Әсемдік біткен саған, Әулиекөл!

Әсемдік біткен саған, Әулиекөл!

Тасын түртсең, тарихтың қатпарлы сырлары сайрап қоя беретін Бурабай жерінің киелі екендігі бесенеден белгілі. Әрбір қойнауы бабалардан қалған аңыз-әңгімелерден сыр шертетін киелі өлкені қазақ даласындағы аса үлкен тарихи оқиғалар түйіскен мекен десе де болғандай. Бұл туралы халқымыздың шежірелі сыр сандық­тарында ұзын-сонар әңгіме болып, ауыздан-ауызға айтылып келеді...
Абылай ханның ақ туының астында барлық ру басшылары мен батыр-билердің басын қосқан Арқа төсінде жиегі күміспен көмкерілгендей болып, көздің жауын алған, Бурабай деп аталған көл бар. Тұмса табиғаттың шебер үйлестіруімен айнадай болып алыстан көзге түсетін бұл жердің кезінде Әулиекөл атанғанын біреу білсе, біреу білмес.
Қазақ елінің тарихындағы аса бір ауыр кезең –­ ХVІІІ ғасырда көшпелі қазақ руларының басын қосуда аса зор мәнге ие болған бұл көлге Әулиекөл деген есімнің берілуін тарихшылар әрқалай айтады. Әсіресе қазақ даласын қан сасытқан Жоңғар шап­қыншылығы тұсындағы бабалардың Бурабай аймағы жайлы айтқан аңыздары халықтың есінде күні бүгінге дейін сақталған.
Жан-жағын биік-биік қарағайлы орман көмкерген күміс көлді қасиетті деп білген ата-бабаларымыз Әулиекөлге тәу етіп, түнеген деген де әңгімелер жұрт арасында кеңінен тараған.
Ал көлдің Әулиекөл атануының нақты айғағы: Бурабай аумағында қорық құру идеясы негізге алынған көрінеді. Бұл жайлы, яғни көлдің кейін нақты Әулиекөл атанғанын мына бір сөздерден анық бай­қауға болады. Бурабай орман шаруашы­лығында орналасқан Көкшетау бұйратын, Синюха тауын және Әулиекөл көлімен қоса, құзды табиғат ескерткіші ретінде белгілеу туралы шешім қабылданған. Бұл сол кездері көлдің Әулиекөл атанғанын құжатта алғаш дәлелдеген дерек көзі бо­лып саналады.
Бұл жерде «Әулиекөл көлімен қоса құзды» деп Оқжетпесті балап тұрғанын көрсетеді. Яғни қазір Бурабай көлі деп аталатын жердің тарихи атауы Бурабай да, Күміс көл де емес, нақты тарихи атауы Әулиекөл атанғанын Естай Мырзахметов, Жанайдар Мусин сияқты әдебиет тарлан­дары мен бірқатар тарихшылар өз шығар­маларында растап кеткен.
Сондай-ақ Бурабай көлінің тарихи ше­жіресі мен аңыздарын зерттеп, қағаз бетіне түсірген ғалымдардың тағы бір атауға ке­зік­кені жөнінде жиі айтылады. Орналасқан орнына қарай, яғни ну қарағайлы орман жағалай қоршап тұрғандықтан, Қарағайлы деп аталуына да толық негіз бар.
Бұл туралы ресейлік белгілі зерттеуші ғалым Семенов-Тянь-Шаньский «Қырғыз өлкесі» деп аталған зерттеу кітабында  Бурабай көлін Қарағайлы көлі деп жазып қалдырады. Бұл орайда жазушы оның қарағайлы атауының кейінірек Бурабай атанғанын ескертіп кетеді. 
Бұл Бурабай көлінің тарихи атауының тағы бір құжатпен айқындалатынын көрсетеді. Геология ғылымының жілігін шағып, майын ішкен Айтқажы Қазбеков «Бурабай. Оқжетпес. Әулиекөл» атты ең­бегінде Бурабай көлі жайлы бірқатар тың мәліметтерді ортаға салады. Яғни, геоло­гия­лық картаға назар аударсаңыз, көлдің тарихи атауларымен қатар, Қарағайлы, Үлкен шабақты, Кіші шабақты деген көл атаулары көрсетілген.
Бурабай көлінің тарихи атаулары жә­не о­ның киелі өңір екеніне осы аумақта аз да болса тірлік кешкен тарихи тұлғалар өз уәждерін атап кеткені, тарихи шығармалар­дан да, сал-серілердің жырларынан да айқын байқалады. Көгілдір Көкшенің көз тоймас жерлерін шығармаларына арқау еткен ақиық ақын Жанайдар Мусин «Жер шоқтығы – Көкшетау» атты еңбегінде Бурабайдың киелі өңірлері туралы бірқатар тың мәліметтер берген. Ал қоңыр дом­бырасымен Арқа төсін әнге бөлеген Біржан сал дәл осы Бурабай көлі жайлы «Мөлт еткен көз жасындай күміс көлім, Майда ескен қоңыр салқын самал желің», – деп, Бурабайды «күміс көл» деп атайды.
Шынында да, қазақтың маңдайына біт­кен ару өңірінің қасиеттілігі мен кие­лілігін һәм тарихи жақтарын қалай айтсақ та, тұнық сыры таусылмайтындығы айдан анық. Әрбір табиғат жаратқан тылсым дү­ниенің өзіндік ғажайыптары мен құпия­лығы әлі де болса ғаламат болып, барлық  адамзат баласын таңдандырып келеді.
Тылсым тұмса табиғаттың өзіндік ерек­шеліктері мен сырларына қанша бойласақ та, оның түбі мен тұңғиығы одан сайын алыстай беретін сияқты. Өткен өмір белес­терінде арғы-бергі тарихтың талай оқи­ғасына үнсіз куә болған Әулиекөл де тарих шежіресін үнсіз ғана ішіне бүгіп жатқан сияқты. Дәл солай, ол өзінде жатқан құпия сырларын мәңгілік сақтап қала береді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста