Құрбанға шалынған малдың терісін сатуға бола ма?
Әкем биыл отбасының берекесі үшін құрбандық шалуға ниеттеніп отыр. Ал маған достармен қыдыру үшін ақша қажет еді, осы ретте құрбандыққа шалыған малдың терісін сатып, өзімнің қажетіме жарататын пұл қылсам бола ма?
Негізі құрбанға шалынған малдың терісін садақа етіп берген абзал. Өңдеп үй қажеттілігіне де қолданса болады. Себебі, етін жеуге рұқсат етілген малдың, терісін қолдануға да рұқсат болуы заңды. Оның үстіне Айша анамыз құрбанға шалынған малдың терісінен мүтара (сиқа-سِقاء) жасап қолданатыны деректерде келтірілген.
Бірақ, оны (құрбан терісін) ақшаға сату – мәкрүһ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кім құрбанынын терісін сатса, шалған құрбаны жоққа есеп», – деп теріні сатпауды баса айтып кеткен. Дегенмен, түскен ақшаны садақа ету мақсатында теріні сатуына болады.
Жауабы Muslim.kz сайтынан алынды