Қабанбай батырдың қызы кім?

Қабанбай батырдың қызы кім?

Назым - қазақтың ер жүрек батыр қыздарының бірі. Қабанбай батыр мен оның жары, қазақтың батыр қызы Гаухардан туған. Әкесімен бірге XVIII ғасырда қазақ-жоңғар соғысына қатысып, Отанын қорғаған. Назым қыз есімі жұртқа аңыз болып тараған, деп жазады massaget.kz.

XVIII ғасырдың ортасына қарай (1745 ж.) жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен өліп, жоңғарлардың өз ішінде тақ таласы басталады. Осы жағдайды ұтымды пайдаланған Абылай Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат етуді алдына мақсат етіп қояды. Абылай сол жорықтардың бірінде қазақ әскерлерін үш топқа бөледі. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай басқарады. Ол Созақ бекінісіне барып бекінуге тиіс болады. Екінші қолды Жәнібек батыр басқарады. Ол Сырдарияның төменгі сағасына қарай бет түзейді. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарады. Жоңғарлар тарапынан Қалдан Сереннің ортаншы ұлы, тақ мұрагері болған Цевен Доржы шығады. Ол өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, бекініп алады. Абылай Жаңақорғанды алуды Қабанбайға тапсырады. Зеңбірек оларға қарсы оқ жаудырып, жүздеген сарбаз қырылады. Амалсыз Абылайдың қолы кейін шегінеді.

Қандай әрекет жасарын білмей абдырап тұрғанда, қазақ жасақтарының оң жақ тұсынан Цевен Доржы тұрған төбеге қарай басында үкілі кәмшат бөркі бар, ақ боз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шығады. Қыздың қолында не найза, не сойылы жоқ, бар болғаны қамшы ғана. Мұны көрген қалың қол шыдай алмай лап қойып, «Абылай! Ақ жол! Қабанбай! Абылай!» деп айқайлап, зеңбірекшілердің түйесін таптап өтеді. Цевен Доржының қолын талқандап, жеңіспен оралған Абылай манағы қалмақтарға қарсы шауып, жеңіске жол салған қызды іздестіреді.

Бұл Қабанбай батыр мен оның зайыбы, қазақтың батыр қызы Гаухардан туған жас Назым екен. Бүлдіршіндей қыздың осыншама ерлігіне дән риза болған Абылай беліндегі сом алтыннан соғылған белбеуін шешіп, қызға сыйлапты. Абылайдың жоңғарларды толық талқандауына жол салған жеңісі сол Назымның атымен байланысты болған.

 inform.kz/kaz/article/2880491

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста