Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды

Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды

Алматыдағы арнайы іс-шара барысында интернет-алаяқтар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Топ құрамында құрамында 27 және 25 жастағы екі әйел бар. Қылмыстың басқа да сыбайластары – 28 және 33 жастағы ер адамдар.

– Айта кетейік, осы күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған алаяқтыққа қарсы республикалық “Anti Fraud” іс-шарасы өтіп жатыр. Осы іс-шара аясында төрт адамнан тұратын топ әшкереленді. Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1,1 млн теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен. Толығырақ айтатын болсақ, ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банктік шотына ақша жіберуді өтінген. Ер адам әпкесінің деректерін пайдаланған алаяқтарға емес, әпкесіне көмектескеніне сенімді болған, — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар – Түркістан облысынан келгендер. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

– Айта кетейік, қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерлері көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша осы қылмыстық істің жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста