«62-дегі шал 12 жасар қызды зорлап келген»: Шолақай ауылындағы сұмдық оқиға

«62-дегі шал 12 жасар қызды зорлап келген»: Шолақай ауылындағы сұмдық оқиға

Алматы облысы, Жаркент ауданы, Шолақай ауылының тұрғыны 12 жастағы қызды пәктігінен айырған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.

 

62 жастағы Қанат есімді егде жастағы адам 12 жастағы қызды зорлаған.

 

Қыздың әкесі ауылдан тысқары жерде мал бағатынын айтты.

 

- Айына үйіме бір рет келіп тұратын. Ол мені екі-үш рет көлігімен қажет жеріме апарып тастаған болатын. Бірақ, одан ешқандай күмәнданбадым. Ойыма ештеңе кіріп-шықпаған, дейді.

 

Ал, шырылдаған ана қызы үшін қатты алаңдаулы.

 

- Қызымның тағдыры не болады? Ол әлі періште ғой. Мен мұндайды ешқашан күтпеппін. Ол Қанат деген адам кейде үйде қонатын. Өзі қонам деп айтқан соң, ойымда ешқандай да арамдық болмаған соң, төсек орнын салып беретінмін. Күйеуімнің шаруасын көлігімен апарып жүрді. Сондықтан, соншалықты егде тартқан, өзімнен де үлкен адамды қызыма осындай әрекет жасайды деп ешқандай да ойламаппын.

 

Қария анасы жоқ та үйіне келіп-кетіп жүріп арам ойын іске асырған болып шықты. Ж. Бусаков атындағы орта мектептің директоры Зәмзәгүл Жалтаңбаева оқушысы туралы айтып берді.

 

- Осындай жағдайға дейін қыз біздің мектепте оқыды. Содан кейін қызды интернатқа жібердік. Қыз баладан жаман әрекеттер байқаған емеспіз. Көп жағдайда ана мен қыз арасында тығыз байланыс болу керек. Қыз бар сырын анасына айту керек.

 

Менің жүрегім ауыратын бір мәселе бар. Ол қыз мектеп табалдырығын аттағанда ең алғашқы ұстазы мен едім. Оның басында осындай жағдай болғаны маған қатты батып тұр, деп мектеп директоры қыз үшін қиналып тұрғанын жеткізді.

 

Ал, айыпталуышының әпкесі Фариха Қасенова інісі Қанатты барынша қорғап, барлық жаланы зәбір көрген қыздың анасына жабуға тырысып бақты.

 

- Қыздың анасы кінәлі. Қанат ол қыздың анасына барып жүрген. Бойдақ. Әйелінен ажырасқан. Күйеуі қасында болмаған әйелге барған. Әйел Қанатты өзі шақырған үйіне. Сол қыз анасын қызғанып, осы іске барды, деп сұмдық та, адам ойына кіріп-шықпайтын жайтты айтты.

 

Тағы бір айта кетерлігі, оқушы қызды ортада Тайбек есімде азаматтың зорлағаны айтылды. Ол Қанаттың жақын ағайыны екені мәлім болды. Қанаттан кейін Тайбек те қызды екі рет зорлаған көрінеді. Бұрын соңды сотталған Қанат жаланың бәрін Тайбекке жауып, өзі ортадан сытылып шықпақшы болғанға ұқсайды. Ақырында, Тайбек айыпты деп табылған соң, ол полиция өкілдері барғанға дейін ауылдан Талдықорғанға қашып кетіп, сол жерде өз-өзіне қол жұмсаған болып шықты.

 

Сот айыпталушы Қанатты кінәлі деп тауып, оны бас бостандығынан айырған.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста