Кім еді Тілеубайдың Боқай биі?!

Кім еді Тілеубайдың Боқай биі?!

Қазақ тарихындағы Баян­ауланың Ақкелін аталатын же­рінің алатын орны бар. Атақты Шорман бидің әйелі Қуандық ішінде Қареке руынан шыққан Топай сұлуға берілген атау бұл.

Қысқаша қайырғанда Арал­төбеге қыз Шорманды іздеп ке­леді. Қазіргі Теңдік ауылы тұрған жерде екен. Шоң мен Шор­манға хабар жетеді. Бес қаруын асынған аруды кө­ріп абдырап қалады. Көп ұза­май екеуі көңіл қосады. Сөй­тіп елінің құтты келінінің аты­на сол мекеннің атауы бе­ріледі. Атаусыз қалған менің не­мере атам Боқай би қазан төңкерісіне дейін Ақкелін бо­лысына 9 жыл болыс болған. 1916 жылы "Июнь жарлығы” шығып, қазақтан окоп қазу үшін әскер алуға Омбы жан­дармериясынан бұйрық бері­леді. Елдің игі жақсылары бұл жарлыққа келіспей, көтеріліске шығуға бел буады. Елді патша әскеріне қарсы Боқай би бастайды. Олар ол кезде Есен­тай байдың Жанәбілінің жайлауымен шектес Бұқар ба­бамыз жатқан Байзақтан былай 3 шақырым жерде Қақ­сал деген жерді мекендеген. Бас қосып Алабас тауының ма­ңайына әскер жинайды. Бо­қай жалғыз інісі Қаратайды алып шығады. Немерелес інісі Тү­сіпбай Боқайға:
– Сен Қаратайды ертпей-ақ қой, олай-бұлай боп кетсек ар­тымыздағы бала-шағаға ие бо­лады, – дейді.
– Жоқ, атқа жалғыз айыл тартып шабады, өзі мерген, най­загер, кәпірді қырады, – деп жанынан тастамайды. Оқ­ты қарудың не екенін білмейтін кез. Кеуделеріне құрым киізден сауыт тігіп киеді. Бұлардың да­йындығын естіген патша әскерінен 80 солдат Омбыдан Баянауылдағы ағаш үйге бекініп дайын оты­рады. 500 атты оларға лап қояды. Отты қару қойсын ба?! Аттарынан атып, түсіре бас­тайды. Таяп қалған оқ Қаратайдың маңдайынан тие­ді және алғабастық жол­дасы Майемеров те оққа ұша­ды. Ер­теңіне орыстар олар­дың сүйегін қайтарады. Жан­дармның бұйрығы бойынша елдің игі жақсыларын Керекуге түрмеге қамайды. Боқай ата­мыз да басшы ретінде түрмеге қамалады. Сонда қызы Мүкал өлеңмен хат жазады.
Жая жатыр, жал кетіп,
Қарағай мен қайың тұр.
Қалтырасып хал кетіп,
Тоғайлар қалды сорайып,
Өрігі мен тал кетіп.
Бала-шаға, кемпір-шалды жеткізіп...
Түрмеде отырған Боқай бұл хатты алып, қамыға отырып былай деген екен:
Дүние өттің-кеттің
опасы жоқ,
Байқаймын, елге менің
керегім жоқ.
Түбіме бай-құлақтар сендер
жеттің,
Мүкалдың жетімдігі
ойға түсіп.
Басымды сүйей алмай
құлай кетті,
Қасқайып, бас көтеріп,
ер Жанәбіл.
Сыланып отыратын сипат
қосып,
Бір уақытта көзім түсті
Түсіпбекке.
Тайсалмас ер еді ғой тұрған
көпке
Ішінде Шәкей, Шәпау
бәрі де бар...
(Бұл сөздерді мен әкем Қоқыштан естігем. Ол кезде әкем 8 жаста екен).
Боқайдың тұрған жерлері Сұңқарқия, Қызылшал, Далба-Қақсал. Інісі Түсіпбай Қақсалда жерленген. 1961 жылы 23 қыр­күйек деген жазу тұр ба­сында.
Керекуден 500 орыс сол­даты шығады. Прапорщик Чук­реев деген басқарыпты.Кеңесшісі Аркадьев болған екен. 1917 жылдың 31 қаң­тарында Омбы әскери про­куроры үкіметке қарсы шықты деген желеумен жаңағы ос­падар шенділер елдің 44 игі жақсыларын темір торға то­ғытады. Соларды құтқарған Мұсаның Сәдуақасы екен.
Арқада бір құтым бар
Мұса Шорман,
Үзілмей келе жатқан
ескі қордан.
Мұсаның бел баласы
Сәдуақас,
Құтқарған сан қыранды
түскен тордан,
– деген өлең жолдарын әкем айтып отырушы еді.
Омбыдағы үлкен шенеу­нік­тің бірі Боқайдың даңқын естіп, сөйлеспекке келеді. Ау­дар­машысы арқылы келе сала киімін, киіз үйдегі жиһазының жоқтығын айтып, кедейлігін бетіне басады.
– Біздің кілеміміз көшкен жерде қалады. Ал, екіншіден көйлек кірі жуса кетеді, көңіл кірі айтса кетеді, сүйек кірі қайтсе кетеді-деп, ұтырлы жа­уап қайтарады.
Сөзден тосылған сырнай мұрын, қуық бас алды-артына қарамай тайып отырыпты.
Боқай бидің бабасы Қой­сары Бұқар жыраудың әкесі Қалқаманмен ағалы-інілі. Бо­қай­дың 3 баласы болған. Ұлы Сейдіғалым (марқұм) өмір бойы Алғабаста тұрды. Ба­лаларының бәрі Ішкі Істер бөлімі қызметкерлері. Мүкал қызы ақын болған. Ұлы Шә­кәрім ақсақал Үміткерде, Зә­бида қызының балалары Пав­лодарда тұрады. Менің атам Түсіпбай екеуі бірге туысады. Көп нәрсе ұмытылған. Есте қалғаны осы. Кейінгі ұрпақ бабаларының кім болғанын біле жүрсін деген ниетпен осынау жазбаны газетке беруді жөн көрдік.

Тәбәрак ТҮСІПБАЕВ,
Бұқар жырау ауданы
ortalyk-kaz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста