Шоқанды шоқындырған ЛГБТ өкілдері жұрттың ашуын туғызды

Шоқанды шоқындырған ЛГБТ өкілдері жұрттың ашуын туғызды

Ғаламторда қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың суретін қорлағандардың әрекеті қызу талқыланып жатыр. ЛГБТ өкілдері біртуар ағартушының кескінін Иса пайғамбардың денесіне жабыстырып, көгілдір болуға шақырған.

 

Әлеуметтік желіде тарап кеткен "біртүрлі" суретке қатысты реніш білдіріп жатқандар көп, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Жұрттың ашуын туғызған сурет Telеgram-да жарияланды. Онда қазақтың атақты тұлғасы Шоқан Уәлиханов Иса пайғамбардың келбетінде бейнеленген.

 

Даулы сурет туралы ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежанов informburo.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

 

"Уәлихановтың бұл фотосы осыдан 3 жыл бұрын Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің өзара жазысқан хаттары жария болған соң пайда болды. Фото еш жерде жарияланбаған. Бірақ біз жақында сурет авторларымен келісіп, оны мерекелік ашық хат ретінде басып шығардық. Ашық хаттарды тегін де тараттық, ақшаға да саудаладық. Түскен қаржы қоғам қажеттілігі үшін жұмсалды. Шоқанның фотосы ғаламторға жүктелгеннен кейін кеңінен таралып кетті", — дейді Әмір Шайкежанов.

 

Әмір Шайкежановтың айтуынша, Шоқан Уәлихановтың суретін жасаған авторлар қазір шетелде жүр екен.

 

Экспресс К тілшісі қоғамда шу туғызған фотоға қатысты "Феминита" ұйымының белсендісі Гүлзада Сержанға да хабарласқан болатын. Ол бұл фото туралы естімегенін айтып, қысқа қайырды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста