Қарқаралы – қиқулының қырық бөрісі

Қарқаралы – қиқулының қырық бөрісі

Қазақстанның жағырафиялық картасын алдыңызға жайып тастасаңыз, осы картаның шығысқа жақындау, Арқаның сары, қызғылт бояумен көмкерілген ұсақ шоқылары бейнеленген бір тұсынан ерекше қанық жасыл сырға малынған аймақты байқайсыз. Бұл – ежелден елге құтты қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау болған, қазақтың шұрайлы, шырайлы өлкесінің бірі, бірегейі Қарқаралы аймағы. Шынтуайтында, Арқаның ұсақ шоқылары шашырап жатқан даланың ортасындағы жасыл шұратты Қарқаралы аймағы – жақпар тасына қарағай-қайыңы тұтаса өскен, тау бөктерлей мөлдір көл, балғын бұлақ жамыраған сұлу өлке. Осы Қарқаралының атауы туралы ел ішінде аңыз көп. Аңыздың бірқатары тау атауын қыздың қарқара бөркіне апарып тірейді. Шындығында солай ма? Бір есептен, қарағай-қайыңы тау шыңдарына өрлей біткендіктен, қарқарадай еңселі, үкілеген бас киімдей көрікті бітіміне қарап, «иә, солай екен» деп пайымдап, мойындай салуға да болады. Бәлкім, қазақ ежелден қасиетті жер санаған Қарқаралы атауында этимологиясы ерек бір сыр жатқан болар...

Қазақтың белгілі тарихшысы С.Ақынжанов «Орта­ға­сырлық Қазақстандағы қыпшақтар» атты іргелі ең­бегінде қазақтың ұсақ шоқылары алып жатқан алапты «қыр-қырлы өңір» деп жазады. Қарқаралы тауларының жақпар-қатпарлы, қыртысты сипатына қарап, ежелгі Деш­ті тұрғындары бұлай деп тегін айтпағанын аң­ға­рамыз. С.Ақынжанов осы кітабында қыр-қырлы алқаптың Қарқаралы атауының қалыптасуына негіз болғанын да айта кетеді. Оған қоса қазақ халқының негізін құраған қырық рулы жұраттың да осы атауға қатысы барын жіліктеп шағып береді. Яғни «қырық рулы», «қыр-қырлы», «қарқаралы» деп жалғастыруға болады. Бұл ұқсастық, үндестік кездейсоқ сөздердің жамырасуы болмаса керек. Егер ғылымға сенсек, Қарқаралы атауының түп-төркінінде қырық рулы қазақтың бас қосқан жері деген мағына жатыр.

Ал осындай жәннат аймақты, тарихы тереңнен тамыр тартқан алапты бір қыздың қарқарасына байлап жіберу обал болатын шығар!
Қазақтың ескі эпостық жырларында «қиқулының қырық бөрісі» деген тұрақты сөз тіркесі кездеседі. Тарихшылар қазақ халқының негізгі құрамы болып саналатын қырық рулы жұртты осы «қиқулымен» шендестіреді. Егер біз осы «қиқулы» мен «қырық рулы», «қыр-қырлы» атауларын өзара салыстырсақ, бұлардың да түп-тамыры бір екенін байқаймыз. (Ежелгі жылнамалардың сырына жетік тарихшылар қытай тілінде «р» қарпінің айтылмауы, жазылмауы түркі әлеміне қатысты көптеген тарихи атаулардың басқаша түсіндірілуіне әкеліп соқтырғанын айтады. Шындығында, қытай империялық хроникаларында «қи­құ­лы» деп жазылатын ел атауы батырлар жырындағы «қиқулының» дәл өзі емес пе?! Ал оның сыртында қырық рулы қазақ жатқанын түсіну аса қиын болмас).
* * *
Ежелгі түркі аңыздарының бірінде Қорқыт ата дүниеден озғанда Арқадағы қалың жұрттан қырық қыз жоқтау айтып барғаны айтылады. «Қырық қыз» қырық рулы елдің елшісі ме екен? С.Ақынжановтың аталмыш еңбегіне тағы сүйенсек, осы «қырық қыз» сөз тіркесінің төркінінде «қырғыз» жатуы әбден мүмкін екен. Қыр-қырлы өңірде қырғыз жұртының ізі жоқ дегенге ешкім дауласа қоймас. Мәселенки, Қарағанды облысының Қарқаралы, Ақтоғай аудандарының шектесіп жатқан Қызыларай, Ақсораң аймағында қалың Қаракесектің ішіндегі қырғыз атты рудан тараған жұрт мекен етеді. Әлкей Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында бұл қырғыздың Абылай заманындағы қыр­ғыздар емес, қазаққа сіңген ескі қырғыздар екенін дәлелдеп жазады. Осынау Қызыл­а­р­ай қырғыздарының әулеті төрт атадан тарайды. Ал «Манас батыр» жырын талдап жазған Әлкей Марғұлан Манас Арқаға келгенде Бегазы тауының бөктерін жайла­ғанын дәлелдейді. Әрі аңыз бойынша Бе­га­зы тауының басында Манас батырдың Аққұла тұлпарының тас ақыры болған екен. Оған қоса ғалым Ақтоғай өңірінде мекен ететін Манас, Танас руларының осы Манас батырға қатысы бар деген деректі де келтіре кетеді. Ақтоғай ауданының Жидебай селолық округіндегі ескі тарихи орындардың бірі – Көрпетай тауының бөктеріндегі «Отыз жеті батыр» қорымы. Кейінгі ғылыми әдебиеттерде «Отыз жеті батыр» деп жазылғанымен, дұрысы – «Отыз жеті шора». Әлкей Марғұлан жазатын қазақтың ескі аңызында Манастың Арқаға қырық шорамен келгені баяндалады. Манастың соңына ерген қырықтың үшеуі тірі қалған дейді аңыз тағы да. Көрпетай етегіндегі 37 батырдың қорымы Манастың серіктері емес пе екен? Ал Қызыларай қыр­ғыздары Манас бастап тірі қалған үш батырдың ұрпағы шығар десек ше?!
Әлбетте, Манасты қырғыз халқы өз бабамыз деп жырға қосады. Бірақ ғылыми, әдеби ортада «Манас батыр – қазақ жырлайтын Алпамыстың (Алып Манас болуы да мүмкін ғой) прототипі» деген пікір ерте бастан қалыптасқан.
Қалай болғанда да, Қарқаралы атауы мен Ақтоғай өңіріне, осы өлкедегі руларға қатысты аңыздар қазақ даласындағы тарихи оқиғалардың сілемдерінен қалған белгілер тәрізді. Ал біз өз кезегімізде эти­мо­логия ғылымын өз пайдамызға сөйле­теміз деп біраз жаңылуымыз да мүмкін ғой. Бірақ тарихшы ғалымдардың еңбек­терінде осылай жазылыпты. Аңыздар да соған жетелейді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста