Исламхан Байгисиев: Өнердің түбіне жететін - жасандылық

Исламхан Байгисиев: Өнердің түбіне  жететін - жасандылық

Заң қызметкері әрі композитор Исламхан Байгисиевпен сұхбат

 

Өмірде адамды таң-тамаша қалдыратын тосын құбылыстар да болып тұрады. Мәселен бір-біріне мүлдем кереғар құбылыстар қатарында саналатын физика мен лириканың үндестігін бүгінде екінің бірі, егіздің сыңары біледі. Есімі төрткүл дүниеге танымал физик Альберт Эйнштейн әлем поэзиясының жанкүйер оқырманы ғана емес, жанашыр білгірі де болған екен. Москвадағы Ильичтің музей үйінде Тютчевтің лирикалық жинағы сақтаулы тұр. Тіпті бар ғой, өлең жазатын атомшы ақындарды да білеміз...
Ал юриспруденция мен поэзияның арасында қандай дәнекер бар?! Мұны екінің бірі айта алмаса керек. Дегенмен, бұлардың арасында да байланыс бар болып шықты.
Әсем әуендерін республикалық эфирден талай мәрте естіп, сырттай тәнті болып жүрген композиторларымыздың бірі Ислам Байгисиев юрист болып шықты. Мәссаған, бұған не айтарсың?!

 

– Исеке, шынымды айтсам Сіздің заң қызметкері еке­­ні­ң­ізді жаңа ғана есітіп отырмын. Жарықтық Муза құсы пен­де ба­ла­сының басына қо­нар­да оның анкетасына қарап, жөн-жо­сы­ғын сұрап жатпайды екен-ау...


– Бәлкім, солай да шығар. Менің білетінім, өнер халықтікі ғой. Қар­ша­­дайым­нан қазақ ауылында өсіп, халқымыздың қасиетті ән-жы­рына сусын­дап өстік. Кіндік қаным там­ған жер – Жамбыл облысының Шу өңі­рі. Бұл өлке әсем ән мен күм­бір күй­­дің аймағы десем асыра айт­қандық бол­мас. Тоғыз жолдың торабы болып, цивилизация ке­руе­ні респуб­ли­камыздың басқа облыстарынан гөрі осы атырапқа ен­телеп, ертелеу келгенімен мұн­дағы тұрғы­лықты ел қазақтың атам­заманғы ұлттық ұла­ғатын, өр­кенді өнерін әлі де мықтап ұстап отыр. Мұны мен орынды түр­де мақ­тан етемін.


Менің замандастарым теледи­дар­дағы сөз сайысына таңырқай там­­санып, тамашаға кенеліп жат­қан­да мен ұлттық өнерімізді экзо­тикаға айналдырып алған қызба қауымға үрке қарағанмын. Неге дейсіз ғой? Көзімді ашып көргенім – той-томалақтағы сөз сайысы. Біз­дің елде екінің бірі қолына дом­быра алып айтысқа түсіп кетеді.


Қазақ сөз қадірін білетін халық қой, шіркін! Суырып салып айтыса кететін араб бәдәуилері мен қазақ, қырғыз халықтарына ғана тән өнер екен. Бұған әлемнің басқа халық­та­ры тамсана да, таңырқай қарайды. Қанымызға сіңген киелі қасиетті арзан экзотикаға қор қылмайықшы, осы!


Құлағымызға жастайымыздан сің­­ген жыраулық өнер ше? Ақтан­бер­ді, Шалкиіз, Асан қайғы, Бұқар жы­раулар үшін даланың ұлы фи­ло­соф­тары ғой! Енді соған Құрман­ғазының құландай асау күйлері мен Тәт­тімбеттің сырлы шертпе күйлері қосылғанда қайда сиярыңды біл­мейсің. Бұл сыйқыр сезімді сөзбен жет­кізу қиын.


Менімше, дала перзенті болған соң ән салмай, сұлулыққа тамсанбай тұра алмайсың. Кім білсін, қа­зақ­тың әрбір қарадомалақ бала­сының басында өнер шалығы, өлең шалығы болатыны содан шығар...

 

 Мәдина Ералиева Исламхан Байгисиевтің сүйемелдеумен "Ақ баянды" шырқап тұр


– Айтпақшы, алғашқы әніңіз қалай туды?


– Алғаш, Жамбыл облысы Шу ауданының Новотройцкое село­сын­дағы (қазір Төлеби ауылы) сегіз жылдық мектеп-интернатында, кейін, 9-10-кластарды, Қазақ орта мектебінде оқыдым...


Мектеп-интернатта оқып жүрген кезде, жергілікті әуесқой композитор Серік Әденовтың әндеріне ғана емес, әдемі көгілдір түсті баянына да қызығушы едім.


Жоғарғы кластарда әйгілі күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев ағамызға еліктедік...


Тоғызыншы класта оқып жүрген кезде, әндерін айтып жүрген («Жа­зыл­бекшілер маршы», «Ақ қанат қар­­лығаштар», т.б.) композитор Мэлс Өзбековпен кездесу болды. Ал­ғаш «тірі» композиторды көріп, жаңа әндерін тыңдап, кештен жақсы әсер алдым. Сол кештің, сол кез­де­судің әсері шығар, алғаш рет ән шы­ғару туралы ой келді...
Сол 1967 жылы мектеп сахнасын­да менің «Аққулар» әнімді кластасым Әли екеуміз орындап, ертеңіне «жұлдыз» болып шыға келдік...


1970 жыл болуы керек, ән «Ле­ниншіл жас» газетінде жарияланды. Тек әннің мен жазған сөзін ақын Сабырхан Асанов қайта жазыпты. Кейінірек «Аққулар» Қазақ радиосынан Нұрғали Нүсіпжанов пен Жұмат Махамбетов­тердің орындауында көпке тарады. Бұл жолы ән ақын Төлеш Шаханов жазған текст­пен орындалды...


Содан, алғашқы музыкалық са­уат жоқтығынан, жеті жылдық бастауыш музыка мектебінің куәлігінсіз Консерватория қабылдамайтын бо­лып, композитор боламын деген арман тек арман болып қала берді.

 


– Апыр-ай, сонда бар болғны 17 жастағы түбіт мұрт бозбала кезіңіз екен-ау...


– Бұл ән атымды сонша аспандатар деп ойлаппын ба ол кезде?! Дегенмен, кеудемде балаң мақтаныш сезімі ала тайдай асыр салғаны шындық еді. Оны жасыра алмаймын. Бүгінде бұл әнді бірқатар танымал әншілеріміз орындап жүр.


– Иә, «Аққулар» қолтаңбасы қалыптасқан композитордың әні секілді...


– Осы әннің авторы мен едім дегенде күдіктене қарағандар да болды. Ән адамның жүрегінде әлдилеп жүргенде өзінікі де, сыртқа шығып кеткен соң елдің қазынасы ғой. Оның сыншысы да, иесі де ел бол­мақ.


Өз басым кеудемдегі күмбірлеген әуеннің бәрін әнге айналдырып, жұрт­­қа ұсына бермеймін. Менің ойымша, өнер деген киелі шаңыраққа адам баласы аяқ киімін шешіп, жа­лаң-аяқ кіруге тиіс. Өзің де ұйқас­қан­­ның бәрі өлең емес екенін жақ­сы білесің ғой, сол сияқты әуеннің бә­рі ән бола бермейді. Өнердің тү­біне жететін – жасандылық. Осыны ес­те сақтай бермейтініміз өкінішті-ақ.


Ән менің күнкөрісім емес, махаббатым! Қазір әуесқой композиторлар арасында да халық әнін сүйсіне айтатын дарын иелері баршылық.


Қазір әуенсіз әндер көбейіп кетті, сөздері де сын көтермейді. Ұлттық ән-күйдің дәстүрінен қол үзген жерде шынайы өнер туындысы дүниеге келмейді. Бұған өз басым сенімдімін.

 


– Жастарымыздың Батыс­тың даңғаза шуына ессіз табынып, есіре еліктеуіне қарсы қандай қайран бар деп ойлайсыз?


– Өнерде өз өрнегін сақтамаған елдің көсегесі көгермейтінін түсі­не­тін уақыт жетті. Әдебиет пен өнер­дің ұлттық келбеті мен коло­риті деген ұғым көктен түскен жоқ. Бұл – халықтың шежіресі.


Біздің бүкіл өнеріміз ұлттық өнер­ден бастау алуға тиіс деп ойлаймын. Сонау отызыншы жылдары Совет Одағының өнер сүйер қауы­мын тамсандырған ұлттық операларымыз «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» секілді кесек туындылардың шоқтығын көтеріп, абыройын асырған, халық әуендері.


– Бәсе, Сіздің әндеріңізден дала әуені молдау естілу сырын енді түсінгендеймін...


– Композиторлардың ішінен ала­бөтен айтатыным – Шәмші Қал­даяқов. Бала кезімізден Шәмші аға­мыздың әуендеріне тербеліп, емі­реніп өскен ұрпақпыз. Шәмшінің әні – бүкіл бір ұрпақтың өмірбаяны. Оны естігенде өз басым балалық шағыма саяхат жасап қайтқандай соншалықты ғажап бір рухани ләззат аламын.


Сөз реті келгенде көңілімде жүр­ген бір ойды «Қарағанды жаста­ры­ның» оқырмандарымен бөлісе ке­те­йін­­ші. Қазақ­стан­ның қай түк­­­­­піріне барсаңыз да аты танымал осы аяулы Шәмші ағамыз СССР Композиторлар Одағының мүшесі емес көрінеді. Сонда ол да әуесқой композитор санатында болға­ны ма? Айтудың өзі ұят. Қалай болғанда да Шәмші Қалдаяқов аға­мыз­дың шын бағасын бере алмай жүрге­німіз ақиқат...

 


– Өз өнеріңіз жайлы өз пікі­ріңіз­ді де білгім келіп отыр­ға­ны...


– Бұл сауалға жауап бере алмас­пын. Азды-көпті өнерімнің бағасын беретін халық қой. Мен не айтамын...


Өзімді танымал композитормын деп ойламаймын. Мен тек әнді сүйе­мін.Мен тек әнге ғашықпын. Жаныммен, жүрегіммен ғашықпын ән-әуеге. Бар болғаны осы ғана. Ән­ге деген махаббатым әуендерге бастай береді.


Өлеңді таңдап оқимын, Табынатыным Абай, Мұқағали, Фариза. Поэзия әлемін кезіп, одан рахат алу бақыты екінің бірінің еншісіне жазылмаған. Прозадан көрі поэзия­ның оқырманының аз болатыны содан шығар, бәлкім...


– Ал жергілікті ақындардан кімнің қолтаңбасы жаныңызға жақынырақ?


– Қарағандылық қаламгер­лер­дің ішінде ақын Оңайгүл Тұржа­но­вамен жиі араласып тұрамыз. Оның сөзіне жазылған «Қос жұл­дыз» деген әнімді «Адырна» ан­сам­білінің әншісі Мадина Ералиева айтып жүр. «Жоғал­тып алма мені» деген жаңа әнімді әлі ешкімге ұсына қойған жоқпын.


Қарағандылықтар демекші, біз­дің осы қаламыз республикадағы екінші үлкен қала ғой. Екінші университет те осында. Бірақ, осы қа­ламызды республикадағы екінші мә­дени Орталыққа айналдыра алмай жатқанымыз өкінішті!


Өнер болған соң оның ортасы да болғаны ләзім Қарағандыда сондай орта неге құрмасқа?! Бізде ақындар мен жазушылар да, әншілер мен композиторлар да, суретшілер мен мүсіншілер де баршылық. Басымызды біріктіретін ешкім табылмай тұр-ау, шамасы...

 


– Исеке, әңгімемізді физиктер мен лириктердің рухани туыс­тығынан өрбіткен едік. Ен­ді осы тақырыпта, тереңдетіп, ой тол­ғасақ қайтеді? Сізді өнер адамдарына өгей балаша қарау психологиясы толғандырмай ма?


– Әрине! Бір кезде мен қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы драма теа­тры жанынан екі жылдық курсты тәмамдап, сахнада да бағымды сынап көрген адаммын. Мұхаңның «Ең­лік-Кебек» трагедиясындағы Ке­бектің рөлін сахнаға шығардым. Қа­зір кейбір артист ағайындар ме­нің де солардай артист болмағаныма таңырқай қарайтын секілді. Оған несіне таңғалады? АҚШ-ты бас­қар­ған президент Рейган да артист бол­ған адам ғой.


Қоғамымыз қазір әкімшілік-әмір­шілдік системадан праволық мем­лекетке қарай келе жатыр. Өзі­міз өнерге жақын жүргендіктен пра­волық мемлекеттегі өнер мә­се­лесі бізді қатты толғандырады. Орыстың талантты ақыны Борис Слуцкий өзінің бір өлеңінде:


Что-то в физике в почете,
Что-то лирики в загоне,
– деп жазғаны бар.


Материалдық дүние мен рухани дүние арасындағы осынау кере­ғар­лықтың жойылар күні бар ма екен?


Ақынның осы өлеңінде бізді ойландыратын жайлар бар.


– Осы арада айтар ойыңызды нақтырақ білдіре кеткеніңіз ар­тық болмас еді...


– Несі бар, айтуға болады. Ақын­­дармен салыстырғанда фи­зик­тердің ерекше құрметте екені жасырын емес. Өйткені, олар бү­гінгі біз тір­шілік етіп отырған қо­ғам үшін ауадай қажет «игіліктерді» жа­сайды. Кос­модром, полигон...


Бірақ, белгілі физиктердің бәрі құрмет иесі болған деуге тағы болмайды. Атақты академик Андрей Сахаровты алайық. «Ел ішінде атом бомбасын жарма, Ауғанстаннан әскерді әкет!» деп айтуы мұң еді, оны да Горький қаласына жер аударып жіберген жоқ па?


– Сөзіңіз аузыңызда, Сахаров физик қана емес, ақын да еді ғой!


– Дұрыс айтасыз, солай екені рас. Менімше физиктер мен лириктер проблемасы шынайы пра­волық мемлекетте ғана толық ше­шімін таба алады. Ондай қоғамда Сәкен сынды сұңқар ақынды жа­зықсыздан жазықсыз итке талатып, Шәкәрім сынды шынарды «ха­лық жауы» деп балағаттай ал­май­сың.


Жиырмасыншы ғасырдың соңы материялдық дүние мен рухани дүниенің өліарасындай елестейді маған. Қайта құру мен үшін рух революциясы.


Бізге физиктерді ғана құдайдай құрметтеп, лириктерді қуғынға салатын қоғам керек емес. Мағжан тірілді! Шәкәрім еліне қайта оралды. Мен заң қызметкері ретінде де, өнер адамы ретінде де қайта құру­дың революциялық күш-қуатына қалтқысыз сенемін.


«Құстың ұшу үшін жаралғаны секілді, адам баласы да бақыт үшін туған» деген қағида сөзде қаншама астарлы да терең мән-мағына жатыр десеңші! Өне­рімізбен де, аза­мат­тық тыныс-тіршілігімізбен де туған елге қызмет етіп, соның бір керегіне жарасақ, азамат үшін одан артық мәртебе, одан артық бақыт бар ма екен?


– Мазмұнды әңгімеңіз үшін мың алғыс! Шабытыңыз кеме­рінен асып төгіліп, шалқи бер­сін деген тілек айтамын.


– Өзіңе де рахмет бауырым! Осын­­дай ашық әңгімеден соң жан сарайым жадырап, бір серпіліп қаламын.

 

...Сол күні мұндай сезімді өзім де бастан кешірдім. Шынында да өнер адамдары үшін мұндай бүкпесіз сырласу керек-ақ. Мәдени ортаны осындайда аңсайсың. Ал композитор Ислам Байгисиев сияқты кеудесі әсем әуенге толы азаматтарымыз осындай ортаны сағына із­дейді. Өзім де соның бірімін...

Серік Ақсұңқарұлы,
ақын, ҚР Жазушылар
Одағының мүшесі

 


«Қарағанды жастары» газеті,
1990 жыл, 16 наурыз

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста