Алматыда үш адамды көлікпен әдейі қақты: зардап шеккен жігіт мән-жайды айтып берді (видео)

Алматыда үш адамды көлікпен әдейі қақты: зардап шеккен жігіт мән-жайды айтып берді (видео)

Қолдарында қару болды! Алматыда көлік астында жаншылған жігіттердің бірі атыушлы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты.

Аяқ-қолы сынған Сергей Хан ішімдікке сылқия тойған бір топ адам әй-шәйға қарамай, жұдырық сілтеді деп отыр.

Зардап шеккен азамат үндеу жариялаған күдіктілердің анасы оқиғаны мүлдем басқа арнаға бұрғанына қапалы.

Айта кетейік, қаланың ортасында көліктерімен ойқастаған күдіктілердің біреуі әлі ұсталған жоқ. Тілшіміз Сымбат Ғалымбекұлы оқыс оқиғадан жапа шеккен жігітпен тілдесіп қайтты.

Ел аузында жүрген атышулы оқиғаны Сергей Хан аурухана төсегінде жатып есіне алды.

Жанжалдан жапа шеккен азамат: "Дүкеннен шыққанымыз сол еді, бір топ жігіт сес көрсетіп, туысыма жұдырық сілтедіә" - дейді

Ол тап берген қызуқанды жігіттердің әрекетін түсінбей, басқа біреулермен шатастырып алған деп топшылапты.

Сергей Хан, зардап шегуші:

- Көрші ғимаратта жігіттердің бірбіріне айғайлап ерегескендерін көрдік. Бірақ мән бермедік. Көп ұзамай, он шақты жігіт бізге келіп балағаттай бастады. Түсінбедік. Біз – төртеуміз. Басқа біреумен шатастырып алған деп ойладық. Кейін ініме әйшәй жоқ жұдырық сілтеді. Төбелес басталып кетті. Содан кейін көліктеріне отырып, сес көрсеткілері келді.

Ары қарай Гагарин көшесі төбелес алаңына айналып кеткен. Сергей екі жігіттің көлікпен ойран салатынын «ойламадық» дейді. Тіпті, қарсы топтың арасынан қару ұстаған адамды анық көріпті. Қатты соққының салдарынан аяқ-қолы сынған азамат күдіктілердің анасы оқиғаны басқа арнаға бұрып отырғанына наразы.

Сергей Хан, зардап шегуші:

- Қару ұстап жүргендерін көрдім. Атыс қаруы ма оны нақты айта алмаймын. Көлікпен жүрген жүргізушілердің түрін анық көрмедім. Өйткені ағайшу, адам көп болды. Күдіктілердің анасы бізді кінәлап, видео үндеу жариялапты. Айтқандары қаңқу сөздерден құралған. Менің сөзімді куәгерлер растайды.

Осыған дейін көлікпен адамдарды қасақана қаққан жігіттердің ағайынды екені белгілі болған. Жандос Әлекеев қазір қамауда. Ал оның інісі Дінмұхаммед тәртіп сақшыларына ұстатпай жүр. Күдіктілердің анасы күні кеше ғана халыққа видео үндеу жариялап, бауыр еті балаларын ақтап алуға тырысқан еді.

Нәзира Әлекеева, күдіктілердің анасы:

- 25інде жиенімнің туған күні болған. Олар караокеге барды. Әрі қарай не болғанын білмеймін. Естуімше, үлкен ұлым Жандосқа караокеден шыққан кезде шабуыл жасалған. Әдеттегідей, келісе алмай қалыпты. Шабуылдаған адамдар – ересектер, ұлымнан жасы әлдеқайда үлкен.Сол кезде кіші ұлым көлігімен оларды қорқыта бастады. Өйткені олар Жандосты тепкінің астына алған.

Нәзира Әлекееваның сөзінше, ұлдары төбелесқұмар емес. Ағайындылар бар болғаны бір-бірін қорғамақ болыпты. Дегенмен зардап шеккен азаматтар өтірік өрге баспайтынын алға тартып отыр. Мән-жайдың анық-қанығы тергеуаяқталғанда белгілі болмақ. Ол ұзаққа созылатын сияқты.

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста