен ғасыр басындағы Алаш арыстарының есімімен тығыз байланысты. Осыған орай, оның бастау басында тұрған ұлт интеллигенциясының қалыптасуы тарихына үңілсек.
Қазақстанныңсол замандардағы ең ірі мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов былай дейді: «1905 жылғы төңкеріске дейін қазақ халқының екі түрлі интеллигенциясы болды. Бірі – көпшілік ортадан ерте уақыттарда бөлініп шыққан Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин сияқты санаулы зиялылар. Олар орысша білім алған, орыс мәдениетінің ықпалы арқылы қазақты еуропалық мәдениетке жақындатқысы келді. Енді бірі – татар, башқұрт, басқа да мұсылман елдерінде білім алып, қазақты Шығыс мәдениетіне шақырды».
Қазан төңкерісіне дейін қазақтар арасында оқығандар аз еді. Дегенмен олардың саны Орта Азияның басқа халықтарымен салыстырғанда әжептәуір жоғары еді. Мәселен, түрлі деректер бойынша, 100-ден астам қазақ жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімді болған. 1000-нан астам адам гимназия, прогимназия, училищені тәмамдады. Әлденеше мың адам шығыстың дін ілімін оқыды. Міне, осы қауым алғашқы қазақ мемлекеттігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Әсіресе, саясатта еуропалық білім алған қазақ интеллигенциясы белсенді болды.
«Алашорда» үкіметінің төрағасы, ұлы қаған Шыңғысханның тікелей ұрпағы Әлихан Бөкейханұлы 1910 жылы «Қазақ» атты мақаласында қазақ даласында екі түрлі саяси күштердің бар екенін атап өтеді. Біріншісі – Бұхара мен Түркістанға қарай бет бұрған дәстүрлі панисламдық ағым. Қазан, Бұхара, Уфа, Түркістан және басқа мұсылман медреселерінде білім алған дін қайраткерлері халықтың сезім-сенімін Шығысқа бұруға тырысты. Екіншісі – пантүркілік және модернистік бағыт, бірақ олар назарын өркениетті Батысқа бұрды. Екінші бағытқа Еуропа мен Ресей, Украина, т.б елдерінде білім алған Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақбайұлы, Әлімхан Ермекұлы, Міржақып Дулатұлы, т.б болды. Бұл топ алпауыт Ресей империясына қарсы ашық күресуге әлі ерте екенін жақсы сезінгендіктен ұлт тәуелсіздігі жолындағы саяси күрестерін аса сақтықпен жүргізді. Сондықтан, ең алдымен, халықтың сана-сезімін арттырып, қолдағы күшті ел игілігі үшін неғұрылым тиімді жұмсауға ұмтылды. Олар орыстың либералды және солшыл күштеріне үміт артты. Сондай-ақ, саяси күрес бағыттарын жіктеу барысында қазақ арасына Қазан төңкерісі алдында елеулі түрде тараған шаруа-демократиялық ұлттық қозғалысты да айтпай кетуге болмас. Бұл қауым 1911-1915 жылдары «Айқап» журналының айналасына жиналды. Оған Мұхаметжан Сералин, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт торайғыров, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, т.б жетекшілік етті.
Өткен ғасырдың басында қазақ интеллигенциясы негізгі күш-жігерін ел арасында ағарту жұмыстарын жүргізу, қазақ әдеби тілін қалыптастыру, оны өзбек, татар тілдерінің қойыртпағынан сақтау, Столыпиннің қарашекпендерді қоныстандыру саясатына қарсы күрес, отырықшылық тұрмысқа көшудің эволюциялық түрін таңдау, мәдениет ошақтарын құру, мемлекеттік уәкілетті билікке өркениетті жолмен сайлау өткізу сияқты бірінші кезекті іс-шараларға назар аударды. Айта кету керек, қазақ интеллигенциясы атқамінер ұлдары Ресей Думасының мүшелігінде жүріп аграрлық мәселелерді шешуге, қазақ өлкесін демократиялық жолмен басқару істері бойынша парламенттік күресті ХІХ жылдың аяғында-ақ бастап кеткен болатын. Әсіресе, бұл бағытта Дума мүшелері, ірі заңгерлер – Ахмет Бірімжанұлы, Бақытжан Қаратаев, Жаһанша Досмұхамбетұлы, тағы басқалары үзбей еңбек етті.
Қазақ даласындағы барлық саяси ағымдар мен қозғалыстардың басында аса талантты тұлғалар тұрды. Бірақ, сол кездегі қалыптасқан жағдайға қарай, олардың қайсы болсын жақын болашақта Тәуелсіз Қазақ ұлттық мемлекетін құрудың құрғақ арман екенін түсінді. Дегенмен, Ресей империясының құлауы, одан кейін іле-шала жүрген алдымен Ақпан, сосын Қазан төңкерістері қазаққа осы елеусіз сәуленің үмітін сыйлады. Сөйтіп, Ресей отарлаушыларына қарсы саяси күрестің әртүрлі жолдарын таңдаған ұлт интеллигенциясы осы мүмкіндікті оңтайлы пайдаланып қалуға тырысты. Өкінішке қарай, Алаш арыстарының арман-мұраты бір болғанымен, мемлекет тәуелсіздігіне қол жеткізу тұрғысынан орасан пікір қайшылықтары орын алды, әр топ қазақ қоғамын құрудың түрліше жолдарын ұсынды. Біреулері бір кездердегі ұлы бабалардың Дешті Қыпшақ негізіндегі мемлекет үлгісінде – көп ұлтты, көп тілді Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанды. Мемлекет құрамында қазақтың өзінен басқа қырғыздардың, қарақалпақтардың болғанын қалады. Енді біреулер Қазақ мемлекетінің құрамына Сібір аумағының көп бөлігін қосып алған дұрыс деп шешті. Үшінші топ Қазақстан қазақтардың, өзбектердің,башқұрттардың, басқа да түркітілдес халықтардың біріккен федерациясы болғандығын қалады. Әлбетте, бүгінде қазақ мемлекетін құру жолында олардың қайсылары ұстанған саяси бағыттың дұрыс екеніне тарихтың өзі баға бере жатар. Бір анығы, Ел тәуелсіздігі жолында ұлт зиялылары қандай бағыт ұстанса да, саяси күрестің қандай түрін таңдаса да, олар халқына адал еді.
baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста