Ақтөбе облысында ер адам бөтелкелесін бауыздап тастаған

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы үйлердің бірінде сұмдық жағдай болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы WhatsApp әлеуметтік желісінде видео тарады. Бейнежазбада жерде үсті-басы қызыл-ала қан, тыр жалаңаш ер адам жатыр. Сондай-ақ екі полиция қызметкерінің жүргені байқалады. Олар жедел жәрдем шақырып жатыр. Жерде жатқан адамның тамағынан пышақпен кесіп жіберген.
Әлеуметтік желіге тараған жазбада оқиғаның кеше кешкілік болғаны айтылады.
"Жастық мөлтек ауданында келеңсіз жағдай болуда. Нашақор ма, бірдеңе, жас баланы тамағынан пышақтап, зорлаған. Абай болыңыздар, үйде қалған бала-шаға ешкімге есік ашпасын", - деп жазылған онда.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, азаматтар бірге ішімдік ішкен. Сол кезде бірі екіншісіне пышақ салып алыпты. Оны учаскелік полиция қызметкері ұстап, күдікті қамауға алынған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ал пышақталған адам тірі.





