Керей ханның қыстауы табылды

Керей ханның қыстауы табылды

 Жамбыл облысының Мойынқұм ауданынан Керей ханның қыстауы болған жер табылды. Бұл жаңалықты ғалымдар тарихи-археологиялық экспедиция жұмысы кезінде ашты. Қазір олар толыққанды ақпар жинау үшін сол жерді зерттеуге кірісті. Археологтар тұңғыш рет «Ұлы көштің жолы» атты жаңа карта жасап шығарды. Осылайша, ғалымдар Қазақ хандығының 550 жылдығына екі бірдей тың жаңалық әзірлеп жатыр. Ғалымдар уақыттың тығыз болуына байланысты зерттеу жұмыстарын Жамбыл жерінен бастады. Олар Ұлы көштің Әулиеата өңірі арқылы жүріп өткен жолының картасын жасап шықты. Онда көштің бағыты, Қазақ хандығына қатысты жер-су атаулары, тарихи орындар мен археологиялық ескерткіштер түсірілген. Махметқали Сарыбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры: - Талас, Сарысу, Шу және Мойынқұм. Осы төрт аудан бойынша. Бұл енді негізінен Саудакент пен Қозыбасы арасындағы осы кезең болып табылады. Бұл ғылыми тұрғыдан қарағанда тарихи жаңалық деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін бұл карта жасалған жоқ. Сапар барысында сол кезеңнің куәсі болған 4 қалашық пен 5 тарихи ескерткіш картаға түсіріліп, ғылыми сипаттама жасалды. Ал негізгі жаңалық Мойынқұм ауданындағы Хан тауында ашылды. Ғалымдар бұрын-соңды нақты ғылыми деректермен негізделмеген Керей ханның қыстауы болған жерді тапты. Бұл орта ғасырдағы және хандық дәуірдегі қазақ тарихы үшін тың жаңалық болып отыр. Мадияр Елеуов, экспедиция мүшесі: - Қазақ хандығы кезіне жататын, тастан қаланған 8-9 бөлмеден тұрады. Қалыңдығы – 2 метр. Тастан қаланған қабырғасы бар. Бұл – қолда бар дерек. Сондықтан осы экспедиция өзінің алдына қойған мақсатына толықтай жетті деп ойлаймын. Экспедиция оралғаннан кейін Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақ хандығы мыңжылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға еліміздің және Германия, Үндістан, Қытай сынды бірнеше мемлекеттің тарихшы ғалымдары қатысты. Олар да бұл деректерге аса қызығушылық танытып отыр. Лин Мэйцунь, Пекин университеті археология және мұражайтану институтының профессоры: - Конференцияда естімеген тың жаңалықтармен таныстым. Өте маңызды жиын екен. Қазір Қытай Қазақстан, одан кейін Орта Азия елдеріне өте үлкен көңіл бөліп отыр. Әсіресе Жібек жолына. Егер қазақ тарихшыларынан бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс түссе, қуана келісер едім. Қазір ғалымдар Керей мен Жәнібек Хан тауында жерленуі мүмкін деген болжам айтуда. Оны анықтау үшін археологтар қайта зерттеу жүргізіп, экспедиция сапарын жалғастырмақ.

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста