Азаптау салдарынан өлген жігіттің ісіне қатысты тағы бір полицей ұсталды

Азаптау салдарынан өлген жігіттің ісіне қатысты тағы бір полицей ұсталды

Бұл туралы марқұмның туыстарының адвокаты Талғат Есімов мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Шымкентте Полиция департаменті ғимаратында азаппен көз жұмған қостанайлық Нұрболат Жұмабаевтың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір полиция қызметкері ұсталды.

 

Адвокат қоғамдық резонанс тудырған іске қатысты жаңа дерекпен Instagram-дағы парақшасында жариялады.

 

"2021 жылдың 8 желтоқсанында Полиция департаментінде Нұрболат Жұмабаевты азаптады деген күдікпен Криминалдық полиция басқармасының төртінші офицері ұсталды. Аталған полиция қызметкеріне бұған дейін ресми түрде іздеу жарияланған болатын және тергеу соты оны қамауға алу туралы сырттай шешім шығарған. Жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайды", — деп жазды адвокат.

 

Еске салсақ, 2021 жылдың 8 желтоқсанында Шымкенттегі Полиция департаментінде 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев қаза тапқан еді.

 

Марқұмның туыстары Нұрболат Жұмабаев Шымкентке болашақ жарын алып кету үшін келгенін айтты. 17 желтоқсанда келіннің беташар рәсімін өткізуді жоспарлаған.

 

Оқиға болған күннің ертеңіне марқұм жігіттің әкесі ұлын полицейлер ұрып өлтіргеніне сенімді екенін мәлімдеді. Ал Полиция департаментінің бастығы журналистерге Жұмабаев тергеу кезінде өзін жайсыз сезініп, кенеттен қайтыс болды деп мәлімдеді.

 

Мәйітті экспертизаға алып кірмей тұрып полицейлердің көз жұмған жігіттің әкесіне ақша ұсынғаны белгілі болды.

 

Оқиға болған күні Нұрболат Жұмабаевтың қасында досы Сергей Петров та болған. Ол полицейлер ұрып-соғып, көлік ұрлау дерегі бойынша жасамаған қылмысты мойындатқысы келгенін айтты.

 

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша 31 жастағы Нұрболат Жұмабаевтың неден өлгені белгілі болды.

 

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соғу) қылмыстық іс қозғалды. Алты полицей ішкі істер органдарынан шығарылды.

 

Тергеу сотының санкциясымен үш лауазымды полицей (екі подполковник, бір полковник) екі айға қамауға алынды. Көз жұмған жігіттің әкесінің адвокаты Талғат Есімов жігіттің өліміне қатысы бар өзге де қызметкерлер жауапқа тартылу керектігін айтып, бұл бойынша прокуратураға талап арыз жазатынын жеткізді.

 

Марқұмның денесі 11 желтоқсан күні Қостанай облысында жер қойнына тапсырылды.

 

Дәл осы күні Шымкенттің бас полицейі қайтыс болған жігітке полицейлер тарапынан күш қолданылғанын мойындады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста