Алматыда «олигархтардың балалары» арасындағы төбелес тергелуде

Алматыда "олигархтардың балалары" арасындағы төбелес тергелуде, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ІІМ телеграм-каналына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес талқыланған видео пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, төбелеске себепші болғандар Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр», - деді полицейлер.





