Тәттімбеттің көне суреті мен хаты табылды

Тәттімбеттің көне суреті мен хаты табылды

Шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының Құрманғазы Сағырбайұлымен түскен көне суреті табылды. Тарихи жәдігер осы уақытқа дейін күйшінің Омбы қаласына қоныстанған санаулы ұрпақтарының бірінде сақталып келген. Бұл туралы Омбы қаласында тұратын күйшінің бесінші ұрпағы, 66 жастағы Молдабек Зікіршин хабарлап отыр.

ҚР Ұлттық мұрағаттың қоғаммен байланыс жөніндегі қызметінің хабарлауынша, тарихи сурет туралы Молдабек Зікіршин ұзақ уақыттан бері ешкімге айтпаған. Айтуынша, ол суретті атасы Зікірші өмірден өтер алдында аманаттап, әкесі Төремұратқа жоғалтып алмауын қатты тапсырған. Оның атасы Зікірші Қазанғапов 1948 жылы Семей қаласында сүзек сырқатымен өмірден өткен. Қазір бұл суретті елге жеткізіп, ұлттық музейге тапсыру үшін дәулескер күйшінің ұрпақтарымен келісім жүргізілуде. Суретте қилы заманда қуғын көріп, Арқадағы Тәттімбет Қазанғапұлын сағалап келген Құрманғазы Сағырбайлы бейнеленген. Көне суреттің түсірілгеніне бір жарым ғасырға жуық уақыт болса да, ұқыпты сақталыпты. 

Сонымен қатар, Молдабек Зікіршин Тәттімбет күйшінің Қарқаралы уезінің аға Сұлтаны Құнанбай Өскенбаевқа Кенесары Қасымұлына көмек беруге ат салысу туралы 1849 жылы жазған тарихи хатын сақтап келіпті. Аға Сұлтанға жазылған қос парақ хат уезді билеген биге дер кезінде жетпей қалып, Тәттімбеттің өзіне қайтып келген. Төте жазумен жазылған көне хатта Кенесары ханға көмек көрсетуден бөлек, малдың жазғы жайылымының тарылып бара жатқандығы мен Қарқаралының төңірегіне орыстардың жаппай қоныстануына назарылық білдірген елдің мұңы айтылған. Алдағы күнде бұл қос жәдігер елге жеткізіліп, Астанадағы ұлттық мұражайға жайғасатын болады. Қазір еліміздің зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қымбат қазынаны елге алдыру мәселесі туралы бейресми келіссөз жұмыстары атқарылуда. Себебі, мұндай қымбат қазынаны Омбы қаласындағы Орта Азия мұражайы сатып алуға ниет білдіріп отыр.

Осыдан 9 жыл бұрын Абылай хан мен Қазыбек бидің шапаны, сондай-ақ, Бөгенбай батырдың сынған семсер қылышы олардың ұрпақтарынан мемлекет иелегіне қабылданған еді. Ол уақытта мұндай игі іске қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев сынды ел ағалары жұмылдырылған-тын. Қазіргі таңда, аталған абыз ақсақалдардың алыс жолға шығуға денсаулығы сыр беруіне байланысты академик Тұрсын Жұртбай, ақын Жүрсін Ерман және айтыскер ақын Аманжол Әлтаев сынды елдің игі жақсылары жұмылдырылып отыр.

Еске сала кетейік, Тәттімбет Қазанғапұлы 1815-1862 жылдар аралығында Қарқаралы уезі, Түндікті болысында туып, сол жерде өмірден өткен. Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, шертпе күйдің шебері, орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.

Ескерту: Жоғардағы сурет ғаламтордан алынды

«Ұлт-ақпарат»

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста