Құрбандықты Құрбан айттан бір күн бұрын шалуға бола ма?
Менің Құрбан айт күні мал союға қолым тимейді. Жұмыстарым көп. Осы ретте сұрайын дегенім, құрбандықты Құрбан айттан бір күн бұрын шалып қойсам бол ма? Бұл шариғатқа қайшы емес пе?
Мұрат, Астана қаласы
Бұл сұраққа кезінде «Нұр Астана» мешітіне бас имам болған белгілі исламтанушы Қалижан қажы Заңқоев жауап береді:
Негізі Құрбан айтқан бір күн қалғанда құрбандық шалу дұрыс емес. Мұны біз талай жылдардан бері айтып келеміз. Құрбан айтқа бір күн қалған кезде, Арафада адамдар шек күні деп, өткен аруақ тарға арнап бір мал сояды да, ертесінде құдай тамақ ретінде беріп жатады. Негізі, Арафа Құрбан айтқа дайындық күні болып саналады. Ол күні біз шелпек пісіріп, жан-жақты дайындаламыз. Ол – дұрыс. Бірақ мал союға болмайды. Себебі бір хадисте айтылғандай, Құрбан айтта біздің бірінші міндетіміз – мешіттерге барып, Құрбан айт намазын оқу. Осыдан кейін үйге келіп, құрбандық шаламыз. Бұл сүннетке сай жасалған амал болып саналады. Ал Құрбан айт намазын оқымай тұрып, құрбан дық шалатын болса, ол өзінің отбасы үшін дайындалған ет болып қалады. Демек, ондай мал құрбандыққа жатпайды. Осыны ұмытпау қажет.