17 жастағы қызды алып қашқан маңғыстаулық жігіт оны жауыздықпен өлтірген (фото)
Маңғыстау облысында 17 жастағы Ақырыс Қозыбай есімді тұрғынды жас жігіт өлімші етіп сабап тастады. Соққыға жығылған қыз тіл тартпай кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінде Маңғыстау облыстық ІІД Қылмыстық кодекстің 106 бабы, 3 бөлімі бойынша соталды тергеу бастады. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз бала Жармыш ауылында тұрған. Ақырысты алып қашқан азамат оны аяусыз соққыға жыққан көрінеді. Салдарынан бойжеткен емханада есін жимастан бақилық болды.
Бұл оқиға бойынша Маңғыстау облысытық ІІД түсініктеме берді. Олар бойжеткеннің соққыға жығылғаннан кейін қаза болғанын растап отыр.
"Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде шамамен 23:00-де 1996 жылғы ер адам 1999 жылғы қызға дене жарақаттарын салды. Бойжеткен облыстық емханаға жеткізіліп, есін жимастан, көз жұмды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сол арада бойжеткеннің қазасы туралы аудиожазба желіде тарап кеткен.
"Жетібайдың жігіті дейді. Шетпенің қызын оны күні алып қашып келген... Балталап тастаған дейді", - делінген аудиожазбада.