Ақтөбеде өзінің кішкентай қызын зорлаған тұрғынға іздеу жарияланды (фото)
Ақтөбе облысының полициясы аса ауыр қылмыс жасаған 36 жастағы күдіктіге халықаралық іздеу жариялады.
"2019 жылдың 27 ақпанында Ахметов Ермек Серікбайұлы Ақтөбе қаласы Мир көшесіндегі пәтерде өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлаған. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кетті", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлімі, яғни 14 жасқа дейінгі баланы зорлау бойынша іс қозғалды. Мұндай қылмыс үшін 17-ден 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.
© PHOTO : ДП АКТОБЕ
Күдіктінің бойы - 170-175 см, мығым денелі, беті сопақша, шашы қара, маңдайы биік, қасы қалың, көзі ашық түсті, мұрны үлкен, ерні жұқа, иегі шығыңқы, сақал немесе мұрт қоюы мүмкін.