Президентке бата берген Шәкір Әбенұлы жайлы не білеміз?

Президентке бата берген Шәкір Әбенұлы жайлы не білеміз?

 Ол 1901 жылы Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келді.

Мұхамедшүкір – бұл есім көпшілікке таныс бола қоймас. Десек те 1991 жылдағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі дәл осы есіммен тікелей байланысты еді. Бірден ойыңызға Шәкір Әбенұлы түссе, онда қателеспегеніңіз анық. Осы ретте аңызға айналған абыз жайлы біраз деректерді келтіруді жөн санадық.

Ол 1901 жылы Абай ауданы Құндызды ауылында дүниеге келді. Дүйім жұртқа Шәкір ретінде танымал болғанымен азан шақырып қойған есімі – Мұхамедшүкір. Әкесінің ықпалымен ерте ауыл молдасынан мұсылманша хат танып, Семейдегі приходская мектебінде үш жыл оқыды. Жастайынан зейінді, мұсылманша және орысша сауатын ашқан Шәкір, өнер-білімге құштар жан еді. 1915 жылы Семейдегі ер балалар гиназиясына оқуға түскенімен, 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқуын жалғастыра алмай, ауылына қайтады. Ақындық өнерде Абайды пір тұтып өлеңдерін жаттап өседі. Сол секілді Шәкәрімнің ойшылдық ұлағатына қанығып, Сұлтанмахмұт Торайғыровпен етене араласқан деседі. Әсіресе Шәкірдің ақындығын Сәкен Сейфуллин және Ілияс Жансүгіров сынды марқасқалар жоғары бағалапты. Дегенмен оның саналы ғұмыры тар жол, тайғақ кешуден тұрды. Қазақ шайыры Алаштың бодандық қамытынан құтылатын күнді аңсап өтті. Сондай-ақ өзі де осы жолда басын бәйгеге тікті. Шәкірдің отаршылдық езгіге қарсы қолданған басты қаруы – ұлттық әдебиет еді. Тоталитарлық режімге қарсы тұрған дала саңлағының әрекетін, Кеңес Одағы үнемі басып шаншып отырды. Олай дейтініміз, абыздың жарты өмірі темір қапаста қамалумен өтті. Бұл жөнінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері Нұрсұлу Санақбекқызы былай деп ой өрбітті:

«1928-1930 жылдары Шәкір Мақаншы аудандық тері-терсек мекемесінде қабылдаушы болып еңбек етті. Екі жылдан соң бұл мекеме жабылып, Үржар аудандық тері-терсек мекемесіне қоймашы болып орналасады. 1933 жылы Үржарда «Сәдуақасовшылардың» қара тізіміне ілініп, Ақтөбе лагерінде айдауда болды. Арада екі жыл өткеннен кейін одан босап, мамыр айында Абай аудандық жер бөлімінде статист ретінде қызметке араласты. Талай игі жақсылардың тағдырын жалмаған 1937 жылы, Шәкірдің де басына қауіп төніп, Аягөз ауданындағы Мыңбұлақ станциясына барып жанын сауғалауға тура келеді. Ал 1938 жылы Қазақ ғылым академиясының филиалында халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинайтын корреспондент, сонымен қоса 1939 жылға дейін Жамбылдың екінші хатшысы болып жұмыс істеген. 1940 жылдың аяғында туған жері Семей облысына келіп, ел аралай отыра шығармашылыққа ден қояды. Бұған қоса Абай мұражайында экскурсовод болып қызмет етіп үлгерген екен. Бір жыл өткен соң оны ұстап Фрунзе қаласындағы түрмеге жабады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, 1942 жылы майданға сұрана отыра «штрафбаттың» құрамында фашистермен айқасады. Алайда Брянскіде болған шиеленісті ұрыста Шәкір ауыр жарақаттанады. Госпитальден сауығып шыққаннан кейін соғысуға жарамсыз деп танылып, елге оралады. Әйтсе де мұнда да ақын тыным таппай, Жданов ұжымшарында тыл жұмысына белсене араласты. 44 жасында Серікбүбі Молдаханқызына үйленіп, бала сүйеді. 1947 жылы қуғын-сүргін қайта басталып, ақынға «Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр» деген айыппен 1949 жылы 1-ші шілдеде тұтқынға қайта алынды. 1955 жылы қазан айының 3-і күні Шәкір түрмеден босатылды. 60 жасқа толған уақытында, ақынға жазықсыз айып тағылғандығы туралы мәселе қаралып, Қазақ ССР Жоғарғы соты, қылмысы жоқ деп тауып Шәкір Әбенұлының ақталуы туралы шешім қабылдайды», – деді сарапшы маман.

 

Шәкір Әбенұлы 40-қа жуық әннің, 20-ға жуық күйдің авторы. Ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Таңшебер – Жапал», «Кейпін батыр», «Тоқтамыс», «Пәрмен» сынды сүбелі поэ-маларды жазып шыққан. Сол сияқты «Ортақ арал» поэмасы, «Қорқыт қобызы», «Пәрмен»,

«Алданған қыз», «Патша мен байғыз», «Ана махаббаты», «Шыңғыстау сазы», «Дастандар» деп аталатын жыр жинақтары басылымдарға енді. Оның айтыс ақыны ретінде де кеңінен танымал болғанын айта кеткен орынды. Әсіресе Тәңірберген Әміреұлымен айтысы «Айтыс» жинағында жарияланыпты. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін Шәкір 1990 жылы «Халықтар Достығы» орденімен марапатталды. Десек те арқалы ақынның басты арманы елінің дербестік алып, жеке алдына мемлекет құруы еді. Абыз ақсақалға бұл күнді көру, тоқсанның біріне шыққанда бұйырды. Тек жай ғана көрмей, 1991 жылы Республика Сарайында елдің тұңғыш Президентіне бата беру мәртебесін иеленді.

– Жырлайтыны Қорқыт, Тоқтамыс және Жапал батырлар. Қарап отырсаңыз, кілең ұлттық филисофия мен салт-дәстүрге негізделген қазақтың тарихы. Мұны көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым өкілдері біле отыра ұлықтау салатанатына дәл Шәкірді әдейі таңдаған шығар. Ол кісі 90 жаста ақылы мен ойынан жаңылмаған ерекше ақын болды. Екіншіден білімі, тілінің өткірлігі, қайсарлығы, ғұмыр бойы егемендікті аңсап келгендігі, ғасыр жасына тақап қалсада ақыл-есінің дұрыстығы осыған септігін тигізді деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл Абай, Шәкәрім және Мұхтардай алыптар дүниеге келген киелі мекенге жасалған құрметтің белгісі болса керек, – деді Семейдегі Шәкәрім атындағы МУ қазақ филология факультетінің деканы, профессор Айбар Қадыров.

kaz.altaynews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста