Бекболат СӘДУАҚАСОВ, зейнеткер: «Жаңа жылды жүгіріп қарсы аламын»

Бекболат СӘДУАҚАСОВ, зейнеткер: «Жаңа жылды жүгіріп қарсы аламын»

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Жаңа жылды көпшілік сияқты дастарқан басында емес, ерекше жағдайда қарсы алатын адам. Жетпісті алқымдаған Бекболат ақсақал Жаңа жылды зейнетке шыққан жылдан бастап жүгіріп қарсы алады екен. Осы азаматты тауып, әңгімелесудің сәті түсті.

–Бекболат аға, келе жатқан жылқы жылы құтты болсын! Жаңа жылды шы­нымен де жүгіріп қарсы алаты­ны­ңыз рас па? «Кәрілік жеткен шақта мұ­н­ы­ңыз не?» демей ме үй ішіңіз­де­гілер?
–Рахмет. Шынымен де әр Жаңа жылды жүгіріп қарсы аламын. Бұрындары қалада жаңажылдық марафон жарысы ұйым­дастырылатын. Күн сайын жүгіретіндік­тен, маған бұл кәдімгі күнделікті қажеттілікке айнал­ған. Бұл салауатты өмір салты бол­ған­дықтан, отбасым да қуана қол­паш­тайды. Тіпті немерелерім де менімен бірге таңғы жүгірісті дағдыға айналдырды.
–Қашаннан бері Жаңа жылды жү­гі­ріп қарсы алу Сіздің дәстүріңізге ен­ді? Қанша шақырым жүгіресіз?
–Бұрындары марафон қашықтығына жүгіріп шығатынмын. Жүгіру дәстүрін бұ­қа­ралық жүгіру жарыстары кезінде бас­таған болатынмын. Қазір шамам келгенше 3-4 шақырымдай қашықтықты айналып өте­мін. Бұл күнделікті өзімді еркін сезініп, денсаулығымды қалыпты ұстауға септігін тигізеді. Әсіресе қысқы мезгілде таң­ғы сәттегі таза ауаны кеудемді кере жұтып, жү­гі­ріп келіп, мұздай сумен жуын­ған кез­дегі сезімді сөзбен айтып жет­кізе алмаймын.
–Биыл қанша шақырымды жүгіріп қарсы алу ойыңызда бар?
–Биыл немерелеріммен бірге олардың кешкі сабақтарынан кейін түнгі 12:00-ге дейін жүгіруді жоспарлап отырмыз. Ша­қы­рым жолын есептеген жоқпыз. Дегенмен 4-5 сағат ішінде кемінде 6-7 шақырымды артқа тастайтынымыз анық деген ойдамын.
–Жаңа жылда жұртшылыққа айтар қандай тілегіңіз бар?
– Зор денсаулық тілеймін. «Денің сау болсын десең, жүгір» деген даналық сөзді ес­тен шығармай мен сияқты жүгіріп шы­ны­ғыңыздар дер едім.
– Әңгімеңізге рақмет. Жаңа жыл отбасыңызға жаңа табыс әкелсін!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста