Ақтөбелік қанішер әйел мен оның ұлын не үшін өлтіргенін айтты

Ақтөбелік қанішер әйел мен оның ұлын не үшін өлтіргенін айтты

Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен күдікті қамауға алынды. 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КҮН.КЗ-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген.

 

Ал 13 жасар оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан. Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды. Ал күдікті қылмысын мойындаған. Қарақшылық жасап, бірнеше адамды өлтіргені үшін айыпталып, тергеліп жатыр.

 

«Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпау шарасымен қамауға алынды»,-дейді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста