Тәкәппәр ақымақтар еден жуушының қасында өздерін құдды бір Құдай сезінеді

Тәкәппәр ақымақтар еден жуушының қасында өздерін құдды бір Құдай сезінеді

Мен бұл арызымды барлық тиесілі орындарға жолдаймын!

ЕДЕН ЖУУШЫ әйелдің мұңы

(Атырау облысы Жылой ауданы Құлсары, Тенгиз)

Аты-жөнім – Тлешова Ильмира. ЕЕS компаниясында еден жуушы болып қызмет атқарамын. Таңның атысы мен күннің батысына дейін бір мігір жоқ. Әр секундым әрекетпен өтеді. Есесіне, еңбекпен жеген нан тәтті, берекетті, әрі адал. Адам болмай қалуына байланысты көбіне өзге еден жуушылардың орнына да жұмыс жасаймын, бірақ, тегін. Бүгілген белден бел қалмайды, жұмыс оңай емес. «Қанағат қарын тойғызады» деген, Құдайға тәубә, сонда да адал ризығыма шүкір еттім. Себебі, кәмелетке толмаған 3 балам бар, балапандарымның несібесі үшін не нәрсеге де даярмын! Балдарымнан жырақ, айлап, вахталап жұмыс жасау деген әйел адам үшін өте қиын нәрсе. Айналам, төрт құбылам тең болса, ауыздан ақ май ағып жатса жүздеген шақырым сонау Теңіз кенішінде у жұтып нем бар, балдарымның қасында шіреніп жатпаймын ба? Қызметім еден жуушы болғанына арланбаймын. Себебі, Құдайым напақаны адал еңбекпен өлшеген. Шетелдерде еден жуушылардың еңбекақысын қомақты әрі өздерін құрметке лайықты етеді. Олар еден жуушылардың зор еңбегін елеген, оларды еш кемсітпеген, керісінше абыройы мен беделін арттырған. Мысалы, орыстардың өзі «уважайте труд уборщиц» деген ұранды ұстанып, еден жуушыларға мейірім көзбен қараған. Еден жуу деген таяққа шүберекті байлап алып былағайлай беру емес! Ал бізде қалай? Бізде еден жуушысың ба, демек сен соңғы адамсың. Сен олар үшін құлдан туған құлшарсың! Екінің бірі сені төмендетіп аяқ асты еткісі келеді. Сенімен құлмен байланыс жасағандай мәмілелеседі. Сен олар үшін күңсің! Ал олардың түсінігінде құл мен күңнің үні шықпау керек. Олардың түсінігінде еден жуушылар – зағип, керең, мылқау болуы керек. Тәкәппәр ақымақтар дәл солай ойлайды және еден жуушының қасында өздерін құдды бір Құдай сезінеді. Мен бұл нәрсенің бәрін басыма іс түскен соң ғана жазып отырмын. 2019, 11 қараша күні таңертең сағ: 9:00 де әдеттегі жұмысым бойынша іске кірісіп кеттім. Жұмыс орнында басқа да еден жуатын қыздардың болмауына байланысты олардың да жұмыстарын шамадан тыс атқарып жүремін. Жұмыс тілімен айтқанда «блок жауып жүремін». Біреудің орнына жұмыс жасау мені титықтатып шаршатып жіберді. Біреудікі түгілі өзімнің жұмысым бастан асады, үлгермеймін, уақыт жетіспейді. Яғни, жұмыс көп, ақша аз. Шынын айтқанда, мен 2-3 адамның орнына да жұмыс жасаймын. Сол күні түсте аудитке дом менеджер Тоқсанбаева Нұргүл және Мусабаева Ләззат (3 ші үйге уақытша 3 күнге овертаймға келген) келді. Дом менеджерге блок жауып келгенімді (өзге адам орнына еден жуып келгенімді) және блоктың тек оң жағын ғана жуғанымды айттым. Ана үйдің бәрін жууға құлтемір-роботтың өзі үлгермес. Сөз төркінін ұқпаған Н.Тоқсанбаева маған жумаған жағын аш деп бұйрық берді. Ал шындығында, басшылар мен бұл блоктың тек қана бір жағын жуатынымды өте жақсы білетін. Келесі күні таңертең (12.11.2019) уақытша 3 күнге овертаймға келген Мусабаева Ләззат мені жұмысқа қоспады. Мені алдап бір жерге ертіп келді. Келсем іште дом менеджер Тоқсанбаева Нұргүл, супервайзер Шумахер Валентина, кординатор Бисембаева Индира отыр екен. Н.Тоқсанбаева маған: «бұл жерге неге келгеніңді білесің бе?» - деді. Мен: «жоқ» дедім. «Сен бізбен ерегестің, сен біздің бұйрыққа бағынбадың, бізге «СЕН» деп сөйледің, сол үшін саған қатаң ескертпе береміз, сөгістік жариялаймыз» деді. Басшылық лауазымдары мен жұмыстарын асыра пайдаланып маған қоқан-лоқы көрсетті. «Жұмыстан шығарамыз» деп қорқытып-үркітті. Әйел адамның жаны нәзік, не нәрсені де өзіне қатты қабылдап қалатынын бәрі де біледі ғой. Менің қаным қайнап ашуым басыма шапты. Көзім қарауытып, басым айналып есіктен зорға шығып үлгердім. Дереу социальной кординатор Бешимова Гүлнарға келдім. Қан қысымым 140 қа көтеріліп жүрегім соқты. Маған тыныштандыру дәрісін берді. Мені ТШО клиникасына жібермей іште ұстап отырды. Қатты ауырып қиналып отырғанымды айттым. Қан қысымымды қайта өлшеп 104 ке түскенін айтты, және жұмысымды жалғастыра беруімді түсіндірді. Жұмыста әзер жүрдім, кешкі сағат 5 жарымда кілтті Мусабаева Ләззатқа тапсырып үйге кеттім. Ауруым басылмады, балдарыма еш сездірмедім, бұлардың маған жабылып, негізсіз нақақ тиіскені жанымды күйзелтті. 17 қараша күні жұмыс орныма келіп күнделікті жұмысымды жалғастырдым. Алайда, сағат түскі 1:05 шамасында бәлнишниден шығып келген бригадирім Джатимова Қаламқас мені және бір жерге алып кететінін айтты. Бұл неғылған бітпейтін бір жер? Бригадирім мені заңгер Әбішов Болатқа ертіп келді. Бірақ, басқа бөлмеге кіргізді. Бөлмеде Әбішов Болат, Тоқсанбаева Нұргүл, Шумахер Валентина, инспектор Луйза болды. Заңгер маған: «Бұл жерге неге келгеніңді білесің бе?» - деді. Мен тағыда: «Жоқ» дедім. Б.Әбішов: «Н.Тоқсанбаева мен Ш.Валентина сенің үстіңнен мамандар бөлімінің менеджері Кумаров Ерболатқа арыз жазды. Сен бұларға мінез көрсетіпсің, 6 айға шейін бірнәрсе қайталанса жұмыстан сөзсіз қуыласың» деді. Құжатқа қол қоюымды сұрады, мен бас тарттым, себебі, мен еш күнәнің иесі емеспін. Өз жұмысымнан бөлек жалақысыз біреудің орнына артық еден жуғаннан басқа мен ешнәрсе бүлдірген емеспін. Б.Әбішов инспектор қызға АКТ толтыруын бұйырды. АКТ ке басы-қасында болмаған, ол кезде ауырып жатқан, ешнәрседен бейхабар Қаламқас Джатимова куәлік етіп қол қойып берді. Масқара! Сұмдық! Ұят-ай! Сыбайластар бірігіп алып еден жуушыға доқ көрсеткені барып тұрған арсыздық емес пе? Намыс қайда? Еден жуушылықтыда қызғанатын, еден жуғандыда көре алмайтын іші тар мұндай басшыларға қатты көңілім қалды. Мен ҚР азаматшасымын! Менің де құқым конституциялық жолмен қорғалады. Заңнамада «Еден жуушылар – соңғы адам» деген қағида жоқ! Мен еден жуушы болсамда, әйел адам болсам да, өз құқымды қорғап өлемін! Бұл – мені жүйкемді тоздырып, моральды сындыру әдісі! Көңілім құлазып, жаным мұңға толып, жанарым жасқа тұнып, жүрегім өксіп, қолым қалтырап, таспаға түсіріп жазып отырған жанайқай шырылым жоғарыдағы түйсігі бар басшыларға ой салар деген ойдамын, сол үшін қолыма қалам алдым. ЕЕS мекемесінде осындай балақтан шалу, жала жабу, қорқыту, айдап салу, т.с секілді фактілер бастан асып жығылады. Мен бұл арызымды барлық тиесілі орындарға жолдаймын, барлық әлеуметтік желілерге жариялаймын. Мусабаева Ләззат, Тоқсанбаева Нұргүл, Шумахер Валентина, Бисембаева Индира, Бишимова Гүлнар, Әбішов Болат, осы 6 адам мені жұмыстан шығаруға әрекеттенгендері үшін жазаға тартылсын! Өз қазған орларына өздері түсіп өздері жұмыстан қуылсын! Аты аталған осы адамдарға қатаң шара қолдануын сұраймын!

Тлешова Ильмира

(Жексен Абдрахмановтың Фейсбуктегі парақшасынан)


Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста