Бұйдаш хан туралы 8 факт

Бұйдаш хан туралы 8 факт

Тақыр ханнан соң, жазба деректер бойынша Қазақ хандығында бір мезгілде, 1533-1538 жылдары бірнеше хан билік етеді. Қазақстанның батыс бөлігінде ноғайлармен күресте – Қожа Ахмет, Жетісуда моғолдармен күресте – Бұйдаш хан, Мауреннахрдағы шайбанилықтармен күресте – Тоғым хандар есімдері кездеседі. Аталған хандардың тарихи тұлғасын ашып көрсетуге, Қазақ хандығы тарихындағы алатын орнын анықтауға жазба дерек мәліметтері толық мүмкіндіктер бермейді. Соған қарамастан, қолда бар мәліметтерге сүйеніп, аталған хандардың бірі Бұйдаш ханның билік еткен жылдарына назар аударып керелік.

1. Бұйдаш хан – (кейбір деректерде Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан деп ұшырасады) Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы Тақыр ханның інісі.
2. Тақыр ханнан соң таққа 1532 жылы отырады. Мұхаммед Хайдар Дулатидың дерегінде Бұйдаш хан 5-6 жылдай билік құрып, 1534 жылдан кейін қайтыс болған. Ал «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахиар», «Жылнамалар жинағы» еңбектеріндегі деректерде Бұйдаш хан 20 жылдан аса хан болған. Т.И. Сұлтанов Шығыс деректерінің мәліметтеріне сүйеніп, Бұйдаш ханды 1559 жылы қаза тапқан деп есептейді.
3. Жазба деректердегі Бұйдаш ханның қатысуымен болған оқиғаларға зер салсақ және болған оқиғалардың географиялық аумағына көңіл аударсақ, онда Бұйдаш ханның Жетісуда ғана билік еткеніне көз жеткіземіз.
4. Мұхаммед Хайдар Дулати Бұйдаш хан билікке келген кезінде 30 мыңдық адамы болды десе, келесі бір дерегінде Бұйдаш хан тұсында 20 мың қазақ қана қалды деп жазады.
5. Бұйдаш ханнын өміріндегі анықталған бір оқиғаға оның 1556 жылы Шығыс Түркістандағы моғол билеушісі Рашид ханның (1533—1560) ұлы Абд ал-Латиф сұлтанның қазақтар мен қырғыздарға жасаған жорығына тойтарыс беруі жатады.
6. Бұйдаш ханға байланысты келесі бір дерек мәліметінде оның 1559 жылы Мауреннахрға жорығы жөнінде баяндалады. Бұл жорыққа 20-дан астам қазақ сұлтандары қатынасады. Сайрам маңында шайбанилық билеушілер әскерімен болған ұрыста қазақ әскерлері шаһды дауылдың бетке қарсы соғуына байланысты жеңіліс табады. Осы ұрыста Бұйдаш хан, қаза тапты делінеді. Бұл мәліметте Қадырғали Жалайыр дерегі одан әрі былайша толықтыра түседі: «Бұйдаш хан Барақұлы Дервиш ханмен соғыста өлді. Бес ұлдың ұрпағы жиырма төрт сұлтан сонда шаһид болды».
7. Бұйдаш ханның Дервиш ханмен соғысы Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге иелік ету үшін болған. XV ғасырдың 70-жылдарынан бері басталған күрес 1598 жылға дейін созылады. Бұйдаш хан мен Дервиш хан арасындағы шайқас – сол күрестің бір көрінісі ғана.
8. Деректерде Бұйдаш ханның ұрпақтары жөнінде ештеңе айтылмайды. Қадырғали Жалайырда: «Әдік, сұлтанның ұрпағын бес ұл деп атайды. Бес ұлдың ұрпағы жиырма төрт сұлтан сонда шаһид болды», – деп жазады. Соған қарағанда Бұйдаш ханның ұлдары 1559 жылғы шайқаста әкесімен бірге қаза тапқан болуы мүмкін деп жорамалдайды белгілі тарихшылар.

el.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста