60 жастағы қостанайлық әжей "англиялық күйеу жігітке" оңбай алданды

60 жастағы қостанайлық әжей "англиялық күйеу жігітке" оңбай алданды

Қостанайда 60 жастағы тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Жалғызбасты әжей WhatsApp мессенджері арқылы "англиялық күйеу жігітке" сенгені соншалық, шамамен 2,4 миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Экспресс К. 

Полицияға арызданған әжейдің айтуынша, өткен жылы WhatsApp мессенджері арқылы "англиялық жігітпен" танысқан. Қостанайлық тұрғын белгісіз жігіттің хабарламаларына сеніп қалып, хат алмасуды жалғастырған. Ал алаяқ мұны пайдаланып, оған өткен туған күніне сыйлық жасағысы келетінін айтқан.
Polisia.kz жазуынша, ер адам әйелді сендіру үшін алтын алқа, білезік, әйелдер сөмкесі, ашық аяқ киім мен қолма-қол ақша бар сыйлығының суретін мессенджер арқылы жіберген. Ал қазан айында оған сәлемдемеге қатысты өзінің агенті хабарласатынын айтқан. Осыдан кейін әжейге бейтаныс нөмірден сәлемдемені алмас бұрын 250 мың теңге сомасында ақшалай қаражатты төлеу қажет екендігі туралы хабарлама келген және оған банк деректемелері жіберілген.
60-тағы әжей алаяқтарға сеніп, ақшалай несие рәсімдеп, қаржыны көрсетілген есепшотқа жіберген екен.
Екі күннен кейін тағы да мессенджер арқылы жалған агент хат жазып, сәлемдеме Алматы қаласындағы поштада кешіктіріліп жатқандығы туралы хабарлаған. Себебі ақша сомасы көп болғандықтан және сәлемдемені алу үшін тағы 1 миллион теңге төлеу қажет болыпты.


Қостанайлық тұрғын микронесиелік ұйымға барып, тағы бір несие рәсімдеген. Алаяқтар әйелдің сенімін пайдалана отырып, оған Англиядан жіберілген ақшаны қазақстандық валютаға шаққанда 28 миллион теңгені құрайтынын және оны алу үшін тағы 1 миллион теңге салу қажеттігін сұрапты. Көп ұзамай алаяқтар оны тағы 100 мың теңге несие алуға көндірген.
Осы уақыт ішінде "англиялық күйеу жігіт" әжей алған барлық несиелерді жабатынын айтып сендірген көрінеді. Тек қостанайлық 500 мың теңге сомасында кезекті несие алудан бас тартқаннан кейін "күйеу жігіт" хабарсыз кеткен.
Жәбірленушінің арызы бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қарабұлақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Бақытбек Дисюковтің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-ресурс мәліметтеріне сәйкес әжейге жазған нөмірдің кодталуы Украина абонентіне тиесілі екендігі анықталған.
Аталған факті бойынша банк шоттарының тиесілігін анықтау үшін сұраулар әзірленді. Сондай-ақ қолда бар абоненттік нөмірлер бойынша күдіктінің орналасқан жерін анықтау үшін ҚР ІІМ ЖСМ-ге сұрау салулар дайындалды, — деді аудандық ПБ бастығы Бақытбек Дисюков.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста