13 жастағы қызын пышақтаған ананың неліктен мұндай әрекетке барғаны белгілі болды
Қостанай облысының полициясы 13 жастағы қыздың пышақталуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"7 қаңтарда сағат 16.30 шамасында Қостанай қаласында 32 жастағы әйел мас күйінде өз пәтерінде 13 жастағы қызымен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салады. Қыз түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", — деп жазылған хабарламада.
Полиция қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, оқушы қыз өкпесі, асқазаны мен бауырының сол жақ бөлігінен жарақат алған.
Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкпенің жасанды аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр болғанымен, бірқалыпты.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу