Қазтуған жырау қалмақтың жиені ме?

Қазтуған жырау қалмақтың жиені ме?

Қазір интернет деген жақсы болды. Бармаған, баспаған жеріңдегі халықпен оп-оңай тілдесе бересің. Әлеуметтік желілер арқылы Ресейдің қол астында жатқан ұлттардың балаларымен сөйлесіп жүруші едім.
Ресейдің Элиста қаласында тұратын бір қалмақ жігіті қазақтың қалмақтан қыз алғанын айтып мақтана береді екен.
Өткен жолғы бір әңгімесінде Абылайдың қалмақтың қызы Топышты алғанын айтып, Кенесарының бойында қалмақтың қаны болғанын есіме салып қойған. Осы жолы Қазтуған да қалмақтың жиені деп бой бермеді. Қапелімде, ауызға ештеңе түспей қалған. Артынша, орыс архив­теріндегі Қазтуғанға қатысты деректерді ақтаруға тура келді. Сонымен...
Ресейдегі қалмақ, ноғай басылым­дарында соңғы кездері «Қаз­ту­ған жы­раудың анасы қалмақ қызы» деген деректер шыға бастапты. Мұн­дай де­ректі алғаш болып Ресей ғылым ака­демиясына қарасты Қалмақ гума­ни­тарлы зерттеулер институтының жоғары ғылыми қызметкері, тарих ғы­­лымдарының кандидаты Владимир Тепкеев жариялаған екен.
Қазтуғанның (орыс деректерінде – Казы-Туган) арғы атасы Дінбай ноғай мырзасы болған. Атасы Абдолла да, әкесі Сүйініш те ноғайдың жетісан (едисан) руының мырзалары (билеу­ші­лері) болды. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы (орыс деректерінде – Сююнча Абдулов) Еділдің жағалауында өмір сүрген, кейін Кубань жаққа өтіп кет­кен. XVII ғасырдың екінші жарты­-сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініштің аты айтылады. Ресей мем­лекеттік архивтің көне актлер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында (Ф.127. Оп. 1. 1648 г. Д. 1) Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған.
Тарихшы Владимир Тепкеев Сүйі­нішті ноғай ұлысының мырзасы, ал оның ұлы Қазтуғанды ноғайдың атақ­ты жырауы деп жазады. «Қазтуған ту­ралы алғашқы деректерді орыс құ­жаттарынан 1673 жылдан бастап кез­­дестіреміз. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке өзінің бірнеше тай­шы­сымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­-ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға жетісан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініш Абдуллаұлы­ның сұрауы бойынша барғаны анық еді. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­-ғы абыройлы істерін еске алды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске кабар­дин князы К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Соған қарағанда, Астраханда­ғы жастық шағын аманат сарайында өт­кізген сол бала Сүйініштің ұлы Қазтуған болуы керек, алайда оның аманат сарайында қанша уақыт отыр­ғаны бізге белгісіз» дейді тарихшы Вла­димир Тепкеев.
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт...

Қазтуған өзінің ата жұртын, әкесі мен анасы кім болғанын осы жы­рын­да-ақ атап өткен. Жырда әкесінің аты Сүйініш екені айтылған. Ал анасы Боз­туған туралы не білеміз? Орыс де­рек­терінде бұл туралы да мәліметтер сақ­талыпты. 1647 жылы қалмақ тай­­шылары мен ноғай мырзалары бір ел болып, күш біріктірген. Сөйтіп, 5 мың шаңырақты құрайтын жетісан ноғай­лары Қалмақ ордасына қараған. Ал Сүйініш Абдоллаұлы осы ұлыстың белді мырзасы болған.
Қалмақ-ноғай келісімінің айғағы ретінде қалмақ тайшысы Дайчин өзі­нің қызын жетісан мырзасы Салта­мұ­рат Тынбаевқа әйелдікке берген. Ал оның інісі Лоузан тайшы әлпештеп өсірген қызы Бозтуғанды Сүйінішке ұзатқан. Сол сияқты, қалмақ тайшы­лары да әйел­дік­ке ноғай қыздарын алып, құдаласқан екен. Қалмақ тарих­шысы Владимир Тепкеев Қазтуғанның тегіне қатысты негізінен, осы деректі алға тартады. Де­мек, жоғарыдағы қал­мақ тайшы­лары­ның орыстардың ал­дына барып, ама­нат­тағы Қазтуғанды сұрауы бекер емес екен.
1643 жылдың күзінде қалмақ-ноғай отряды Қазы (Кіші ноғай) ұлысына шабуылға шықты. Ал 1648 жылы Қы­рым хандығына қарсы соғысқан. Осы шайқастардың бәрінде Сүйініштің көз­ге түскені айтылады. Одан бөлек Сүйініштің есімі 1657 және 1673 жыл­дары орыс-қалмақ келісімін іске асыр­ған мықты дипломат ретінде аталып жүр. Мәселен, жоғарыда айтылған Ре­сей мемлекеттік архивіндегі «Ноғай іс­тері» қорында Сүйініштің қалмақ­-тар жағында жүріп, бірталай бітім­гер­шілік істерге араласқаны баяндалған. 1647 жылы қалмақтар мен дон казак­тары арасындағы келісімде қалмақ өкіл­дері жағында ноғай мырзалары Шамамбет пен Сүйініш те болғаны айтылады. Олар қалмақ тайшылары Сюнке мен Нима-Церенмен бірге ба­рып, бейбіт келісімге қол жеткізген. Орыстар тайшылар мен мырзаларды құр қол қайтармай, зерлі шапан жап­қан. Осылайша, орыс-казак атаман­дары, қалмақ тайшылары және ноғай мырзалары қол алысып, бір-бірімен жау­ласпауға, барымта жасамауға, ұр­лық-қарлық қылмауға уағдаласқан.
1830 жылы жазылған «Полное соб­рание законов Российской империи» ( Т. 1. СПб) деген еңбекте Сүйініштің тағы бір ерлігі жазылған. 1673 жылғы қалмақ-орыс бітіміне де Сүйініш Аб­дуллаұлы өзі бас болып барыпты. Ол көшпенді халықтың тыныштығын сақ­тап, екіжақты ымыраластыруға мін­дет­тенеді. Сөйтіп, Астрахан қаласына қалмақ тайшысы Аюкенің хатын алып барады. Сүйініш Аюкенің Ресейге сі­ңірген әскери және саяси еңбегін атап көрсетіп, үш жыл бойына қалмақ жұртын қамқорлығына алуды сұрай­ды. Сондай-ақ қырымдар қамауға алған екі қалмақ елшісін босатуды та­лап етеді. Бұл кезде қалмақтарда да қы­рымның екі елшісі тұтқында бол­-ған екен. Осылайша, Сүйініштің ара­ласуымен қырым мен қалмақ жағы бітімге келеді.
Қазтуған жыраудың ноғайлы­ның ұрпағы екені анық ақиқат. Но­ғайлы­ның біраз ұлысы және Ноғай ор­дасы құрамында болған қазіргі Кіші жүздің бірқатар рулары Қазақ хандығына ке­ліп қосылды. Осы кезде Қазтуғанның аталары да қазақ дала­сына қарай ығыс­ты. Алайда, қалмақ деректері Қазтуғанның әкесі Сүйі­нішпен бірге Еділді тастап, Кубанға қоныс аудар­ғаны жайлы жазады.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
– деп ет жүрегі езіле туған жерімен қи­май қоштасатын жыры бар Қазту­ған­ның. Жыраудың осы жыры кәдімгідей ойландырады екен. Бұл жырын Қаз­ту­ған кімге қаратып айтты? Рас, 1556 жы­лы Астраханды орыс патшалығы алғаннан кейін, ноғайдың біраз ұлысы Жем бойына көшіп, жембойлықтар атанғаны белгілі. Бірақ бұл кезде Қаз­туған әлі дүниеге келмеген болатын. Сондықтан Қазтуған мұны орысқа қара­тып айтты деуге келмейтін секіл­-ді. Оның үстіне Жем маңын жайлаған ноғайлар Астрахан билеушілерінің шақыр­туымен қай­тадан елге оралып, Еділдің сағасы Бо­зан өзенінің жаға­лауын жайлады. Қаз­туған осы кезде Еділдің бойында туған делініп жүр. Ал тағы бір деректерде, Қазтуғанның әкесіне ер­мей Түркі­мен­станға ауып кеткені жайлы жазылып жүр. Соған қарағанда, Қазтуғанның жоғарыдағы жыры Түр­кіменстанға аттанғандағы елімен (қа­зақпен, ноғай­мен) қоштасуы ретін­де шығарылған секілді. Өкі­ніш­тісі, Қаз­туғанның ол жақ­та қандай күй кеш­кені жайлы еш­теңе айтылмайды.
Қазтуғанның ұрпақтары туралы да талас көп. Ресейдегі ноғай тарих­шы­лары Қазтуған жыраудың шежіресін сонау Едігеден бастап, жетісандар руы­нан таратады. Жетісандар бүгін­де Ставропольды мекендейді екен.
Сол жақта Қазтуғанның да ұрпақ­тары бар деседі. Ал біздің тарихшылар Қаз­туғанның өзі Түркіменстан асып кет­кенімен, ұрпақтары қазақ даласында қалғанын жазады. Қазтуғанның ұлы Манаш батыр атасы Сүйінішке ілесіп, Астрахан бойын жайлаған екен. Алай­да, олар Бозанды емес, одан берідегі Қиғаш өзені маңын (қазіргі Атырау об­лысы Құрманғазы ауданы) жай­лапты. Ал Манаштың өзі Атырау-Астрахан тас жолының бойында жер­ленген. Ол жерленген жер бүгінде Ма­наш ауылы (Атырау облысы Иса­-тай ауданы) деп аталады. Манаштың кіндігінен Тұяқбай деген ұл тарапты.
Айтпақшы, ноғайлардың кейбір ұлысы Қазақ хандығына сіңсе, жеті­-сан ноғайларының көп бөлігі Қалмақ құрамында қалды. 1770 жылдардан бас­тап, ондағы ноғайлар Ресей патша­лығына қарады. Ал Кеңес үкіметі ке­зінде ноғайды төртке бөліп жіберді. Ал қазаққа сіңген ноғайлар ноғай-қазақ деген бір руды құрады. Бүгінде ноғай-қазақтар еліміздің батыс аймақтарын мекендейді.

Серікбол Хасан
aikyn.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста