Қазақ хандары мен батырларының мөрі қандай болған?

Қазақ хандары мен батырларының мөрі қандай болған?

Тарих қойнауына көз жүгіртсек, көшпелі қазақтардың билікті басқару жүйесі мен атрибуттары болғанын, соның бірі мөр боп табылатынын аңғару қиын емес. Бұл - елдікті айқындаудағы маңызды факт. Сондықтан тарихи кино түсірілсе мөр мен байрақтар назардан тыс қалмауы тиіс дүние деп білеміз.

Соңғы кездері облыстық тарихи-өлкетану музейіне кеп түскен ел басқарған хандар мен сұлтандардың, батырлардың заманында құжаттарды куәландырған мөрлері ақ түсті металл жүзікке соғылған түрі халық назарына лезде ілігуде.

Бұл дүниелерді жасауға Алматы қаласындағы көне дүниелерді қалпына келтіруші шебер Қырымбек Алшынбеков біраз еңбек етіпті. Көшпелі қазақ мемлекетінде төрт ғасырға жуық хандар мен сұлтандардың ішкі саяси құжаттармен және халықаралық деңгейдегі құжаттарды куәландыратын іс жүзінде қолданылған мөрлері болған.

Хан мен сұлтанның, старшынның да мөрлерінің жасалынуында өзіндік ерекшеліктер орын алған. Дәлірек айтқанда атақ-даңқы бүкіл алты алашқа мәшһүр болған хандардың мөрлері тамшы тәрізді стандартты түрде күмістен, кейде сирек алтыннан соғылып, жүзік күйінде олардың қолдарының бас бармақтарына шақталып жасалған. Ақсүйектердің мөрлері жоғарыда айтқан тамшы тәріздес болып келсе, байлар мен батырлардың мөрлері доғал, дөңгелек, тік түрдегі қалқан пішіндес болған.

Мөрдің үстінгі бөлігіне иесінің атағы, яғни «хан» немесе «сұлтан» деген жазу жазылса, одан төменіректе есімі, мөр қожасының әкесінің атағы, теңеуі жазылатын болған. Бұл мөрлер өз заманында хан және сұлтандардың куәландыру белгісі болып қызмет еткенімен қоса, қазақ халқының зергерлік өнеріне өзіндік нақышымен үлес қосқан. Оны металл жүзіктерде көзге көрінер көрінбес етіп ойып салынған ұсақ оюлардан аңғаруға болады.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі мөрлер туралы деректер жазылған зерттеу еңбектерден білгеніміздей, жүзік қалпындағы тамшы тәріздес мөрлер ХVI ғасырда-ақ хандардың ішкі саясаты мен көршілес елдермен дипломатиялық қатынастардағы толтырылған құжаттарды куәландыру кезінде пайдаланыла бастаған. Мөрлерді бояуда күйе мен әр түрлі түсті тушьты пайдаланған. Көбіне қара, кейде көк пен қызыл түсті қолданған. Бір айта кетерлігі, хандар мен сұлтандардың және батырлардың әрбір жазған хаттары «жазғандарымды куәландыру үшін мөрімді бастым»-деген сөзбен аяқталып отырған.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің тапсырысымен Атырауға жеткен көне құжаттардағы арабша көркем жазумен жазылған мөрлерге көз тіккен біз, ақ түсті металға жазуды қаз-қалпында түсірген шебердің еңбегінің елеулі екеніне сүйсіндік.

Алдымен жеткен жеті мөр, атап айтқанда: Абылай хан, Арынғазы хан, Әбілқайыр хан, Кенесары хан, Жәңгір хан, Исатай мен Махамбет батырлардың мөрлері. Осылардың қатарында болуы керек Сырым батырдың мөрі мұрағатта сақталғанмен оқылуы ғалымдарға көп қиыншылық туғызған соң кейінірек келіп қосылды.

Ал енді алты алашқа есімі белгілі болған хандар мен сұлтандардың, батырлардың мөрлеріндегі жазуларға және олардың қандай құжаттарды куәландыруға қызмет еткенін баяндалық. Алдымен Әбілқайыр хан мөріндегі жазуға тоқталайық: «Абул-л—Хайр-бахадур-хан Хаджи-сұлтан» деп оқылатын мөр ханның Ресей өкіметіне жазған 56 түпнұсқа хаттарында басылған. Облыстық музей қызметкерлерінің айтуынша, ханның өзге қолжазбаларында мөрдің өзге түрі қолданбаған. Абылай ханның мөрінде «Абулай-хан бен Бахадур Вали-султан» деген жазу бар. Бұл Абылай ханның аты-жөні мен оның орта жүздің сұлтаны Валидың ұрпағы екендігінен хабар береді.

Мөр ханның Ресейдің орталық үкіметі мен орыс шекара өкіметіне жазған хаттарында басылған. Жәңгір хан мөріндегі «Джахангир-хан ибн Букай-хан» деген жазу патша өкіметінің Жәңгірді Ішкі орда ханы деп ресми танылған өз атағымен, оның Бөкей хандығының ұрпағы екендігінен хабардар етеді. Қазақ зиялылары мен Ресей өкіметіне арнап жазған оның хаттарының түпнұсқасында да осыдан өзге мөр кездеспеген. Арынғазы ханның мөрінде «...Саййид Арын-Гази ибн’Абд-ал-‘Азиз-хан» деген жазу жазылған. Арынғазы хан өз мөрін орта азия мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынаста пайдаланған. Абылайханның немересі Кенесары Қасымұлының мөрінде «Кене-сары бен Касим» деген жазу жазылған.

Патшаның колониялық әкімшілігі мен Орынбор мен Сібір ведомостволарына және қазақ билеріне жазған хатында осы мөрді басып отырған. Өзге мөрі табылмады. Атырау облыстық музейіне келген мөрлердің ақсүйек атаулыларының бастысына тоқталған біз, енді батырлардың мөріне назар аударғанды жөн көрдік. Жоғарыда сөз еткендей, Нұралы хан заманында өмір сүрген Сырым батыр мөрінің құжаттардағы мөрі тым ескіріп кеткендіктен оқылуы ғалымдарға көп қиындық тудырған. Алайда ол да көп кешікпей музейден өз орнын тауып орналасты.

Сырым батырдың мөрінде «1783 Дат/Д.Т. Сырым ұлы Дат» деген жазу болып шықты. Мөрдегі жазу дұрысында «Сырым Датұлы» деп жазылуы керек болса- дағы Сырым батырдың әкесінің аты-Дат екендігін тарих парағындағы құжаттар дәлелдейді. Ал мөрдегі 1783 жыл-бұл Сырым батыр бастаған шаруалар көтерілісінің басталған жылы екендігін білдіреді. Қазақ халқын Жәңгір ханның бодандығынан босатып, ұлтының теңдігі үшін күрескен Исатай мен Махамбеттің мөрлері дөңгелек пішінде болған.

Исатайдың мөрінде «Тайман ағатай Исатай» деген жазу бар. Бұндағы «ағатай» сөзі Кіші жүздің руы және Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісте ұран болған сөз. Исатай өз мөрін ел ішінде старшын болып жүргенде Жәңгір хан мен Орал әскерінің атаманы, полковник В. Покотиловтерге жазған хаттарында пайдаланып отырған. Махамбет мөрінде «Мухаммед ибн Өтеміс» деген жазу бар. Мөрдегі жазу араб жазуымен әдемі жазылған. . Исатай жазған хаттарға куә боп Махамбет осы мөрін пайдаланған.

Сонымен, қазақ хандары мен сұлтандарының арнаулы мөрлері ерекшелігімен және өзіндік қолөнерлік безендірілуімен ішкі орталарда ғана емес сонымен бірге қазақ хандығының өзге мемлекеттер арасындағы халықаралық қарым-қатынасында зор символдық сипатқа ие болған. Бұл мөрді иеленудің өзі оның иесінің қазақ қоғамында ресми тұрғыда беделді екенін айқындайды. Бұл сайып келгенде музейге қойылған осы жәдігерлердің келер ұрпаққа бірнеше ғасыр өмір сүрген хандар мен батырлар турасында мол мағлұмат алуына ықпал ететін құңдылығымен ерекшеленеді.

Абылай хан

Сырым Датұлы

Махамбет батыр

Кенесары хан

Исатай батыр

Жәңгір хан

Арғынғазы хан

 

bisnews.kz

Түпнұсқадағы тақырып: «Қазақ хандары мен батырларының мөрі – елдіктің атрибуты»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста