Қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқас

Қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқас

«Шаңды жорық» - қазақ-қалмақ соғысындағы соңғы шайқастардың бірі. Қазақ әскерлерінің Еділден Жоңғарияға үдере көшкен Еділ қалмақтарын өкшелей қуған жорығы халық арасында осылай аталған. Қытайдағы Цинь империясы Жоңғар хандығын талқандап, халқын қырып-жойғаннан кейін Еділ қалмақтарына ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап тарады. Осыған байланысты халықтың көшбасшылары Ұбашы хан және Церен тайшылар тайпаластарын атамекендері Жоңғарияға қайтару үшін ұлы көш жасауға үгіт жүргізді. Шапқыншылықтардан қажыған, Ресей өкіметінің қысымына шыдамаған қалмақ халқы 1771 жылы қаңтарда көшуді бастады. Қалмақтардың негізгі бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни оның шығыс жағын; дүрбіт пен хошауыттар оң жағасын алып жатқан еді. Көш 5 қаңтарда басталып, 11198 отбасы өзенінен өте алмай Ресей шегінде қалуға мәжбүр болды. 30909 отбасы немесе шамамен 170— 180 мың адам қазақ жері арқылы өтуге бет алды. Олардың қарулы күштері - 40 мың жауынгер еді. Еділ қалмақтарының көшкені туралы хабар алған Ресей үкіметі оларды күшпен кері қайтаруға тырысты. Бірақ олар қуғыншы ұйымдастырғанша, қалмақтар қазақ иеліктеріне тереңдеп еніп үлгерді. Қалмақтар бірнеше қазақ ауылдарын таптап өтіп, Жем өзенінің жағасында аз уақыт аялдады. Олардың келгенін білген Кіші жүз ханы Нұралы тез арада әскер жинап, қарсы аттанды. Жем өзенінің бойында алғашқы шайқас өтті. Ұбашы жеңіліс тапты және Нұралыға уақытша бітім туралы хат жолдады. Бірақ ол нәтижесіз болды. Қалмақ көштері Мұғалжарды айналып өтіп, одан әрі жылжыды. Көктемгі су тасуы кезінде қамыстан сал жасап, Торғайдан қиындықпен өтті. Көштің артында қалған қаза тапқан адамдардың мәйіттері, әлсіреген адамдар күн сайын көбейе берді. Қазақтар көштің жүрісін қадағалап отырды және толассыз шабуылдар ұйымдастырып, мол олжаға кенелді. Наурыз айынан бастап жаздың ортасына дейін төрт айдай уақыт бойы қалмақтар қазақ жасақтарын қиындықпен тойтарып, аялдамастан ілгері жылжыды. Маусымның аяғына қарай олар Сарыарқаны толығымен Балқашқа дейін қиялай кесіп өтіп, Мойынты өзені жағасында аялдады. Осы жерде оларды Абылай хан бастаған қазақтардың біріккен әскері қоршауға алды. Қазақ жауынгерлерінің жалпы саны елу мың болды, жекелеген жасақтарды Нұралы хан, Әділ сұлтан, Орыс сұлтан басқарды. Өлім қатерін сезген қалмақ басшылары Абылай ханға бодандыққа қабылдауды ұсынып, елші жіберді. Қалмақ елшілерінің ұсыныстарын талқылау үшін Абылай әскери кеңес шақырады. Абылай олардың ұсынысын қабыл алып, шығыстан төнген қытайлардың қаупіне қарсы қалқан ретінде пайдалануды көздеді. Бірақ тоғыз ұрпақ бойы осы жаумен соғысып келген халық өкілдері оларды біржолата жойып жіберу керек деп мәлімдеді. Кеңес созылып кетіп, үш күндік бітім жарияланды, оның соңғы күнінде тұтқындар алмасып, мәселе түпкілікті шешілетін болып белгіленді. Бірақ үшінші тәулікке қараған түнде қалмақтар аса күшті соққы жасап, қоршау шеңберін бұзып өтті. Таң алдында қазақтар жауынгерлік қатарын қайтадан тәртіпке келтірді. Қазақ жасақтары жауды күндіз-түні өкшелей қуып, әскери күшін біртіндеп жоя берді. Қалмақтар Балқаштың тұщы сулы батыс жағынан айналып, Іле өзенінің бойымен жоғары өрлеп Жоңғарияға өтуді жоспарлады. Алайда қазақтар оларды суға жеткізбей, шөл даламен басуға мәжбүр етті. Шел мен сансыз шайқастардан қалжыраған қалмақтар қырылып, тірі қалғандары тұтқынға түсумен болды. Тек ең табанды, жақсы қаруланған аз ғана тобы Қастек, Қаскелең, Кеген және Нарынқол арқылы зор қиындықпен Жоңғарияға жетті. Мойынтыдағы түнгі шайқаста қалмақтардың бір тобы бөлініп шықты. Танжу тайшы басқарған бұл топ Балқаштың солтүстік жағалауын жағалай жүрді. Біраз уақытқа дейін оларды ешкім байқамай бұл көш жағдайларын жақсартып алады. Алайда көп ұзамай қазақтар бұларды да қыспаққа алды. Бұл кезде олар Аягөз, Қаратал өзендерінен өтіп, Ілеге жеткен еді. Соған қарамастан қазақтардың шабуылынан олардың да 1/10-і ғана қашып құтылды. Олар Іленің жоғарғы жағына қарай қашып, Қытай шептеріне жеткен еді. Жайықтан Жоңғарияға дейінгі аралықты алты айда азаппен өтіп, тірі жеткен 10-15 мыңдай қалмақтар Қытайға барып, құлдық қамытын киді. Цин әкімшілігі оларды жекелеген ұсақ ауылдарға бөлшектеп, өзінің боданы деп жариялады. Қалмақтардың Еділден Жоңғарияға үдере көшуі Еділ-Жайық бойында үлкен дүрбелең туғызды. Көп ұзамай бұл маңда Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Жайықтан өте алмай Ресейде кідірген 50-60 мың адам аман қалды.[1]

kk.wikipedia.org 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста