Алматыда жоғалған ер адамның мәйіті көршісінің ауласынан табылды

Алматыда жоғалған ер адамның мәйіті көршісінің ауласынан табылды

Алматыдағы Кеңсай саяжайының тұрғындары жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамның мәйітін көрші үйдің ауласынан тапты. Тұрғындар еріктілермен бірге көмілген мәйіттің бетін ашып, бірден полицияға хабар берген. Алайда, дене ашық күйінде күннің астында алты сағатқа жуық жатып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Көршілері Эдуард Поповскийдің 31 мамыр кешке үйінен шығып кеткенін айтады. Ал оның өлі денесі тек 4 маусым күні күндізгі төртте табылған. Бұл адам шошырлық оқиғаны қоғам белсендісі Аида Букаева Facebook парақшасында жеткізді.

 

"Эдик-біздің көршіміз. Сәлемі түзу, тәрбиелі, анасының жалғыз ұлы еді. Анасына қамқор жан болды. Эдуард 31 мамырда кешке көршісінің үйіне шығып кетіп, қайта оралмады. Эдуардтың анасы 1 маусым күні дабыл қақты. Ол ұлына бір жағдай болғанын сезді. Өйткені Эдуард байланысқа шықпапты, ал мұндай жағдай бұрын болып көрмеген. Анасы полицияға хабар берді, қалай жоғалғанын бүге-шігесіне дейін айтып берді. Учаскелік полиция келіп, сұрастырды. 2 маусымда ешкім келген жоқ. Анасы Лида күні бойы күтіп-күтіп, көршілермен бірге іздеуге кірісті. Еріктілер көмекке келді. Ол тергеушілерден ұлы соңғы рет барған көршілерін жақсылап сұрастыруды өтінді. Ана жүрегі ұлының жоғалуына сол көршісінің қатысы барын сезді. Бірақ оның сөзін ешкім елемеді.

Бір күннен кейін ғана кинологтар итімен келіп, іздеуді бастады. Ит марқұмның ізіне түсіп, соңғы рет кездескен көршісінің үйіне кеп тірелді. Ал Эдуард соңғы минуттарын бірге өткізген көршілері үн-түнсіз адам жоғалғаны туралы хабарландыруды еріктілермен бірге ілісіп жүрген", - деп жазды Аида Букаева.

 

Кеңсай тұрғыны жоғалған адамның денесі 4 мамыр күндізгі төртте соңғы рет өз аяғымен барған көршісінің ауласынан табылғанын жазды. Көршісі әрі еріктілер тобының мүшесі ауладағы жалғыз аяқ жолдың шетінен жаңа қазылған жерге көзі түседі. Эдуард Поповскийдің денесі сол жерге көмілген болып шықты.

 

"Сол табылған беті түнгі сағат 10-ға дейін дене ашық аспан астында, көз алдымызда сасып, шіри бастады. Жан-жақтан бастықтар ағылды. Көлік қояр жер қалмады. Тергеу екені түсінікті, бірақ дене шыжыған күннің астында неге бес сағат жатуы керек? Кісі өлтіріп, басқалармен бірге ілісіп жүргендерді неге жіберіп алды? Бәлкім бәрін жұмыстан шығарып, іздеуші-еріктілер қатарындағы көрші әйелді жұмысқа аласыздар? Ал денені өз ауласына жасырын көмгендер Кеңсайға ешкім іздеп келмейтініне сенімді болған.

Міне осылай 9000-нан аса тұрғыны бар Кеңсай саяжайы тыныш өмір сүріп жатырмыз. Қылмыстарды өзіміз ашамыз, өзіміз емделеміз, өзіміз жол саламыз, өзіміз электр жарығын жүргіземіз, өртті өзіміз өшіреміз, өйткені олар бізге сусыз келеді, ауыз суды өзіміз тасып ішеміз. Эдуардтың анасы еңіреп қалды. Оған ұлын жерлеуге 300 мың теңгесі де жоқ. Анасы әзірге не болып жатқанын түсінбей жүр", - дейді Аида Букаева.

 

KAZ.NUR.KZ тілшісі осы оқиғаға байланысты қалалық полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды анықтады.

 

"Бұл адамның мәйіті бірнеше күн бұрын Кеңсай саяжайындағы аулалардың бірінен табылды. Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, оны қылқындырып өлтірген. Қылмыстың беті бірден, ізі суымай ашылды. Екі күдікті қолға түсті. Екеуі де таныстары болып шықты.

Күдіктілер өлтіру дерегінің алдында бірге ішімдік ішкен. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда екі күдікті де қамауға алынды", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста