Қарызға ақша алып, құрбандық шалуға бола ма?
Менің сұрайын дегенім, арнайы құрбандыққа атаған малым жоғалып қалды, енді не істеуім керек? Жалпы қарызға ақша алып, құрбандық шалуға бола ма?
Бексұлтан, Жетісай қаласы
Бұл сұраққа Muslim.kz сайтында былай деп жауап берілген екен:
Шариғатта тұрмысы төмен кісілерге құрбандық шалу міндеттелмейді. Қарызданып-қауғаланып болса да, құрбандық шалсын деген үкім жоқ. Дегенмен, сауап үшін қарызға ақша алып оған құрбандық шалатын болсаңыз, оның еш ағаттығы болмайды. Ал енді «құрбандыққа атаған малым жоғалды, не істеймін?» деген сұраққа келетін болсақ, арнайы құрбан үшін атаған малы өліп қалса немесе жоғалып кетсе, мал иесінің жағдайына қараймыз: мал иесінің жағдайы төмен болса, әлгінің орнына басқасын шалуына міндетті емес. Ал, бақуатты болса орнына басқа мал шалуы шарт.