Ленинград қоршауы кезінде төрт үйдің адамдары аштықтан қалай аман қалды?

Ленинград қоршауы кезінде төрт үйдің адамдары аштықтан қалай аман қалды?

Дүниеде итті қадірлемейтін халық жоқ шығар, сірә. Адамға беріле қызмет ететін ол туралы небір ғажайып оқиғалар ауыздан ауызға таралып жатады. Осындай таңқаларлық жайдың бірі Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында орын алған екен.

 

1941 жылы Ленинградта 3 миллионнан астам адам тұрған. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл қаланың 872 күн бойы жау қоршауында болғаны белгілі. Оны неміс армиясы 1941 жылғы 8-қыркүйекте толықтай қоршаған, ол қоршауды Қызыл армия 1944 жылдың 27-қаңтарында ғана бұза алды. Осы 2 жыл 5 айға жуық уақыт ішінде ұрыс қимылдары мен бомбалау-атқылаудан қаза тапқан жүздеген мың адамнан бөлек, қаланың 630 мыңнан астам бейбіт тұрғыны аштықтан өлген.

 

Міне, осы бір қасіретті күндерде Ленинградта иелері Трезор деп ат қойған бір ит 16 адамды аштықтан аман алып шыққан екен. Тазы мен терьерден туған Трезор өте зерек, алғыр болыпты, сондықтан оны бір аулада тұратын көршілердің бәрі де жақсы көріпті.

 

Ленинградтағы азық-түлік жетіспеушілігі 1941 жылғы қазан айының өзінде-ақ байқала бастаған екен. Қаламен шектесіп кеткен Парголово елді мекеніндегі шағын ғана ағаш үйде паналап жатқан төрт үйлі жанға да аштық қаупі төніпті. Бір күні олар өздерінің сүйікті иті Трезорға беретін быламық та таппай қалады. Сөйтіп оның итаяғына су құяды. Ал ақылды ит болса, су құйылған ыдыс пен шарасыз қалған адамдарға кезек-кезек қарап алыпты да, белгісіз жаққа қарай шауып ала жөнеліпті. Жұрт оны енді қайтып көрмеспіз деп ойлаған.

 

Трезор болса, үйге түске қарай қайта оралыпты. Ол қоян ұстап әкеліпті. Сол қоянның еті төрт отбасының түстік асына жаратылады, ал басы, табандары мен ішек-қарны итке бұйырады.

 

Ақылды ит мұнымен тоқталып қалмапты, ол үйге күн са­йын қоян ұстап әкелумен болған. Сөйтсе Трезор оларды сов­хоздардың соғыс себебінен жинап үлгермей қалған егістікте­рінен аулап жүр екен. Иесіз егістікте жиналмай қалған капуста, картоп, сәбіз, қызылшаға жабайы қояндар еркін жайылып жүріпті.

 

Трезор күн сайын аңға шығады, күнде үйге қоян ұстап әкеледі. Төрт отбасы тұрып жатқан үйде күнде тамақ пісіріледі. Тұрғындар қоян терісінен жылы қолғап тігіп, оны темекіге, ал темекіні азық-түлікке айырбастап қарын тойғызады. Трезордың қайда барып жүргенін көрген балалар шанамен егістікке барып, қар астында қалған картоп, сәбіз, қызылшаларды қазып алып тұрған.

 

Қысқасы, қоршаудағы мыңдаған адамның өмірін жалмаған аштық төрт отбасы тұрып жатқан бұл ағаш үйге жолай алмапты. Ондағы 16 адамның барлығы да аман қалған. Оларда тіпті Жаңа жылды үйреншікті салтанатымен қарсы алып, жасыл шыршаға ойыншықтармен қоса шоколад, кәмпиттер ілуге де мүмкіндік болыпты. Тәттіні олар әскерилерден қоянға айырбас­тап алып отырған екен.

 

Трезор Ленинград қоршауының ауыр күндерін төрт үйлі жанмен бірге осылай аман-есен өткеріпті. Өкініштісі, ол Ұлы Жеңістен кейін, 1945 жылдың маусым айында опат болыпты. Күнделікті әдетінше таңертең аңға кеткен Трезор арада бір сағаттай уақыт өткен соң үйге қансырап оралған, аулаға жетіп жан тапсырған. Ол жарылмай қалған минаға ұрынған екен, қауіпті дер кезінде сезгенімен жарылыстан алысқа ұзай алмапты.

 

Трезорды ақтық сапарына жұрт жақын адамынан айырылғандай қайғырып шығарып салыпты, оны үй ауласына жерлеп, басына құлпытас орнатыпты.

 

...Соғыс біткесін, 1960 жылдардың орта шенінде Парголоводағы ағаш үйлер сүріліп, орнына көпқабатты ғимараттар салына бастайды. Сонда иелері басқа жаққа көшірілген ағаш үйдің ауласынан құрылысшылар шағын зиратты, ондағы құлпытаста орнатылған иттің суретін көріп таңқалыпты. Шағын обелискіде: «Қымбатты досымыз Трезорға (1939-1945 ж.), ол құтқарып қалған иелерінен» деген жазу бар екен.

 

Құрылысшылар бұл жайдың әйгілі Ленинград қоршауына тікелей қатысы барын бірден түсініп, ескерткішке тимейді, сүрілгелі тұрған үйдің бұрынғы тұрғындарын іздестіреді.

 

Арада бір апта өткенде әлгі жерге жасы ұлғайған, ақ шашты бір кісі келіпті. «Бұл біздің Трезорка ғой! – депті ол қатты толқып. – Ол бізді бала-шағамызбен қоса аштықтан құтқарып қалған. Мен оның суретін жаңадан алған пәтерімнің қабырғасына іліп қоямын».

 

Осылай деген әлгі адам обелискідегі ит суретін аялай ұстап, ақырын шешіп алыпты. Сосын құрылысшыларға Трезордың өздерін қалай құтқарғаны туралы айтып берген. «Егер мүмкін болса, Трезордың зиратын бұзбаңыздаршы. Қайта бұл жерге шырша егіңіздер. Жаңадан бой көтеретін үй балаларының Жаңа жылды қарсы алғанда тойлайтын өз тірі шыршалары болсын», – деп өтініпті. Құрылысшылар оның өтінішін орындапты.

 

...Иә, ит – адамның досы. Біздің қазақ оны жеті қазынаның біріне тектен-текке теңемеген ғой.

 

Р. ҚЫДЫР.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста