Балуан Шолақ – отаршылдыққа қарсы күрескер тұлға, теңдесі жоқ палуан

Балуан Шолақ – отаршылдыққа қарсы күрескер тұлға, теңдесі жоқ палуан

ХIХ-ғасырдың аяғында патшалық Ресей орыстың қарашекпенділерін қазақ жеріне тереңдетіп қоныстандыра бастады. ХХ-ғасырдың басында орыстар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарының ең шұрайлы жерлеріне қоныстанып болды. Ресей патшалығының уақыт өткен сайын еркін жүргізіліп бара жатқан ашық отаршылдық саясаты халықтың наразылығын туындата бастады. Әсіресе, қазақ оқығандарының шыдамы таусылды.
Бұл кезде Қарқаралыда ағартушылық қызметін атқарып жүрген ұлтымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов осындағы көзі ашық қазақ азаматтарының қолын ұйымдастырып, 1905-жылы патшалық өкіметке петиция тапсырды. Бұл петицияда жергілікті халық қазақтың құқықтары өрескел бұзылып отырғаны, сондай-ақ, орыстарды қазақ жеріне қоныстандыруды шектеу талап етілген еді. Бұл орыс отаршыларына қарсы көзі ашық қазақ оқығандардың ғана емес, қалың қара халықтың да наразылығының көрінісі еді. Осыған орай, осы кезде Ақмола облысындағы Макинкада болған бір оқиғаны мысал ретінде айтып кетуге болады. Аталмыш село мен сол маңдағы бірнеше селоларда ол кезде орыс казактары қоныс тепкен. Олардың көпшілігі егіншілікпен айналысқан. Сол себепті осы жерде ата-бабасынан бері өмір сүріп келе жатқан қазақтардың малдарын өріске жіберетін жайылымдық жерлері тарылды. Оның үстіне «жығылғанға жұдырық» дегендей, «егініме түсті» деп, орыс казактары қазақтардың малын тартып алуды әдетке айналдырады. Балуан Шолақтың туған жері осы Макинкадан онша алыс емес екен. Жалпы Балуан Шолақ ғадетінде зорлық-зомбылық дегенді жақтырмаған, бірақ елдің назасына шыдай алмаған оның да отаршылардың зорлық-зомбылығына қарсы күресу ниеті пайда болады. Содан орыс казактарының жазасын беруді ойластырған.
Бір күні көптеген арбамен шабылған шөпті тиеп, селоға апара жатқан казактармен кездесіп қалады. Сол жолы көп казакты бір өзі ұрып-соғып, қол аяғын байлап, олардың сексен өгізін айдап, кетіп қалады.
Балуан Шолақты жергілікті патша өкіметі қуғындауы, түрмеге отырғызуы осы кезден басталады. Бұл жерде менің айтпағым, қазақ тарихындағы Балуан Шолақ тәрізді тұлғаның қазақ тарихында болсын, мәдениет тарихында болсын, әлі күнге дейін, оның бейнесі толық зерделенбей, зерттелмей келе жатқандығы. ХХ-ғасырдың бас кезінде қазақтың ұлы тұлғалары А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов отаршылдыққа қарсы ашық саяси күресін бастаса, сол кезде Балуан Шолақ орыс қарашекпенділерінің жергілікті қазақтарға көрсетіп жүрген озбыр істеріне қарсы бұдан бұрын адам естімеген күш-қайрат көрсетіп, қарашекпенділердің бетін бір уақыт қайтарып тастаған. Бұл оқиға бүкіл үш жүзге мәлім болды. Бұдан гүберниялық, уездік өкімет хабардар болып, Балуан Шолақты түрмеге жапты. Бұл да қазақ тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрестің бір белесі, оқиғасы. Сондықтан, Балуан Шолақтың өмірбаянын келешекте зерттеушілер, оны отаршылдыққа қарсы күрескер тұлға болғандығын да атап өтсе жөн болар еді.
Балуан Шолақ туралы көптеген мақалаларда оның ерекше күш иесі екені, серілігі, композиторлығы айтылады да, ақындығы ескерілмей қалады. Бір ескеретін нәрсе, ол кезде қазақ танымында араб ғаріпі қолданылып жүргенімен, сол кездің композиторлары әнді де, оның сөзін де импровизациялық жолмен шығарған, яғни, базарларда, халық көп жиналған жерлерде, сыйлы қонақ болып отырған үйде елдің қолпаштауымен шабыттанған арқалы ақын-композиторлар әндерін де, өлеңін де сол жерде төгіп салған. Балуан Шолақтың жиырмаға жуық әндері болған. Балуанның әндері қандай керемет болса, ол әндердің сөздері де асыл, рухы асқақ. Сондықтан Балуанның ақындық (импровизатор) дарынында лайықты бағалаған жөн.
Сонымен бірге, Балуан Шолақтың соңғы кездегі өмірбаяны толық зерттелмеген. Көптеген мақалаларда өмірінің соңғы кезеңіне көп тоқтала бермейді. Жалпы, Балуан Шолақ жергілікті өкімет қуғындай бергеннен кейін, өзінің ата-бабасының жері Қаратау, Жетісуға барып, біраз уақыт паналайды. Балуан Шолақтың өмірін, шығармашылығын зерттеушілер, оның осы тұстағы өмірін нақты біле бермейді. Дегенмен, Сәбит Мұқанов Кенен Әзірбаевтың Балуан Шолақтың әндерін оның өз аузынан үйренгенін айтқан. Ал, Балуан Шолақтың ағайындары өз естеліктерінде оның суреті болмағанын айтады. Солай бола тұра мен «Балуан Шолақ Жетісуда жүргенде фотосуретке түскен» деген пікірдемін. Осы күндері баспасөз беттерінде беріліп жүрген Балуан Шолақтың графикалық портреті соның негізінде салынған тәрізді.
Тағы бір талас тудырып жүрген мәселе, ол – Балуан Шолақтың қайтыс болған жылы. Әр мақалада әр түрлі жылдарды көрсете бермей, бір тоқтамға келетін уақыт болды. Менің пікірімше, Балуан Шолақ ел арасы ду -ду етіп, Ресейде бүліншілік басталған кезде өзінің туған жеріне оралған тәрізді. Қарашекпенділердің оны қайтадан сотқа тарта алмай, өз беттерімен кек қайтару үшін, оны аңдып жүріп атқаны 18-жыл болуы керек. «Іштен тиген оқ жарақатын көтеріп, біраз уақыт жүрді» деген дерек бар-тын. Балуан Шолақты білетін замандастары мен ағайындарының естеліктерінде «19-жылы қайтыс болды» делінген. Жалпы, қайталанбас ірі тұлғалардың бірі Балуан Шолақтың өмірбаянын, шығармашылығын толық зерттеп, лайықты бағасын, бейнесін беру ұлт тарихы үшін қымбат.

Жұмат Әнесұлы

namys.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста