Қайрат Рысқұлбековпен жатақханада бір бөлмеде тұрған Бауыржан Қайранбек желтоқсан оқиғасын баяндап берді
1986 жылдың 16 желтоқсанында ерлікпен ел есінде қалған Қайрат Рысқұлбековтің досы, экономика ғылымдарының докторы Бауыржан Қайранбек сол күнгі оқиғаны баяндап берді.
7 арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында ол сол күні телеарнар «қазақтың бір топ нашақор қыздары мен жігіттері алаңға шықты» деген хабар таратқанын айтты.
«17-сі күні біз сабаққа барып келген кезде Нұрмахан деген Шымкенттің жігіті, Бауыржан, естідің бе, алаңға шыққан жастарды қуалап жатыр екен, деді. Олай болса барайық дедік те, жатақханада жиналдық. Біраз уақыттан кейін деканның орынбасары шақырып, қиын заман болып жатқанын айтты. Сол сәтте телеарнадан қазақтың бір топ нашақор қыздары мен жігіттері алаңға шықты деп хабарланды», - деп еске алды Бауыржан Қайранбек.
Студияда сондай-ақ, Қайрат Рысқұлбековтің туған інісі Талғат Рысқұлбеков те болды. Ол Қайраттың болмысына тоқталып, сол күнгі көргенін әдеттегідей еске алды.