Мақат сағанасы – ашық қабірстан

Мақат сағанасы – ашық қабірстан

Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласының маңында Екідің ауылы бар. Бұл мекен небір сырға толы. Кең даланың төсінде ертеден келе жатқан мазарлар жетерлік. Ауыл ақсақалдары олар жайында майын тамызып, қызықты етіп әңгімелеп береді. Тек тыңдайтын құлақ болсын деңіз. Бұл мекенде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде салынған тарихи ескерткіштер, мазарлар әлі күнге дейін бір кірпіші бұзылмай сақталған. Тіптен олардың салыну пішініне де қарап, қайран қаласың. Солардың бірі – Мақат сағанасы.
Мақат сағанасы жайында көпшілік біле бермейді. Оны арнайы барып, көзбен көрмесең, айтқанға көпшіліктің де сене бермейтіні бар. Киелі өңірдің көне кесенесі көпті таңғалдырып келеді. Жұмбағын ішіне бүккен бұл кесененің салынуының өзі қызық. Бұл жердің табиғаты да ерекше жаралғандай. Тауды-тастақты. Сыңғырлай аққан су да бар. Жерден шыққан тастақ жылдан-жылға өсе түсетіндей. Аруақты жерге алғаш аяқ басқандар үшін бұл жердің қызығы көп.
Бұл жерде бірден көзге түсетіні – еңселі кесене. Тарихи деректерге, ақсақалдардың әңгімесіне құлақ түрер болсақ, кесене шамамен 1873 жылдары салынған деседі. Өйткені кесенеден әрі 200-300 метр жерде ескі жұрттың орны бар. Соған қарап, бұл жерде кезінде үлкен ауыл қоныс тепкен бе деп қаласың. Бұл Мақат бабаның жайлауы да болуы кәдік деген ойлар бар. Ауылдың көнекөздері осылай деседі. Не десек те, тау жықпылы арасындағы құпиялы қоныс бар сырын ішіне бүгіп тұр. Бұл сағана арнайы мемлекеттің қамқорлығына да алынған екен.
Енді бұл сағананың қалай пайда болғанына тоқтала кетер болсақ, ол жайында да әңгіме көп. Ауыл айтқыштарының сөзіне қарасақ, бұл өңірде ХІХ ғасырдың аяғына таман Мақат деген әулие кісі болыпты. Сол әулие атамыз балаларының көмегімен осы сағананы тұрғызған екен. Осылай тұрғызылған сағана алыстан көз тартады. Оның беріктігіне таңғалмасқа лажың жоқ. Әлі күнге бір тасы мұқалмаған.

Мақат бабамыз Торғай өңірінің Ұлы­тау­мен шектескен шұрайлы бір өңірін ме­кен­деген, бақуатты кісі болған деседі. Ол кісі нысапсыз мал жиюдан гөрі, ғылым-білімді меңгеруді өнер тұтса керек. Сөйтіп, артына өшпес із қалдыруды ойлаған Мақат баба бұрынғы ата-бабалар жолымен кейінгі ұр­пақ айта жүрер тарихи ескерткішті салып ке­тіпті.
Бір қызығы, сағана – іші ашық мола. Ішін­де Мақат бабаның ұрпақтары жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұл са­ғанада 20 шақты адам мәңгілік ты­ныс­тауда. Олардың жерлену дәстүрі де өзгеше. Адам қайтыс болған соң, ақ кебінге орап, марқұмды сағананың жертөлесінде қазыл­ған арнайы орынға әкеліп қояды. Ерлер мен әйелдердің жеке бөлмелері бар. Ор­та­сында шымылдық тұтылған. Кейін мар­құм болған жан өз өсиеті бойынша осында әкелінсе, онда бұрынғы жатқан кісінің мүр­десі арнайы қазылған шұңқырға түсіріледі. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасып келеді. Олай дейтініміз, мұнда соңғы жерленген адам 1994 жылы болыпты. Мақат бабаның 1925 жылы туған баласы Шақарат жа­тыр.
Сағананың кісі таңғаларлық бір ерек­ше­лігі, мұнда жатқан мәйіт қырық күн шілде болса да, иістеніп кетпейді. Кесененің есігі киізбен қапталған. Яғни жаздың аптабында ыстық кірмейді. Сондықтан ішкі жағы да қо­ңыр салқын. Ішкі қабырғасы кірпіштен өріл­ген. Үнемі бір салқындықты сақтап тұрады. Дене ағып біткен соң ғана келесі адамды қоярда оны ысырып, жанындағы құдықтың ішіне түсіреді. Оның ішінде адам сүйектері көрініп жатыр. Өзіңді бұл жерде жер астындағы қабірде жүр­ген­дей сезі­не­сің. Мұндай жерлеу дәстүрі өзге елде бар ма, жоқ па, кім білсін! Оған әркім де әр­түрлі қарап, қабылдап жатады.
Мақат сағанасы – Қостанай облысы өңіріндегі ерекше тарихы бар бірегей жә­дігер. Сол себептен де сырттан келуші­лер­ді қызықтырары сөзсіз. Жергілікті билік ба­сындағылар да сағананы арнайы келіп көретін кісілер үшін тарихи орын ретінде жарияласақ та, артық болмас еді дегенді алға тартады. Өйткені бұл жерде Мақат саға­насынан да өзге XVIIІ-ХІХ ғасырларда тұр­ғызылған көне мәдени мұралар аз емес.
Сәндібек Оспанов, Екідің ауылының әкімі:
– Бұл ескерткіштің бір ғажабы, арада қанша уақыт өтсе де, бір кірпіші мүжілмеген. Сондай ыждағаттылықпен салынған. Қанша жауын-шашын көрсе де, сол бастапқы күйін жоғалтпаған. Әр кірпішін қиюластырып қалаудың да өзіндік сыры жоқ емес. Саз балшықты жылқының қылын қосып, сүтке илеген. Бұл – мазардың ұзақ сақталуына үлкен сеп. Сосын мына өзеннің жарқабағы кесенені салуға бекер таңдалмаса керек. Яғни қабірстандағы мәйіт бұзылмас үшін жер астын үңгіп, жарқабаққа жөңгелек түтікше тәрізді құбыр да тартып қойған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста