Алматы облысында екі әйелді зорлады деген күдікті ұсталды

Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Мassaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдер бейтаныс ер адам шабуылдағанын хабарлаған.
Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші оқиғада 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған.
Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткі әсерінен мас күйде болғанын айтқан.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (Зорлау) бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынған.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу