Білікті ұстаз – білімді маман
Бижан Құрманғалиқызы -1985 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын география-биология мамандығы бойынша, 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
Ғылыми атағы, дәрежесі: 2 монографияның авторы.
Марапаттаулары:
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі;
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің құрметті қызметкері.
Бижан Құрманғалиқызы Игенбаева еңбек жолын 1986 жылы Алматы қаласындағы №62 мектептен география мұғалімі, одан кейін №159 мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастаған. (1995-2000 жж.) ҚР Білім және ғылым министрлігі Жалпы орта білім департаментінде жетекші, бас маман, (2000-2002 жж) Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында аға ғылыми қызметкер, (2002-2005 жж) ББЖКБАРИ зертхана меңгерушісі, кафедра доценті, (2005-2007 жж) Республикалық 12 жылдық білім беру ғылыми-парктикалық орталығы директорының орынбасары, (2007-2008 жж) Республикалық «Мектепке дейінгі білім беру» орталығы директорының орынбасары, (2008-2011 жж) Астана қаласы ПК БАИ доценті, (2012 ж бүгінгі күнге дейін) Абай атындағы Қазақ ҰПУ Бастауыш сыныпта оқытудың әдістемесі кафедрасының доценті.
Б. Қ. Игенбаева бірқатар бағдарламалық-әдістемелік және оқу құралдарының авторы: «Әліппе», «Өзін өзі тану» оқулығы мен ОӘК (1-3 кл), «Қазақ тілі» (2-11 кл) пәні бойынша электронды оқу-әдістемелік кешені, «Ана тiлi» хрестоматия (2-3 кл), «Креативтік тәрбие» колледждерге арналған оқу құралы, сондай-ақ, «Даналық әліппесі» (сөйлейтін қаламмен бірге) интеллектуалды электронды оқу-тәрбие құралын құрастырушы.
2012 жылы ақпаннан бастап, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының директоры.