Алып империяға алғашқы қарсылық қалай басталды? немесе Тақтакөпір көтерілісі туралы үзік сыр

Алып империяға алғашқы қарсылық қалай басталды? немесе Тақтакөпір көтерілісі туралы үзік сыр

1924 жылғы 17 қазандағы Кеңестердің Қазақ Орталық Атқару Комитетінің Кіші Төралқалығы Қазақ АКСР-ы құрамында Қарақалпақ Автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады да, осының нәтижесінде, бұрын аймақтық жақтан екіге бөлініп – Түркістан АКСР-ы мен Хорезм Кеңестік Халық Республикасына қарап, екі басқару органына бағынышты болған қарақалпақ елі тұңғыш рет біртұтас өлке¬ге айналып (Қарақалпақ Автономиялы Облысы), Қазақ АКСР-ына қосылды.
Келесі жылы (1925 жылы) Қызылорда қаласы Қазақ АКСР-ының астанасына айналғандықтан Қарақалпақ автономиялы облысының орталықпен қатынасы оңтайлана түсті. ҚАО-ға орталықтан көптеген кадрлар келіп, елдің қоғамдық-саяси өмірінде өзгерістер жүз бере бастады. Алайда Қазақ АКСР-ының орталығы 1927 жылы Алматы қаласына көшірілуіне және Қазақ АКСР өлкелік комитетінің басшысы Голощекиннің 1928 жылы халықтың дүние-малын тәркілеп, байларды қуғындауының әсері бұл жақтағы халыққа да тимей қалған жоқ.
1928 жылы 26 қарашада болып өткен Мәскеуде БК(б)П-ның ұйымдастыру бөлімінің мәжілісінде талқыланған «Оңтүстік Қазақстан мен Қарақалпақстанда жер-су реформасын жүргізу» мәселесіне орай қабылданған қаулы бұдан кейін аталған өлкелердегі халық толқуларына айқын негіз болды.
Он бір бөлімнен тұратын бұл құжаттың үш жерінде Қарақалпақ облысында нақты атқарылуы тиіс істер анық айтылып, қаулымен бекітілген. Аталған құжаттан қысқаша үзінді келтірсек:
«...Қарақалпақ облысында – помещиктік тұрғыдағы қожа¬лықтарды, өсімқорлардың, ірі саудагерлердің және жоғары дін-басылары қожалықтарын, сондай-ақ ұйымдары белгіленген және БОАК(ВЦИК) президиумы бекіткен еңбекпен жерді пайдалану мөлшерінен жоғары артық жерлерді алып қою жүзеге асырылсын».
«...Қарақалпақ облысында – помещиктік тұрғыдағы қожалықтарды, өсімқорлардың, ірі саудагерлердің және жоғары дінбасы-лары қожалықтарын, сондай-ақ арнайы бекітілген тізім бойынша бұрынғы Хиуа хандығының жоғарғы төрелерінің қожалықтарын жоюмен шектелген жөн».
«...Сырдария округінде және Қарақалпақстандағы барлық жойылатын қожалықтардан мал мен ауылшаруашылығы мүлкі ақысыз сұрыпталып алынсын». (Құжаттық деректер белгілі тарихшы ғалым Талас Омарбековтың «Зобалаң» (Алматы, Санат – 1994 ж) атты кітабынан алынып отыр.)
Демек, Қарақалпақстандағы ірі байлардың, дін өкілдерінің мал-мүлкін тәркілеу ісінің басталуына осы қаулыда қабылданған шешімдердің негіз болғаны анық. Өйткені қаулыда «Қарақалпақ жерінде жойылуы тиіс әлеуметтік топтың қожалықтары және сол жойылатын қожалықтардың малдары мен шаруашылық мүліктерін олардың иелерінен ештеңе төлемей тартып алу керектігі» соқырға таяқ ұстатқандай көрсетілген. Ол аздай аталған қаулының тағы бір бабында «ОГПУ органдарына Қазақ өлкелік комитетімен бірге кезінде солардың өздерінің қожалықтары болған округтерден тыс жерге аударылатын адамдарды анықтау ұсынылсын» деп, тәркілеуге ұшыраған адамдарды одан әрі тұқыртып, жер аудару керектігіне бұйрық берілген. Міне, осы қаулыны басшылыққа алған Қарақалпақ автономиялы облы¬сындағы жергілікті партия қызметкерлері өздеріне берілген құқықты асыра пайдаланып, жергілікті байлар мен дінбасыларға әртүрлі салықтар салумен ғана шектелмей, олардың жекеменшігіндегі дүние-мүліктерді талан-таражға ұшыратты. Коммунистік партияның күштеп жүргізіліп жатқан саясатын қарапайым халық түсінбеді, керісінше, ауылдық кеңестер милицияның күшімен партияның нұсқауларын әкімшілік күштеу арқылы жүргізді, мән-жайды түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары деген болмады. Тіпті, милицияның өзі көзбояушылық жасап, байлардан тартып алынған заттарды аукцион арқылы сатуды ұйымдастырып, милиция қызметкерлері және жергілікті партия мүшелері былайғы жұртты саудаға жақындатпай, өздері сутегінге сатып алды. Осыдан келіп байлар, дінбасылар ретінде тоналып жатқан адамдардың наразылығы күн санап артып, мұның соңы қарулы қарсылыққа әкелді.
1929 жылы 27 қыркүйекте, күндізгі сағат 1-дің кезінде Қара¬қалпақстанның солтүстік-шығысында орналасқан аудан орталығы Тақтакөпірге оның оңтүстік жағынан қолдарында винтовкалары бар 40-қа жуық атты көтерілісшілер «Аллалап» ұрандап, қалаға баса-көктеп кіріп келді. Бұл базар күні еді, базарда жүрген қаптаған халық қапелімде не болғанын білмей әрі-сәрі болып тұрғанда келген қарулы адамдар Алланың атынан сөйлеп, халықты өздеріне қосылуға шақырды. Қаланы қиратып, халықты қанап отырған партия қызметкерлерін, милицияны жоюға үндеді. Оқыстан болған бұл істен үрейленген халықтың бірталайы бет-бетіне қашып құтылмаққа тырысқанымен атты көтерілісшілер мылтықпен қорқытып, оларды тоқтатты. Осыдан кейін олар мемлекеттік ұйымдар, мекемелер жайласқан қаланың орталық бөлігіне қарай жыл¬жыды. Қапелімде болған оқиғадан сасып қалған мекеме басшылары мен қызметкерлері олардың келе жатқанын білген бетте-ақ беталдына қашып, бас сауғалады. Ал, көтерілісшілер мен оларға ерген көпшілік аудандық партия және атқару комитетіне, комсомол комитеті мен Қосшы одағына, халық сотының адам қамайтын камералары мен қазыналық дүкендерге басып кіріп, ондағы іс қағаздарын, тергеу істерін өртеді. Мекемелер қабырғаларында ілулі тұрған Маркс, Ленин, Дзержинскийдің портреттерін жұлып алып, енденге лақтырды, аяқтың астына салып таптады, жыртты. Ал құрамында 20 қарулы коммунарлары бар Дедов басқарған отряд көтерілісшілерге жөнді қарсылық көрсете алмай көбісі тым-тырақай қашты, ал кейбірі әр жерден бір оқ атып, әлсіз қарсылық көрсеткенімен көтерілісшілер оларды сол бойда атып өлтірді. Солайша, ішінде Дедовтың өзі бар 8 коммунар қаза тапты.
Негізінде, Тақтакөпірдің орталы¬ғында 150-ден астам партия, кеңес қызметкерлері және олардың біразы қаруланған болды. Бірақ олардың неліктен қарсылық көрсетпегені түсініксіз. Алайда ұзамай Тақтакөпірдегі көтерілісті басып-жаншу үшін жіберілген ОГПУ-дың 6 және коммунистердің 4 адамынан құралған Грязнов дегеннің отряды басмашылармен табан тіресе екі сағат бойы атысып, Тақтакөпірді қайтарып алды. Сірә, мұндағы коммунистерге көмекке сырттан тағы да қарулы отряд келеді деп сескенген болса керек, көтерілісшілер 30-40 адамнан топ-топқа бөлініп, қаладан шығып кетті.
Бірақ көтерілісшілер бұнымен құтылмады.
«4 және 7 қазанда көтерілісшілердің үш тобы талқандалды. Шайқас үстінде көтерілісшілерден 8 адам өліп, 5 адам қолға түсті, қалғандары амалдап қашып құтылды.
1929 жылдың 8 желтоқсанына дейін ПП ОГПУ-дің Ерекше үштігі біраз істерді қарап, көтеріліске қатысқан 32 адамды ату жазасына кесті. Үкім жедел орындалды. 1930 жылдың 1 маусымына дейін 27 адам әртүрлі мерзімге концлагерге айдалды, тағы 25 адам 3 жылға жер аударылды».(Т.Омарбеков. Қарақалпақстандағы көтеріліс. «Жұлдыз»,1993, №4). Міне, Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылыққа негіз¬делген саясатына алғаш рет наразылық танытқан халық өкілдері осылайша қатаң жазалауға ұшырады...
Ал, енді «Тақтакөпір көтерілісінің басында кімдер тұрды, оны ұйымдастырғандар кімдер?» дегенге келетін болсақ, көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін ОГПУ тарапынан тергеуге алынған кісілердің жауаптарынан Жәлел-Мақсұм Исматуллаев, Әбдікәрім Исматуллаев, Қадырғазы Дәулетназаров, Барлықбай Нұрымов, Палуанияз бай деген кісілердің аттары аталады. Әрине, Тақтакөпір көтерілісіне осылар сияқты байлар мен дінбасылардың ықпал еткенін жоққа шығаруға болмас, тіпті, жергілікті халық арасында Хан-Мақсұм мен Барлықбайдың көтерілісті ұйымдастырғаны туралы әңгімелер әліге дейін айтылады, алайда дүние-мүлкін, егістік жерлері мен малдарын тартып алып, отбасына қауіп төндірген мемлекеттік құрылымға қарсы шыққандардың наразылығын «контрреволюциялық қозғалыс» деп бағалау түбірімен қате. Өйткені үстем тап өкілдерін құртуды ашық түрде ұранға айналдырған сталиншіл большевиктер жоғарыдан келген қаулыны жүзеге асыру барысында олармен келісімге келіп, келіссөз жүргізуді ойына да алған жоқ, керісінше, күштеп орындатуға иек артып, талай рет қару қолданып, қан төгуге дейін барды. Ең бастысы, Қазақстандағы ПП ОГПУ бастығының орынбасары Альшанский Тақтакөпірдегі көтеріліске басмашылардың қатысына саяси рең беріп, оны Қарақалпақстандағы контрреволюциялық ұйымның ісі деп сипаттайды. Көтерілістен соң тұтқындарды тергеу кезінде оларға зорлықпен мойындатылған «контрреволюциялық ұйымның жұмысы» жайында қолдан жасалған дәйектерді алға тартып, өз баяндамаларында бірнеше рет Тақтакөпірге жақын орналасқан Шымбай, Кегейлі аудан-дарындағы «басмашылар ұйымдарын жойғаны» туралы сенімді баяндаған болатын. Ал, шындығында ешқандай ұйым болмағаны анық еді. Бірақ, оны қаперге алып жатқан кім бар? Мұның соңы партия мен кеңес қызметіндегілерді тазалау науқаны жүріп, бірталай адамды қызметтен қуу, соттау істеріне жалғасты.
Ия, соншалықты көп адам қатынасып, мемлекетке аса зор көлемде зиян шектіре қоймағанымен, Тақтакөпір көтерілісі – сол аймақта ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан қазақ, қарақалпақ халықтарын тапқа бөліп, бір-біріне қарсы қойған, күштеп ұжымдастыру арқылы елді аштыққа қамап, қырғынға ұшыратқан большевиктердің қанқұйлы өкіметіне алғаш рет қаймықпай қарсы шығып, өзінен соңғы көтерілістерге (ондай көтерілістің жалпы саны КСРО бойынша 327-ге жетеді) дем бергенімен бағалы.
Тақтакөпірдегі көтерілістен соң Қарақалпақ автономиялы облысына шегаралас жерлерде Кеңес өкіметіне қарсылық қозға-лысының кеңейе түсуі және ҚазАКСР-ы құрамындағы Қарақалпақияның жағрапиялық жақтан тым шалғайда болуы – Голощекиннің өткізгелі отырған «кіші қазанның» екпініне кедергі келтіретіні анық еді. Сондықтан ол «өзіне абырой бермейтін бұл аймақтан құтылуды» ойлады.
1930 жылдың 19 наурызындағы Қазақ Өлкелік Комитетінің отырысындағы мәжілісте ҚазАКСР-ы құрамынан Қарақалпақ Автономиялық облысының бөліну туралы мәселе өте құпия түрде қаралып, БК(б)П Орталық Комитетіне «Қарақалпақ Авто-номиялық облысын Ресей Федеративтік Автономиялық Республикасына беру туралы» мәлімдеме дайындалды. Ал, 1930 жылғы 3 сәуірде БК(б)П Орталық Комитеті Орта Азия Бюросы Атқару Комиссиясының отырысы өтіп, онда Қазақ Өлкелік Комитетінің 1930 жылғы 19 нау¬рызындағы шешімімен келісіледі де, Қарақалпақ автономиялы облысының Қазақ АКСР-інен шығу мәселесі 1930 жылғы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Төралқасының 1930 жылғы 20 шілдесінде «Қарақалпақ Автономиялық облысының бұрынғы аумағын сақтай отырып, Қазақ АКСР-і құрамынан шығару және оны РСФСР Орталық органының тікелей қарамағына беру жөнінде» қаулысымен орындалады. Міне, осылайша кең байтақ қазақ жерінің шұрайлы бір аймағы өзге елдің қанжығасына байланып кетті. Себепсіз салдар жоқ деген осы...

Ахмет ӨМІРЗАҚ

turkystan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста