Кейкі батырдың бас сүйегі Торғай даласына арулап жерленді

Кейкі батырдың бас сүйегі Торғай даласына арулап жерленді

Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған.

Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақ белсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды.

Кейкі батыр Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады.

Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен.

Астана мен Мәскеу арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін әйгілі қолбасшының сүйегі өткен жылы құпия түрде Елордаға жеткізілген болатын.

Таяуда Қостанай облысы, Амангелді ауданында Кейкі батырдың бас сүйегін жер қойнауына таппсыру рәсімі өтті.

Жерлеу рәсіміне жан-жақтан жиналған жұрттың қарасы көп болды. Олардың арасында арнайы ат терлетіп, алыстан келгендер де бар.

Кейкінің бас сүйегі батырдың ата қонысында тұрғызылған кесенегі жеткізіліп, дұға бағышталып, арулап жерленді. Қабірге батырдың қаны төгілген Жалаулы қонысынан әкелінген топырақ салынды.

Туғаным болды көре алмас,

Бар болса қолда бере алмас.

Аламандарда топ жарсам,

Қуанышыма болды келе алмас.

Алаштың болдым баласы,

Анамның болдым баласы.

Жиенін жалғыз қалдырмас,

Қыпшақтар болды нағашым.

Осылай болар кей ғұмыр,

Осал емеспін ей ғұмыр.

Мен неге осал болайын,

Төбемде менің арғы атам,

Қасқайып қарап Кейкі тұр.

Бітпейді әзір жыр-әнім,

Өлеңге қанбай құмарым.

Себебі бәрі біледі,

Қасқадан төбел туарын,

Тектіден текті туарын.

Кейкі атам кетті батыр боп,

Жеріне келді батыр боп.

Әкеліп басын қойғанда,

Батырға лайық құрмет боп,

Қара бұлттарды қақ жарып,

Атылды сонда ақырғы оқ.

Мен неге осал болайын,

Тұлпардан қалған тұяқпын,

Батыр боп жүрген, ақын боп.

Бек Ноғайбайұлы, Қарағанды

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста