Әлемдік рекорд жаңартқан Қоңыраттың ақбидайы мен қожа-бидайы қайда кетті?

Әлемдік рекорд жаңартқан Қоңыраттың ақбидайы мен қожа-бидайы қайда кетті?

Кезінде буряттың белгілі агрохимигі, академик Дмитрий Прянишников таңғалып, тамсанып отырып жазған Қоңыраттың (қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының бұрынғы атауы) ақбидайы мен қожа-бидайы туралы біз не білеміз?

Егер академиктің айтқанына сенсек, жүз дәні 6,2 грамм салмақ басатын ақбидай екпе гектарынан орта есеппен 50-60 пұт береді екен. 1 пұт қазіргі өлшеммен 16 келі болса, 50-60 пұтыңыз 8-9 центнер басады екен. Әлбетте, қазіргі агрохимиялық, биохимиялық жетістіктерді, қаншама жылғы биологиялық сұрыптаулар нәтижелерін пайдалана отырып өсірілетін егістік дақылдары көлемімен салыстырғанда гектарлық шығымы аз екені анық. Бірақ қазіргі күнге дейін жоғары сортты бидай тұқымдарының көбісінің 100 дәнінің жиынтық салмағы орта есеппен 4,27-5 грамм басатыны ойлантса керек. Оның үстіне, ақбидай табиғаты қатал, қысы ұзақ, жазы салқын, топырақ құнары ел бойынша аса төмен аймақтарға жататын Ақтоғай ауданының аумағында өскен екен. Ақбидайды ел ішінде «бесбас бидай», қожа-бидайды «қызыл бидай» деп те атайды. Бірі – уыздай аппақ болса, бірі – нарт қызылкүрең болған екен. Әрі сабағына төрт-бес масақ қатар бітіп, бар масағына бидай толатын болған екен!

Бидайтану дәрісі
Сто зерн французской пшеницы весом 4,36 граммов, сто зерн индийской пшеницы – 3,8 граммов, американской – 3,2 грамма, русской – 2,25 граммов. А сто зерн Коунрадской пшеницы – акбидай весят 6,2 грамма и кожа-бидай – 4,5 граммов. Акбидай дает от 7 до 25 побегов, числа зерн в колосе от 52 до 120, средний урожай с посеянного гектара 50-60 пудов. Пшеница кожа-бидай дает от 30 до 55 пудов…
(академик Дмитрий Николаевич Прянишниковтың 1934 жылы жазылған «Егіншілік» атты монографиясынан).

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары КСРО академиктерін таңғалдырған ақбидайдың тұқымы бүгінгі күнге жетпеген. Тың игеру жылдары «құрбан» болып кеткен. Бұрнағы жылдары ақтоғайлық диқандар ескі қырман-қойма түбінен жүз шақты дәнін тауып алып, арнайы баптап, отырғызып көргенмен, нәтиже бермеген екен. Дәнінің салмағы әлемдік рекордтық көрсеткіш жасаған ақбидай мен қожа-бидай масақтары 1930-34 жылдары Мәскеудегі ауылшаруашылық жетістіктерінің бүкілодақтық көрмесіне (ВДНХ) қойылыпты. Қазір Ресей патриоттары ашқан ВДНХ-ның сайтынан да, ресейлік көрме-мұражайлардан да ақбидайдың ізін таба алмайтынымыз анық. Атақты ақбидайды өсірген ақтоғайлық диқандар Омаш Байжасаров, Оспанғали Шиманбаев, Тұрсын Төлегенов, Ыбыжан Сардарбеков, Мағұрыпбек Түсіпбеков, Иманғали Жақыпов, Бегендік Байсұлтановтардың ұрпағы аталары еккен егіннің шығымы жайлы, сол нәубет жылдары бітік шыққан бидай мен аштық қасіретінен аман алып қалған алтын дән туралы жыр ғып айтады.
Дәуірінде дәнінің салмағы әлемдік рекорд жасаған ақбидайлы өңірде қазір егін түсімі гектарына 6-7 центнерден ғана айналады. Тұтас Ақтоғай ауданының егістік алқабы небәрі 15-20 мың гектар алапты ғана алады. Ал ақбидай өскен Тоқырауын, Қусақ өзендерінің бойы аталарымыз қазған қалың тоған, арық сілемдерімен әлі де айғыздалып жатыр...

Күләш САРДАРБЕК, өлкетанушы, ақбидай өсірушілердің бірі Ыбыжан Сардарбековтің қызы:
– Бала кезімізде сол жайқалған егістік арасында өстік қой. Егін алқабында таймен жүргенде бойымыз көрінбейтін. Бидай піскенде масақ та дәнінің молдығынан сабақтары жерге жатып қалушы еді, жарықтық. Біз әлгі бидай піспей, әлі көксүңгіленіп тұрған кезінде дәнін алып жеуші едік. Аппақ уыз болатын. Дәмі әлі таңдайымнан кетпейді. Менің әкем Ыбыжанға ақбидай тұқымы қалай жетті, кімнен жетті – сол заманда айтылмады. Елдің ырысы еді. Әкей – сол заманда ВДНХ көрмесіне барған жалғыз диқан. Жетпісінші жылдары Мәскеуде бүкіл одақ бойынша мұражай директорларының слетіне барғанда ВДНХ-ны аралап жүріп, әкейдің үлкен суретін көріп, есімнен танып қала жаздадым. Қазір ол сурет бар ма, жоқ па, ол да белгісіз... Менің ойымша, ақбидай мен қожа-бидайдың жойылып кетуінің басты себебі – ауылшаруашылық техникаларының топырақты ластауынан тәрізді. Ақбидай жайқалып өскен кезде ел егінді тек орақпен ғана оратын. Тоқырауын, Қусақ өзендерінен тоғанмен су шығарып, тек қол еңбегінің арқасында даланы жайқалтып еді. Кейін трактор табаны айғыздаған, тың игермек болған ұраншылдар техниканы қауырт жапқан жылдары атақты ақбидай тұқымы құрыды. Белгілі археолог Алан Медоевтің әкесі Георгий Медоев кезінде бізден ақбидайдың бір түйір дәнін тауып беруімізді өтінді. Табылса, ғылым академиясының зертханасында өсірмек еді. Өкінішке қарай, асыл ақбидайымыздан дән де, дәнеңе де қалмай, айырылып қалдық қой...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста