Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

"Пәтерде ішімдік ішіп отырып, адамның басын көрдім. Қорқып, қашып кеттім" деген ер адам оқиғаның қай жерде болғанын түсіндіріп бере алмаған.

Рудный қаласында адамды өлтіріп, басын кесіп алған қылмыскер ұсталды, деп хабарлады  «Қостанай жаңалықтары».
Басылымның жазуынша, 2020 жылы 2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні полицияға қолы қанға бөккен адамның көшеде жүргені туралы хабар түскен.

Мекен-жайға келген полицейлер көшеде мас жүрген ер адамды кездестірген. Оның қолы қан болған.

 «Пәтерде ішімдік ішіп отырып, адамның басын көрдім. Қорқып, қашып кеттім» деген ер адам оқиғаның қай жерде болғанын түсіндіріп бере алмаған.
3 желтоқсанда таңертең Рудный қаласының тұрғынына оның әкесінің көршісі хабарласып, ер адамның иті түнде көшеде жүгіріп жүргенін хабарлаған.

Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды
Ұрылар балаларды байлап тастап, үйді тонаған
Көршісінің жүрегін жұлып алып, одан тамақ пісірген америкалық өлім жазасына кесілді
 
Әкесіне келген әйел есіктен кіре сынған орындық пен жұлынған түсқағазды байқаған. Кенет әкесінің аяғында тұрған шелекке  көзі түскен. Онда әкесінің басы жатқанын көрген қызының зәресі ұшқан.

Тергеу мәліметінше, сотталушы ер адам Рудный қаласына Качардан келген. Ол дүкенге арақ алуға барғанда 68 жастағы Алексеймен танысқан. Олар Алексейдің үйіне барып ішімдік ішкен. Қастарында тағы бір жігіт болған, бірақ ол кейін кетіп қалған.

Үстел басында ішімдік ішкен екі ер адам сөзге келіп қалған. Үйдің иесі оның басына орындықты ұрып сындырған. Екіншісі де қарап қалмай, оны ұрып-соғып, басын кесіп алған. Көшеде оны полиция қызметкерлері ұстап алды.

Марқұмның денесі көгерген, пышақ іздері де бар.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста