Астаналық бойжеткен қызғаныштан құрбысына 24 жерінен пышақ салған

Астаналық студентті құрбысы қызғаныштан 24 жерінен пышақтап, 15 қабаттан лақтырып жіберді. Туыстары қанды қылмысты 23 жастағы бойжеткеннің жалғыз жасағанына сенбей отыр.
Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне қаза тапқан бойжеткеннің анасы Қаламгүл Рысқұлбекова хабарлады. Шымкенттің тумасы, Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті Ұлжан Рысқұлбекова жазғы демалыс кезінде техника сататын дүкенге жұмысқа тұрып, Балжан Шалқарова есімді қызбен танысады. Артынша, жағдайын айтып жалбарынған әріптесіне жаны ашыған Ұлжан бас қаладағы бір бөлмелі пәтеріне уақытша тұруға рұқсат берген.
Қаламгүл Рысқұлбекованың сөзінше, қызы күн сайын анасына қоңырау шалып, жағдайын баяндап отырыпты. 9 қазан күні хабарсыз болғандықтан, Ұлжанды іздеуге туыстары келіп, бойжеткенді таппай қалады. Артынша үйін қарағанда төргі бөлмедегі кілемнің жоғалғанын байқайды.
Дереу полицияға хабар беріп, іздеу салғанда тәртіп сақшылары кілемге оралған қыздың өлі денесін ауладан тапқан. Жедел іздестіру барсысында бірге тұрған құрбысы Балжан Шалқарованы қолға түсіріп, 2 айға қамаған. Тергеу кезінде ол бар қылмысты өз мойнына алып, Ұлжанды не үшін және қалай өлтіргенін де жайып салды.

nur.kz