Оқушылардың назарын бейнефильмге аудару
Мұқият көрулерін өтіну.
1 – тапсырма: «Бір минуттық әңгіме» әдісімен
Көрген бейнефильмнен түсінген ойларын 3-4 сөйлеммен жазады
Бағалау критерийі:«Бір минуттық әңгіме» әдісімен шағын мәтін жазады.
Дескриптор: Бейнефильмді түсініп, ойларын нақты жазады.
-Бүгінгі тақырып шетте жүрген қандас бауырларымыз туралы болмақшы.Оразақын Асқадың «Шетте жүрген бауырларға» атты өлеңімен таныс боламыз.
Бір оқушы өлеңді мәнерлеп,дауыстап оқып шығады.
Өлең мазмұнын қысқаша 3-4 сөйлеммен айтып өту.
Тірек сөздерге тоқталып өту
Атажұрт
Атақ-даңқ
Қармақ
Тер төгу
Әнұран
Мемлекет
2-Топтық жұмыс:
1-топ «Төрт сөйлем» әдісі «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» мақалының мағынасын ашады
2-топ РАФТ әдісі Шетте жүрген қандастарға үндеу жазады
3- «Төрт сөйлем» әдісі Ақынның қандастарымызды елге шақырудағы мақсат-мүддесі қандай екендігін жазады.
4-топ РАФТ әдісі. «Әр қазақ менің жалғызым» тақырыбына 2-шумақ өлең құрастырады.
Бағалау критерийі: Шығармадағы өзекті мәселелерді анықтайды.
Талдау жасай отырып ойларын нақты жеткізеді.
Дескриптор:
Тапсырманы нақты орындайды.
Өлең,үндеу жазады
3-Жағдаяттық тапсырма Шетелде оқып жүрген ,шетелдік азаматтығы бар қазақ бауырымызды Атажұртқа қалай шақырар едіңдер?
Бағалау критерийі:
Тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді анықтайды.
Дескриптор:
Тілдік мәдениетті сақтай отырып, ойларын дәлелді жеткізе алады.
|