Әйелін ұрып өлтірген: атышулы істің үкімі өзгеріссіз қалды
Қызылордада әйелі Ажар Шадиеваны туған күнінде айуандықпен өлтірген тұрғын Руслан Отарбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтті. Бұл оқиға қазақ қоғамында үлкен резонансқа айналды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2022 жылдың 3 тамызында болды. Одан кейін сот үкімі бойынша марқұмның 29 жастағы күйеуі бар болғаны 12 жылға қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтейтін болды.
«НеМолчм» қорының хабарлауынша, күні кеше Қызылордада бұл іс бойынша апелляциялық отырыс өткен. Жәбірленуші тараптың адвокаты Отарбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті, прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, бірақ сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
"Сот бұл ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екенін мойындамады! Руслан Отарбаевтың туыстарының ешқайсысы қылмысқа ықпал еткені үшін жазаланған жоқ! Руслан Отарбаев осы айуандық ісі үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылады! Жәбірленушінің адвокаты Саида Сүлейменова өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокуратура 20 жыл сұрады! Сот бұл кәдімгі кісі өлтіру деп шешіп, істі екінші бөлімнен біріншіге ауыстырды!”, – деп жазды ақпарат көзі.
Еске салайық, ақпан айында жәбірленушілердің адвокатының айтуынша, Руслан Отарбаевтың сыбайласы - оның ағасы Нұрбол Отарбаев болғаны туралы материалды ұсынуды талап еткен. Олар мәйітті бірге шешіп, жуып, көрпемен жауып, анасын Ажар ұйықтап жатыр деп алдамақ болғаны хабарланды. Бірақ ол кезде марқұм әлдеқашан өліп қалған еді.