Арыстардың ажалына қатысты қауесеттер қимастықтан туды ма?
«Қазақ зиялыларын жазықсыз айыптап, қуғын-сүргінге ұшыратқан репрессияда Мағжан, Сәкен, Міржақыптар тірі қалған». Бұл – ел арасында жиі айтылатын қауесеттердің бір парасы. Бірақ сол қауесеттердің көптігі бекер еместігі анық. «Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды» емес пе?.. Ал мәселе тек ғылыми тұрғыда зерттелгенде ғана шешімін табатынға ұқсайды.
1937-1938 жылдары 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Зұлмат жылдары жазықсыз құрбан болмаған қазақ зиялысы кемде-кем. Тарих бетінде арыстардың репрессияға ұшырап, қаза болғандары айтылғанымен, ел арасында теріс пікірлердің дені азаяр емес. Мысалы, барлық құжаттарда «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы 19 наурызда атылды» деп айтылады. Бірақ М.Жұмабаевқа қатысты Бауыржан Момышұлының қалдырған қолжазбалары талай газет беттері мен ғаламтор парақтарында жарияланған болатын.
Бауыржан МОМЫШҰЛЫ:
Мен Мағжанды көрдім
1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болуы керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да, үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:
– Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, – деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:
– Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, – деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе, көмектескім келді де:
– Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, – дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның мал айдап жүріп, суға кетіп қайтыс болғандығын айтты.
(Қаһарман Бауыржан Момышұлы, Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж. 98-бет.)
Бұдан өзге де, 1939 жылдан кейінгі уақыттарда «көрдім» деп куәгер болған жандардың саны бірталай. Дәл осындай жағдай С.Сейфуллиннің өліміне қатысты айтылып жүр. Жезқазған облысының Ақадыр ауданында Сәкеннің туылғанына 100 жыл толуына орай ескерткіш тұрғызылмақ болды. Дәл осы сәтте Ақадырдың райком партиясының хатшысы Жазыкен Томпиевке Магадан лагерінде тұтқында болған Иван Мудров таңғаларлық хабарды жеткізеді.
Иван МУДРОВ:
Мен Сәкенді жақсы танитынмын. Өлгенде өз қолыммен жер қойнауына тапсырған ем
Жас күнімде «Қарағандыкөмір» шахтасында еңбек еттім. Кезекті жер астында жарылыс болып, шахтадағы апаттың кінәсі менің мойныма ілінді. 1939 жылы маусымның 5-і күні Қарағанды облыстық сотының отырысы өтті. Он жылға сотталып, Магаданда болдым. Жақсы қорғаушы табылып, мерзімімнен бұрын, 1940 жылы бостандыққа шықтым. Сол жылы Магаданда келбетті, орта бойлы, орыс тілін жетік меңгерген қазақтың Сәкенімен таныстым. 25 жылға «халық жауы» деп айыпталған екен. Бірақ өзі жайлы көп ештеңе айтпайтын. Танысқаннан кейін біраз уақыт өткенде «қазақ қашып кетті» дегенді естідім. 1940 жылдың ортасына таман сәуір айында Сәкеннің мәйіті көпірдің астынан табылды. Бұрынғы Горький атындағы ауылдан 500 метр қашықтықта жер қойнауына өз қолыммен тапсырдым».
(Е.Кузнецова. Сакен Сейфуллин погиб на Колыме?// «Индустриальная Караганда» газеті, 24 шілде, 2010 жыл)
Міржақыптың жайы мүлдем бөлек. Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің ұстазы, зерттеуші Медет ДҮТБАЕВА өз мақаласында былай деген:
«Міржақып Дулатұлы Карелияда түрмеде жатқанында оған Солтүстік Мұзды мұхит арқылы Мұстафа Шоқай келіп, алып кетпек болған. Бірақ «мен мұндағы бауырларыма керекпін» деп, Міржақып ұсыныстан бас тартқан. Міржақып атамыз сол кезде түрмеде қиындық шегіп жатқан түркі-қазақ бауырлары үшін орыс-түрік (қазақ) сөздігін жазып, құрастырып жатқан, сол үшін бас тартқан. Осы жолы екі арыс үш күн қатарынан жолығып, әңгімелескен деседі…»
(К.Зәйітқызы. Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін... //«Үш қиян» газеті, 26 тамыз, 2010 жыл)
«Міржақып Алтайда болуы мүмкін» деген сөзге жан бітіретін тағы бір дәлел – Алаш арыстарының бірі Райымжан Мәрсековтің Моңғолиядағы қазақтарға қашып баруы. Оны ол жерден қытай әскері ұстап әкеткені туралы тарихи деректер бар. Ал ақын Сұраған Рахметұлы Алаштың арысы Міржақып Дулатұлына өте қатты ұқсас, бір құпия адам 60-жылдарға дейін Өлгей аймағында өмір сүргендігін айтады. Ел арасында тараған әңгімелердің бұл – тек жартысы ғана. Сонда жазықсыз атылған арыстардың өлмей қалғандығы туралы қауесеттердің көптігі нені білдіреді? Қазақтың заңсыз қудаланған азаматтарына деген қимастығы ма, әлде шындық па?
Қалила ОМАРОВ, алаштанушы, кинодокументалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
– Жазықсыз атылған арыстардың өлмей қалғандығы туралы қауесеттердің көп болуының себебі – қазақ халқы ертегіге сенгіш халық. «Анау айтты, мынау айттымен» өтірік әңгімені көбейте береміз. Иә, рас, Алаштың арыстарына қатысты біршама әңгіме айтылып жүр. Мысалы, Мағжан Жұмабаевтың өліміне қатысты үш түрлі нұсқа бар. Мен деректі фильм түсіргенде оның бәрін зерттеп, құжаттарын жинағанмын. Тіптен ақынның сүйектеріне сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Оның басына оқ тиіп, маңдайын опырып түскен. Сол кездері өзге де даулы сұрақтарға жауап табу мақсатында арыстардың барлығына ДНК сараптамасын жүргізуді басшылыққа ұсындым. Бірнеше жыл бұрын «1 миллион АҚШ доллары болады, ақша жоқ» деп ұсынысым қабылданбады. Бір жағынан М.Жұмабаевқа қатысты Бауыржан атамыздың айтқанына сенбеу мүмкін емес. Сол себепті ешкім қазір ол шындық, болмаса құр қауесет деп айта алмайды. Ғылыми тұрғыда зерттеп, нақты жауап берген дұрыс болар. Сараптамалық жұмыстар жүргізудің бұл заманда мүмкіншілігі аса зор. Технология да дамыған, бағасы да қымбат деуге келмейді. Алаш азаматтарының ұрпақтары бар. Солар арқылы зерттеп, бұл мәселеге түбегейлі нүкте қою қажет.

Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу