Алаяққа сенген 29 елордалық 150 млн теңгесінен айырылды

Алаяққа сенген 29 елордалық 150 млн теңгесінен айырылды

Елордалық 29 тұрғынды шамамен 150 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ құрықталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

34 жастағы астаналық қала тұрғындарына автокөлік, ипотека, қолма-қол несие және инвестиция бойынша көптеген қызмет түрлерін ұсынған.

 

Алаяқтың торына түскен 29 адам Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жүгінді.

 

Түрлі алдаудың схемаларын ойлап тапқан күдікті қыруар ақшаға қарық болған. Алданған халық оған 1-22 млн теңгеге дейін ақша берген.

 

Полицияға Астана тұрғыны хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады. Әйел күйеуінің досына сеніп, оған 1 млн 237 мың теңге бергенін айтты. Ол көлікті несиеге алуға көмектесуге уәде берді. Автонесие алуға қаражаты жетпеген әйелге, микроқаржы ұйымынан тауарлық және несиемен ақша несие алуды ұсынған. Нәтижесінде әйел бес микроқаржы ұйымынан несие және тауарлық несие алған. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, дабыл қаққан.

 

Сол сияқты қаржы мәселесін шешуге көмектесемін деп, өзге де азаматтарды алдауына түсірген.

 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қылмыстық іске қатысты тұлғаға бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, күмәнді операциялардан бас тартуды ескертеді.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста