Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

 XIX ғасырдың басында Ресейдің орта жүздегі саясаты белсенді болып, шаруашылық саласында жаңа бағыттар қалыптаса бастады. Жайық, Каспий теңізі, Ертіс, Зайсан көлі маңындағы қазақтар бұрын мал өсірумен айналысса, енді олар балық аулаумен шұғылдана бастады. Сонымен қоса шығыс және орталық аймақтарда тас көмір, түсті металл, өндіретін алғаш кен орындарын игеру жүзеге асырылып, ХІХ ғ. ортасына қарай су және жел дирмені, ұсталық, май, кен, былғары өңдеу зауыттары іске қосыла бастады.Тау кен өндірісіне Орал әскери шебі бойында тартылған жатақтардың саны жыл санап өсе түсті. Мысалы: 1820 жылы 6 мың адам болса, 1824 жылы ол сан 2 мыңға өскен. Уәли билігінің әлсіздігі Ресейдің бұл аймаққа ықпалын күшейте түсті. Империя құрамына Қазақстанның қосылуы, оның орналасқан геосаяси жағдайы Ресей үшін тиімді болды. Сонымен қатар Қазақстанның Қытаймен, Орта Азия халықтарымен Сібірмен тиімді сауда қатынасы Ресей үшін тиімсіз еді. Осындай жүріп жатқан ілгерлеушіліктерге патша үкіметі талабын қанағаттандырып, Ресейдйң басшылық, және саяси жағынан жүргізіліп отырған шаралары жандана түсті. Сондықтан да халық арасында ықпалы төмендей түскен қазақ хандықтары патша үкіметінің билеу саясатына қарсылық ұйымдастыра алмады. Қытай жағына “ауып түсіп”, “Богдыханның бодандығын қабылдауы” мүмкін деген қауіптері де хандық институттың жойылуын тездетті.
1781 жылы Абылайдың қайтыс болуы, оның толып жатқан ұрпақтары арасындағы кикілжіңдер хан билігін әлсіретті. II Екатеринаның атына сұлтан, ақсақалдардың Уәлиді хан тағынан тайдыру туралы өтініш жіберуі патша үкіметі үшін тиімді мүмкіндік туғызды. Хандық билікті әлсірету мақсатымен 1815 жылы патша үкіметі орта жүзде Уәлимен қатар екінші хан етіп Бөкей сұлтанды тағайындады. Петербург сарайы қос билеуші Бөкей мен Уәлиді қан төкпей орындарынан алуға сылтау іздеді. Оларды бір-біріне айдап салып, бақталас  ауқатты сұлтандарды өз жағына тартып отырды.
Ресейдің әкімшілік-аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс қимылын  тежеп отырды. 1817 ж. – Бөкей хан, 1819 ж. – Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін қажет етті. Жаңа реформаны әзірлеуді Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийге жүктелді. Оны даярлауға болашақ декабрист Г.С.Батеньков белсене қатысты. Жарғының басты  мақсаты – Қазақстанның солтүстік шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету, ресейлік губерниялық басқаруға біршама жақындату. Елдегі қалыптасқан рулық феодалдық тәртіптерді әлсірету. Орта жүздегі хандық билікті жою. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл – 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобольск, Томск және Омбы облыстарымен бірге “Сібір қазақтарының облысы” да кірді. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған “Сібір қазақтарының округі” сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Бұлар Қарқаралы, Көкшетау (1824), Аягөз (1832), Ақмола (1831), Баянауыл , Үшбұлақ (1833), Амақарағай (1834) кейінгі 40-50 жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері болды. Көшпелілердің бір округтен екіншісіне өз еркімен ауысуына шек қойылды, ол үшін “жергілікті сұлтандардың” рұқсаты талап етілді.
Басқарудың жаңа тәртібі бойынша ауылдарды – ауыл старшындары, болыстарды – болыс сұлтандары, округтерді – аға сұлтандар басқаратын болды. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлайтын болды, оларға ресейлік майор әскери шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды сайлағанда хан сайлағандай ескі әдет сақталып, хан сияқты ақ кигізге салып көтерді. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сұлтандарын сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыстық сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнына інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы болатын еді.
Аға сұлтан басшылығымен округтық приказда өткізілетін отырыстарда облыстық бастық тағайындайтын ресейлік екі “құрметті қазақ” қатысуға тиіс болды. Көп кешікпей аға сұлтандар секілді үш жылға сайланды.
Жарғы бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық, талап-арыздық және болыстық басқармаға шағымдар бойынша істер. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтық приказда қаралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ билерімен қатар бір орыс шенеунигі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілді. Округтік приказдың шешімдерді қайта қарауға құқығы болды. Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Мұрағат құжаттары округтік шенеуниктердің әрбір санатына қызметі үшін ақы төлемін де көрсетті. Мәселен: аға сұлтан жылына – 500 сом, жыл сайынғы мерекелерге – 3000 сом, мектептер мен училищелер “құруға” – 5000 сом қосымша шығыс баптарын белгіледі.
Кейін “Сібір қазақтарын” билеу шекаралық басқармаға тапсырылды. Оның төрағасын тағайындау үшін аранйы жарлық шығарылды. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторлығына бағындырылды, оның төрағасы шет елдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.
1822 жылғы “Жарғы” Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында терең із қалдырды . «Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді.
1822 ж. Орынбор губернаторы П.К.Эсеннің қатысуымен “Орынбор қазақтарын басқару” жөніндегі Жарғы бойынша Кіші жүз жерінде үш хан тағайындау жоспарланды, бірақ ол іске аспады. Жарғының осы жылы бекітілмеуіне де себеп болған осы жай болды. Ал Орынбор губеранаторы 1824 ж. кіші жүз ханы Шерғазыны Орынбор қаласына шақырып, сонда басқа қызметке тағайындады да, Кіші жүздегі хандық билікті жойды. Тек Кіші ордада (Бөкей хандығында) 1845 ж. дейін хандық билік сақталды.
Жарғыны жасаушылар жергілікті факторлармен санаспады, оны іске асыруда күш қолданатын тактикаға сүйенді.
Сонымен орта жүзде хандық, феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы, бір жағынан қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан патша үкіметінің әскери әрекеттерінің нәтижесінде болды.

http://moodle.nci.kz/mod/resource/view.php?r=1666&frameset=ims&page=3

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста