«ҚАЗАҚ» АТАУЫ ҚАЛАЙ ТУДЫ?

«ҚАЗАҚ» АТАУЫ ҚАЛАЙ ТУДЫ?

Қытай деректеріне сүйенсек, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан бастап, б.д.д. IV ғасырға дейін орталық Қытайдың солтүстігі мен батысын алып жатқан таулы аймақты «жунди» халқы мекендеген. «Жундилердің» солтүстігіндегі құрғақ далада «хунь» халқы, ал оңтүстігі мен шығысындағы төменгі алқаптарда қытайдың арғы бабалары отырды. Далалық «хунь» халқының шығысында, қазіргі Манжуриядан бастап Корей түбегіне дейінгі аймақта «ху» тайпалары өмір сүрді. Көріп отырғанымыздай, б.д.д. IV ғасырға дейін қытай мен хунь халықтары ортасындағы таулы аймақта «жунди» халқы мекендеді.
Хунь елі б.д.д. IV ғасырда қазіргі Моңғолия аймағынан бастап, ұлы Қытай қорғандарына дейінгі алып аймақта Хунь империясын орнатқан. Содан б.д.д І ғасырға дейін Қытай империясын өзімен санасуға мәжбүр еткен даңқты халық. Олар жай ғана тайпа емес, 24 тайпадан тұратын үлкен мемлекет еді. Тарихта «хунь» және «хунну» атауларымен белгілі оларды ғалымдар қазақша «ғұң» деп атап келді. Дұрысында, ол халықтың өз атауы «Қоңыр» болғанын байқау қиын емес. Қытай тілінде «Р» дыбысы мүлде жоқ, осы себептен «хоңыр» қытай дыбыстауында «хунь» немесе «хунну» болып қалыптасқан.
Жыл он екі ай ашық күн астында, жел өтінде өмір сүрген дала халқының өңі қоңыр болуы – заңдылық, құрғақ даланы мекендеген «хунь» халқының өңі қазақтардың өңіндей қоңыр түсті болған, осы себепті көрші «жунди» халқы оларды «хоңыр» деп атаған.
Ал «жунди» халқының өзі қалың ну ормандармен көмкерілген тауды мекендеді. Күн сәулесі түсе бермейтін қалың орманда, тұманды, таулы өлкеде мыңдаған жылдар бойы отырғандықтан ол халықтың түрі көк көзді, қызыл шашты болып қалыптасты. Адамның өң-келбеті қоршаған ортаға байланысты болатынын ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойған. Мысалы, орыс, эстон, татар, беларус, швед тәрізді солтүстіктегі ұлттар көк көзді, сары шашты болып келеді. Өйткені, олар ғасырлар бойы күн қызуы әлсіз батыс-солтүстіктің қалың ормандарын мекен еткен. «Жунди» халқының да көк көзді, қызыл шашты болуы олардың мыңдаған жылдар бойы күн сәулесі түсе бермейтін қалың ормандар көмкерген тұманды тауларды мекендеуімен тікелей байланысты. Қытай жазбаларында «жунди» халқын «қызыл шашты албастылар» деп сипатталады. Осы дерек олардың келбеттері жүндес болғанын аңғартады. Осындай себептен «хоңыр» халқы да таулық көршілерін «жүнді» деп атаған. Яғни, тау халқы дала халқын «хоңыр» деп атаса, дала халқы тау халқын «жүнді» деген.
Ал «хоңыр» халқының шығысында, қазіргі Манжуриядан сонау Корея түбегіне дейінгі аймақта «ху» тайпалары мекендеді. Оларға «ху» атауын берген көршілері – «хоңыр» халқы, оның мағынасы «айлакер, қу» екенін түсініп отырмыз. Яғни, шығысында отырған «қулығы көп» көршілерін «қу» деп атап кеткен (жапон, корей, моңғолдардың арғы ата-бабалары). Жалпы, әр халыққа атауды көршілері берген, «Көршің қалай атаса, солай боласың» деген сөз де бекер емес.
Б.д.д. IV ғасырдың шамасында «жүнді» халқы қытайлардан жеңіліп, екіге бөлінді. Осылайша ежелден қытайдың ата-бабаларын билеп-төстеген «ержүрек жунди» халқы өз Отанынан айрылды. Қытай жазбасында «жеңілген жундилердің бір бөлігі шығыстағы ху тайпалары аймағына, екінші негізгі бөлігі батысқа кетті» деген дерек бар. Б.д.д. ІІІ ғасырда жүнділердің қазіргі Шыңжаң өлкесінде қалғандарын қоңыр халқының (құң-хунь) тайпалары бағындырып, онда «Уйсун» деген кішігірім таулық мемлекет орнайды. Мемлекет атауы әуелде «Үйжүн» болып, билік «қытай жиендерінде» болған кейінгі ғасырларда қытай тілі «үйжүн» атауының «үйсүн» болып өзгеруіне ықпал еткен тәрізді («үйжүн» атауы «жүн үйі» немесе «жүн елі» мағынасында). Үйсүн мемлекетін билеген династия қоңыр (құң-хунь) халқынан, осы себептен өздерін «қоңырмыз» дейтін Үйсүн билеушілерін қытайлар «хуньмо» деп енгізген жазбаларына. Оны бізде «күнби» деп қате түсіндіріп жүр, «хуньмо» дұрысында «қоңырмын» деген сөздің қытайша бұрмалануы ғана.
Б.д.д. IV ғасырдың шамасында «жүнді» халқының жерін қытайлар иеленуі Қытай империясы мен Хунь империясының шекаралас көрші болуына алып келді. Оған дейін екі елдің ортасын Жүнді елі бөліп тұратын. Енді екі империя жақын көрші болды, қоңыр халқы «бойлары аласа, саны аса көп» көршілерін «құрттай» деп атады, ал қытайлар «р» дыбысы жоқтығынан атауды «хытай» деп дыбыстап, осылайша «құрттай» атауы негізінде қытай ұлтының атауы пайда болды. Өз кезегінде, қытайлар да көрші қоңыр халқын «хунь» деп атап кетті, яғни, «р» дыбысы жоқтығынан «хоңыр» қытайша «хунь» болып дыбысталған. Жақын көрші болған төрт ғасырда қоңыр халқы да қытайлық атау ықпалымен өздерін «құң» деп атауға «көндіккен». Осы себепті ескере отырып біз ол халықты «құң» деп көрсеткенді дұрыс санаймыз.
Құң халқы б.д.д. I ғасырда қытай-сяньби одағынан жеңіліп төртке ыдырады. Олардың негізгі бөлігі қазіргі Қазақстан аймағына ауа көшіп, ондағы Сақ тайпасын басып алды. Сол заманда Құң халқын өкшелеген Сяньби әскерін тоқтатқан Тарбағатайда отырған Абар тайпасы екені мәлім. Тарихи деректерде құң халқының алдыңғы легі Құман (Кубань) өзеніне және бір тобы Закавказьеге жеткені көрсетіледі. Әрине, Ресей империясы ғалымдары тарихты бұрмалап, «құңдар қазіргі қазақ даласына еш тоқтамастан, Еділ мен Жайық өзендерінен ары батысқа асып кеткен» деп тұжырымдады. Онысы еш ақылға сыймаса да, «билеушілердің дегеніне» бағынғанымызды жасыра алмаймыз. Құң халқының кейбір рулары Еділ өзенінен ары асып кетсе де, негізгі бөлігі біздің далада тұрақтап қалғаны, осындағы Сақ халқына келіп қосылғаны түсінікті.
Осылайша I ғасырда тілдері туыс көшпелі екі ұлы халық қазақ қазіргі топырағында қосылып, араласып біртұтас ұлтқа айналу процесін басынан кешірді. Билік құңдарда болғандықтан,гі Қазақстан аймағын солтүстіктегі өзге түркітілді тайпалар Құңзақ деп атап кеткен. Құңзақ атауында қазіргі қазақы "жақ" сөзі орнына "зақ" қолданылған. Мағынасы – "құң жері". Демек, көршілер біздің даланы Құңзақ деп атаған, кейін ол даланың халқы да Құңзақ деп аталып кеткен. Сондықтан біздің далада қосылған құңдар мен сақтар бірнеше ғасырлар бедерінде Құңзақ атаулы біртұтас халық болып қалыптасты. Бұл біздің дәуірдің І ғасыры мен ІV ғасыры арасында орын алған. Ал ІV ғасыр мен VІ ғасыр аралығында Құңзақ атауы Қазақ болып өзгеріске ұшыраған. Яғни «құңзақ» атауындағы «ұң» бөлігі қолданыстан шығып, атау қысқарып, әуелі «Қзақ» сосын ол біржолата Қазақ болып орныққан.
Бұл тұжырымның жалаң сөз емес екенін төмендегі деректер растайды.
Құң халқының жауынгер абар тайпасы І ғасырда Тарбағатайды мекендегені тарихтан белгілі. Осы тайпа ІV ғасырда Кавказға қоныс аударғанын да көп ғалымдар мойындайды. Олар «савирлер қысымынан сонда барды» деп тұжырымдалады. Дағыстандағы қазіргі Авар ұлты – бізден барған Абар тайпасы ұрпақтары. Оны аварлардың Дағыстан тауындағы ата қонысы «Хунзах» деп аталатыны, және «хунзах» атауы авар тілінде "хун жері" деген мағына беретіні анық дәлелдейді. Аварлардың ата қонысын мағынасы «хун жері» болатын хунзах атауымен атауы, олардың Тарбағатайдан барған Абар тайпасы екенін деректер айғақтайды. Дағыстандағы Хунзах жазығында аварлардың ежелгі астанасы Хунзах қаласының орны сақталған. Яғни, Абар тайпасы Кавказға көшкен ІV ғасырда біздің далада отырған құң мен сақ Құңзақ деген біртұтас халық болып қалыптасып қойған. Абар тайпасы Кавказға өз тайпа атауымен бірге халықтық Құңзақ атауын да алып барған. Ал бізде Құңзақ атауы сақталмады, өйткені ол кейін өзгеріске ұшырап Қазақ атауына айналды. Әрине, қазіргі авар тілін қазақ тіліне жақын дей алмаймыз, алайда ол Алтайлық тілдер тобына жатқызылады. Тілдерінің соншалықты өзгеру себебін олардың ұзақ ғасырлар бойы – V-XI ғасырлар арасында әуелі византиялық христиандықта, содан соң ХІ-ХІV ғасырлар арасында католиктік христиандықта болғандығымен түсіндіреміз. Олар ұзақ бойы византиялық Шіркеу тілі мен рим-католиктік Шіркеу тілі ықпалына қатты түсті, абарлардың құңзақтық тілін қатты өзгеріске ұшыратты. Тілдерінің өзгеруі тек Ислам дінін қабылдауларымен тоқтады.
Кавказда орныққан сол Абар тайпаларының үлкен тобы VІ ғасырда Еуропаға кетті, 562 жылы Еуропада орталығы қазіргі Венгрия аймағы болған Авар қағанаты пайда болды. Оны орнатқан билеушінің Баян хан екені, ғалымдардың аварларды түркітілділер деп мойындағаны аян. Ол абарлар да өздерімен бірге Құнзақ атауын Венгрияға алып барған. Венгрия аймағында екі бөліктен тұратын Кунзак аймағы бар, оның бірі – мағынасы «кіші кунзак» атауын беретін «Кишкунзак өлкесі», екіншісі – мағынасы «үлкен кунзак» атауын беретін «Надкунзак өлкесі». Ресей өз әдетінше бұрмалап «кунзак» атауын «қыпчак» деп түсіндіріп келеді, алайда Венгрия аймағындағы «Кунзак» атауы мен Дағыстан тауындағы «Хунзах» атауларының негізі бір екені көзі қарақты адамға түсінікті. Екі атаудың да Авар тайпасымен байланысты болуы және ол тайпаның ежелгі ата жұрты біздің Тарбағатай тауы аймағында болғаны көп ақиқаттың бетін ашады. Ең бастысы, осы деректер сақ пен құң деген ежелгі екі ұлы халықтың біздің далада қосылып біртұтас Құңзақ халқына айналғанын дәлелдейді.
Ал енді Құңзақ халқы атауының Қазақ болып өзгеріп, қалыптасқанын тарихи деректер негізінде дәлелдейік. VІІ ғасырда қазіргі Қашқар аймағы халқы қытай жазбасында Хаса деп көрсетіледі. Қытайлар қазақты осы заманға дейін Хаса деп атап келгені – белгілі жайт. Оның себебі – қытай тілінде әріптердің өзгеше дыбысталуында. Қытайлар «қазақ» атауын толық дыбыстаса, ол «хасакы» болып шығар еді, ал қытайлар ертеден бөтен атауларды қысқартып атауға қалыптасқан. Сол әдеттерімен олар қазақ халқын «хаса» деп атап кеткен. Әрине, Ресей ғалымдары өз әдетінше мұны бұрмалап: «Ол атау хазар тайпасын көрсетеді» дейді. Алайда, Қашқар аймағын әлі күнге дейін хазарлар емес қазақтар мекендеп келеді. Ал хазар тайпасының Закавказеге кетпей қалғаны әлі күнге дейін өз Отанында, түркімен ұлтының құрамында өз атауымен тайпа ретінде өмір сүруде.
Тарихи деректер 626 жылы, яғни VІІ ғасырда Закавказьені біздің даладан барған «жалпақ бетті, қысық көзді азияттар» басып алғанын айтады. Олардың Тбилиси қаласын қалай жаулап алғаны тарихта егжей-тегжейлі баяндалады. Ол азияттар сол жерді отарлап, билеп қалды. VІІІ ғасырда арабтар Закавказеде Қазақ қаласы болғанын растайды, сол Қазақ қаласы қазір де бар. Демек 626 жылы біздің даладан барып, Закавказені басып алғандар – Қазақ деген халық. Әлгі қаланың Қазақ деп аталуы сонымен байланысты. Қазіргі Әзербайжандағы Казах пен Армениядағы Касах атаулары – сол қазақтардан қалған белгілер. Екі Кавказ тауы арасында Касахия елі болғанын ІХ ғасырдағы Византия императоры жазған. Араб тарихшысы әрі географы Әл-Масуди Х ғасырда ол халықты Кашак деп көрсеткен. Оның жазбаларында «Кашак халқы ондағы барша халықтардан сұлу, өйткені олардың беттері өзгелерге қарағанда онша жүндес емес, таза» деген дерек бар. Араб тарихшысы барғанда, ол қазақтардың Кавказда отырғанына 300 жыл болған еді. Осы үш ғасырда олардың келбетіндегі «беті жалпақ, көзі қысық» деген азияттық белгілер жойылғанын, алайда кавказдықтарша «толық жүндес» болып өзгеріп үлгермегенін араб тарихшысының сөздері айғақтайды.
Ол қазақтардың үлкен бөлігі ХІ ғасырда, Грузия күшейген заманда өз жерінен айрылып Дон өзені аймағына қоныс аударған. Олардың ұлттық киімдері Закавказеде өмір сүрген ұзақ ғасырларда «закавказелік» болып өзгерді. «Дон казактарының» ұлттық киімдері мен кавказ ұлттарының ұлттық киімдері бірдей болуы осындай тарихтан. Дөң қазақтары кейінгі ХVІ ғасырдан бастап Ресей империясы ықпалымен христиандыққа өте бастады, сондықтан олар Шіркеу тіліне көшуге мәжбүр болып, қазақ тілін жоғалтты. Шіркеу өз тілінен бас тартпағандарды «язычники» деп, қуғынға ұшыратып, өртеп, қырып салатын. Бұл ахуал Закавказеден шыққан қазақтардың «славян тілді Казак тобына» айналуына алып барды.
Ресей ғалымдарының «ескі Дон сөздерінің қазақ сөздерімен бірдей» екенін амалсыз мойындағаны, ал атақты академик Бартольдтің «казактардың шығу тегі қазақтардан» деп тұжырым жасағаны – анық фактілер. Әрине, Ресей байырғы әдетімен: «Казактар негізінен ішкі Ресейден крепостной құлдықтан қашқан орыс шаруаларынан пайда болды» деп бұрмалайды. Алайда, Ресейде құлдық тәртіп тек ХVІ ғасырдан кейін енгізілді, ал казактар Қырымға жақын аймақта ХІІІ ғасырда отырғаны тарихи деректермен дәлелденген. Сонда біздің даладан барып 626 жылы Закавказені басып алғандардың кейінгі ұрпағы казактар болып шығады, ал казактардың ескі өз тілі «қазақша» болғанын ғалымдар мойындайды. Демек, біздің даладан 626 жылы барып Закавказені басып алғандардың ҚАЗАҚ халқы болғаны анық.
Осы деректер мен қытайдың Қашқар аймағы халқын «хаса» деп көрсетуі VІІ ғасырда біздің дала халқы ҚАЗАҚ деп аталғанын дәлелдейді.
ХІІІ ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы Ибн Әл-Асир Шыңғысхан әскері Закавказеде алан мен кашактардың біріккен әскерімен соғысқанын, сол кезде Шыңғысхан әскері кашактарды «Сендер мен біз – бір ұлтпыз, ал аландар – бізден емес» деп үгіттеп, өздері жағына шығарғанын жазады. Ал бұл араб тарихшысы сол ғасырда өмір сүрген. Аландар ұрпағы қарашай мен балқарлар, олардың тілі қазақ тіліне өте жақын болғанымен, өзгешелігі де бар. «Сендер мен біз бір халықпыз, аландар бізден емес» деген сөздері Шыңғысхан әскері мен сол кашактардың бір ұлттан екенін анық дәлелдейді, ал моңғол мен қазақты бір халық деу ақылға сыймайды. Одан гөрі қарашай мен қазақты бір халық деуге болады. Шыңғысхан әскері болса, айдаладағы Закавказедегі кашак халқын «бір ұлттанбыз» деген сөзбен көндіріп, өз жағына шығарды. Шыңғысхан әскері моңғолдар болса, олар кашак дегендерге «біз бір ұлттанбыз» дей алмас еді. Осы дерек Шыңғысхан әскері өздерін «қазақ» деп атағанын, ал кашак-касах – Закавказені VІІ ғасырда жаулап алған қазақтар екенін тағы да дәлелдейді.
Ресей ғалымдары әдетінше, «кашак дегендер – қыпшақтар» деп бұрмалап келді. Алайда, грузин мен араб жазбалары «кашак» деп көрсеткен халық Византия жазбаларында «касах» деп аталады. Оның үстіне, Закавказеде ешқандай «қыпшақ» атауы сақталмаған, ал «казах» пен «касах» атаулары осы күнге дейін сақталып келді. Әзербайжандағы «Казах даласы» мен «Казах қаласы» және ХV ғасырда сол мемлекет аумағында болған «Казах сұлтанаты», Армениядағы «Касах сарқырамасы» мен «Касах өзені» және балқарлар құрамында құлдық сословиеге жатқан «казах тобы» мен осетиндік дигорлар құрамында да құлдық сословиеде саналған «касогта тобы» – соның дәлелдері. Ал қыпшақ атауы атымен жоқ деуге болады. Ресей империясы өзара ұқсастығын пайдаланып, «қыпшақ» атауы арқылы «қазақ» деген халық болғанын жасыруға тырысқан.
Осы деректер Закавказені сонау VІІ ғасырда басып алған Қазақ халқы екенін тағы дәлелдейді. Ал ол өз кезегінде қазақ халқы өз Отанында VІІ ғасырда анық бар болғанын көрсетеді. Оған дейін халқымыз Құңзақ деп аталғанын да дәлелдедік. Демек, Қазақ халқы – ежелгі сақ пен құң халықтарының үзілмеген заңды жалғасы. Ежелгі құң мен сақ халықтарының байырғы қазақ топырағында І ғасырда қосылып, ІV ғасырға дейін біртұтас Құңзақ халқына айналғаны, содан соң олардың атаулары әуелі «қзақ» болып қысқарып, VІ ғасыр соңында Қазақ атауы болып біржолата орныққаны анық.
Закавказедегі қазақтар кейін сондағы осетин, балқар, әзербайжан, армиян, грузин, құмық ұлттары құрамына ассимиляцияланып, сіңіп, жойылды. Осетиндік дигорлар мен балқар ұлтының құрамында «қазақ» деген «құл сословиесі» болғаны аталған ұлттар тарихында көрсетілген, ал дигор мен балқар және қарашайлар Алан халқының тікелей ұрпақтары болып табылады. Қарашай мен балқар тілдері қазақ тіліне өте жақын және олар өзара бір-бірін «алан» деп атайды. Дигорлар болса ирон-осетиндерге сіңіп, дигор тілін жоғалта бастаған халық. Қазақтардың аман қалған бөлігі ХV ғасырда қазіргі Әзербайжан аймағында астанасы Қазақ қаласы болған Қазақ сұлтанатын орнатқан. Әрине, ол қазақтар сол кезде толық кавказдық келбеттегі адамдар болды, кейін әзербайжан ұлты құрамына ассимиляцияланып, сіңді. Алайда, олардың бір тобы қазіргі Иран аумағына орнығып, кейін сондағы сарай төңкерістерінде қолданылған «казак» әскери жасақтары ретінде тарихта қалды. Әрине, олар да парсы мен әзербайжанға сіңген, ол жайында да көп дерек сақталған. Егер сол құжаттарды зерттеп, зерделесе, талай жайттың беті ашылар еді. Осындай деректер закавказьелік қазақтардың кей тобы Аландарға құлдыққа түскенін, Армения мен Грузия тауына жансауғалағандары грузин мен армияндарға сіңіп кеткенін көрсетеді. Ал олардың Дөң аймағына кеткендері кейін Шіркеу тіліне көшіп, өз қазағына жау «Дон казактары» болып өзгергенін айттық.
Түркі қағанатын орнатқан «Тюрки Ашина» династиясы екені және олардың арғы тегі Хунь ханзадасынан тарайтыны белгілі. Яғни, аталған тайпа – ежелгі Хунь империясын билеген династияның ұрпағы. Түркі қағанаты атауы ол мемлекет халқының атауымен емес, мемлекетті билеген династияның атауымен тарихқа енді. Ол заманда мемлекет биліктегі тайпа атауымен аталып, ал мемлекет халқының атауы көлеңкеде қала беретін. Сақ халқының билігі Қаңлы тайпасында болғандықтан, мемлекет Қаңлы мемлекеті деп аталды. Шындығында, қаңлы – сақ халқының көп тайпасының бірі ғана. Кейінге дейін Найман хандығы, Керей хандығы, Жалайыр мемлекеті, Қарақойлы мемлекеті, Аққойлы мемлекеті дегендер болды және ол атаулардың барлығы биліктегі тайпа атауымен байланысты болатын. Осындай себептерден Жужан мен Түркі қағанаттары тарихынан сол мемлекеттер халқының өз атауын кездестіру өте қиын.
Алайда, халық атауы тарихи деректерде аз да болса кездеседі және Түркі қағанатының халқы «қазақ» деп аталғанын сол деректерден анық көруге болады. Араб әріпті жазбалар VІІ ғасырда Үндістанға дейін жаулаған Батыс Түркі қағанаты әскерін Халаж немесе Хилж деп көрсетеді және олардың жеке тайпа атауы еместігі айтылады. Түркі қағанатының қарапайым қатардағы жауынгерлері осы атаумен аталатыны да жазылған, яғни кез келген тайпаның жауынгерін осылай атаған. Ал енді осы екі атаудың арабша жазылуы мен "қазақ" атауының арабша жазылуы өте ұқсас, тіпті бірдей деуге болады. Бұл дерек Түркі қағанаты халқы қазақ деп аталғанын растайды.
حذح حلج حلج
Хазах Хилж Халаж
ХІХ ғасырдағы Ресей тарихшысы Алексей Левшин «Киргиз-кайсак ордасы жайлы» деген атақты еңбегінде «Қазақ халқы кей шығыс ғалымдарының айтуынша, Христос туғанға дейін, яғни біздің дәуірге дейін халық болып қойғанын» көрсетеді. Ол бұған күмәнмен қарайтынын, алайда қазақ деген халық та, Қазақ хандығы атауы да тарихта алғаш рет Х ғасырдағы парсы Фердаусидің «Рустам» деген белгілі дастанында жазылғанын атап өтеді. Қазақ тарихының негізгі көзі ретінде танылып жүрген бірден-бір дүние – М.Х.Дулатидің «Тарихи и Рашиди» жазбасы. Осы жазбадағы деректердің өзге жазбалар тарапынан расталмауынан, ондағы оқиғалардың бірнеше қайталана жазылуынан және өзара қайшылыққа толы үш нұсқасының болуынан шетел ғалымдары аталған еңбекті «сенімсіз» деп түсінген. Бұл Ресейдің «қазақ – кеше пайда болған ұлт» деген көзқарасын дәлелдеу құралы болды және Кеңес империясы саясаты да аталған жазбаның «ақиқат» екеніне сендіріп бақты. Сол жалған сенімнің құлы болған тарихшы ғалымдарымыз әлі күнге тарихымызды анық деректерін тани алмай отыр.
Фирдауси еңбектерінде Х ғасырда, яғни Шыңғысханға дейін 300 жыл бұрын Қазақ хандығы да, қазақ халқы да қазіргі Отанында бар болғаны анық жазылған. Осыған сенбей, күмәнді Дулати жазбасына сеніп, «қазақ халқы да және оның ұлттық мемлекеті де кешегі XV ғасырдан кейін пайда болды» деп отырғандарға таңым бар.
Ресей империясы өз саясаты бойынша тарихымызды барынша бұрмалап, Фирдауси дерегіндегі Қазақ хандығы атауын өзгертті. Отаршыл ұлт Қазақ хандығын тарихқа «Қараханид» деп бұрмалап енгізді. Солай екенін аңғару араб әріптермен таныс оқырманға қиынға соқпайды. Ресей «Қараханид» еткен мемлекеттің ресми мемлекеттік діні Ислам болғаны және «қалаларда сол қала тұрғындарынан өз сенімді адамдарын басшы етіп, өздері киіз үйлерде кең далада отыруды жөн санаған» көшпелілер болғаны тарихи деректерден белгілі. «Қараханид билеушілері қожалардан болған» дегендерге бұл нақты жауап. Өйткені, қожалар ешқашан көшпелі болмаған, оның үстіне қожа тайпасы Орта Азияға ХІ-ХІІ ғасырлар шамасында келді. Демек «Қараханид» дегендері – Қазақ хандығы және оның қазақ деген көшпелі халқы Ислам дініндегі мұсылмандар.
قازق قارق
Қазақ Қарақ
Ресейдің Тараз қаласы атауын ХІХ ғасырда «Әулиеата» деп өзгертуі және осы ғасырда Тараз қаласындағы ескі қорымда «Қарахан баба мүрдесі екен» деген желеумен «Қарахан баба» кесенесі салынуы сол өздері ойлап тапқан «Қараханид» атауының «болғанын» дәлелдеуге тырысуынан. Демек, "қазақ" атауы әуелгі "құңзақ" атауынан шыққан. Ежелгі құң және сақ халықтары біздің далада қосылып бір халыққа айналды, ол халық әуелде Құңзақ деп аталып, кейін атау қысқарып, Қазақ болып орныққан. Осылайша Қазақ атауының тарихы қазақ халқының түп-тамыры ежелгі сақ пен құң тайпалары екенін дәлелдеп береді.
Бекжан ӘДЕНҰЛЫ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста