Қазақ хандығының тарихына қатысты жаңа жәдігерлер (ФОТО)

Қазақ хандығының тарихына қатысты жаңа жәдігерлер (ФОТО)

Бүгін Астанадағы Тұңғыш Президент мұражайында "Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары" тақырыбында көрме ашылды. Онда Қазақ хандығының тарихына қатысты бірегей жәдігерлер қойылды, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.

Ұйымдастырушылар елімізге белгілі суретшілер, зергерлер мен мүсіншілердің көмегімен Қазақ хандығының көркем панорамасын жасап қойды. Экпозицияның басты нышандары - Бөлек батырдың дұлығасы, қазақ хандарының мөр-сақиналары, алтын жіппен кестелеп тігілген панно және тағысын тағы. Экспонаттардың басым бөлігі алғаш рет таныстырылмақ. Оның ішінде Қытайдың Цинь әулеті кезіндегі бірегей панно бар. Онда сан алуан мемлекеттерден келген елшілердің сый-сияпатпен өзара алмасулары суреттелген. Олардың ішінде Қазақ хандығының өкілдері де бар.

Қазақ хандығының көркем панорамасы. Ортада - қазақ ханы (реконструкция)

Мүсіннің үстінде Абылай ханның шапаны (реконструкция). Оны шебер Айжан Абдубаит алтын жіппен кестелеп тігіп, қалпына келтірген. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, А.Абдубаит аталған шапанды тіккен кезде қажетті инені ұзақ таба алмады. Себебі оған өте жіңішке ине керек болған.

Қазақ хандарының мөрлері.

Мөр-сақиналар (реконструкция). Автор - Қ.Алтынбеков. Оң жағында - Аса таяқ (алтынмен жалатылған). Құрамы - күміс, қола.

XVII ғасыр. Цинь империясы. Төменгі жағында сан алуан мемлекеттерден келген елшілердің сый-сияпатпен өзара алмасулары бейнеленген. Олардың ішінде Қазақ хандығының өкілдері де бар. Аталған сурет Цинь әулеті кезіндегі ең үздік шығарма болып саналады. Оның түпнұсқасы жібекке салынған. Қазір ол Бейжің қаласындағы "Жабық қала" мұражайында тұр. Өлшемі - 297/206,5 см.

Қытайдың суретшілері қазақтарды осылай бейнелеген.

Қ.Әжібекұлы, "Жеті жарғы", кенеп, майлы бояу.

Бөлек батырдың дұлығасы. Бөлек батыр Қараұлы (1700-1785) Шапырашты Наурызбай батырдың қол астында әскери басшы болған. 1729 жылы жоңғарлармен болған шешуші ұрыста Бөлек батыр қалмақ батыры Аңырақайды жеңіп, халықтың рухын көтерген. Мұражайға дұлығаны батырдың ұрпақтары тапсырған. Дұлығаның салмағы - 2,5 келі.

Қазақ батырларының сауыт-сайманы. XVI-XIX ғ.ғ. Мұражай қызметкерлері аталған жәдігердің бөлшектерін бір-бірлеп жинаған. Айта кетейік, "Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы тұлғалары" көрмесі қыркүйектің 28-іне дейін жалғасады.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста